Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Өнерлі қыз, өнегелі жеңге


[pic]

1-жүргізуші: Қайырлы күн халайық, өнер сүйген,
Көрермендер көңілге көп ой түйген.
Құттықтаймыз арулар,
аналарды,
Сый тартайық әсем ән, тәтті
күймен.

2-жүргізуші: Жыр арнайық оларға жігері ассын,
Гүл арнайық көңілі шалқып
тассын.
Сыр арнайық жүректі жарып
шыққан,
Нұр арнайық қуатын беріп
жастың.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, аналар, қыз-келіншектер және
көрермендер! Сіздерді алда келе жатқан 8-наурыз мерекесімен шын жүректен
құттықтаймыз! Сіздердің отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық,
бастарыңызға бақыт тілейміз.

2-жүргізуші: Бүгін мерекеге орай мектебімізде өткізілгелі отырған
қыз балалар мен олардың жеңгелеріне арналған «Өнерлі қыз, өнегелі
жеңге» атты сайысқа қош келдіңіздер. Бұл сайыста қыздар мен жеңгелер өз
өнері, білімі, тапқырлығы және шеберліктерін көрсетіп сынға түскелі отыр.

1-жүргізуші: Ендеше сайысымызға қатысушы сайыскерлерді ортаға
шақырайық.
1. «Аққу» тобы
2. «Гүлдер» тобы
3. «Арулар» тобы
4. «Эдельвейс» тобы
5. «Жауқазын» тобы
6. «Көктем гүлі» тобы

Алдымен сайыскер ару, жеңгелеріміздің ішінен білімі мен білігі, бағы
мен бабы қатар жанған жандарды дәл анықтап беретін әділ-қазы алқасымен
таныстырып алайық:
1. Қаласова А.К – оқу ісі жөніндегі орынбасары
2. Сарманов Е.А. – қосымша білім беру педагогы
3. Тілеумағанбетова Г.А – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

2-жүргізуші: Ендеше көрермендерге сайыстың шарттарымен таныстырып
өтейік. Сайыс 9 бөлімнен тұрады.

1. «Сәлем – сөздің атасы» (өз тобын таныстыру)
2. «Сен салт – дәстүрді білесің бе?» (сұрақ-жауап)
3. «Шебердің қолы алтын» (ою өрнек)
4. «Тапқыр болсаң, тауып көр» (пантомимо, ситуациялық жағдаяттан шығу)
5. «Өнерлі өрге жүзер»
6. Ана көрген тон пішер...
7. Сұлулық сыры (шаш үлгісі)
8 Сән үлгісі
9. Көрермендер сайысы

1-жүргізуші: Сәлемдесу атадан қалған салтымыз,
Осы салтты ұстанады халқымыз.
Сайыскерлер өнерді сал ендеше,
Амандасып көріңіздер өзгеше, -
дей келе сайысымыздың алғашқы шарты «Сәлем – сөздің атасы» бөліміне кезек
береміз.

1-жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы өз бағаларыңызды
берсеңіздер.

2-жүргізуші: Көзінің оттарын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым
қылық.
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәсекеге білімділік.
Сайыстың екінші бөлімі «Салт –дәстүр – асыл қазынам» деп аталады.
Екінші шарт бойынша сіздер кеспе қағазда жасырылған ата салтымызға
байланысты сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.
Қазақ халқы салт дәстүрге өте бай ел. Бұл оның мәдениетті, әрі
тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Нағашыбай
Шайкенов «Ұлт дәстүрі – заңнан да биік», - деген. Демек салт дәстүрлі ел –
мықты әрі тұғыры биік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға
ұлт қасиетін салт дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, үлгілі жөн-жосықпен,
әдепті ырым - тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген.
Халқыңа деген құрмет оның салт дәстүрін қастерлеумен бағаланады. Ал,
дәстүр өмір сүру салты, ендеше арулар мен жеңгелерімізді бұл қырынан да
сынап көрелік.

1-жүргізуші: Енді сайыскерлеріміздің бұл сында қаншалықты шымыр
болғанын білсек, қазылар алқасы.

2-жүргізуші: Сайыстың үшінші бөліміне өтейік. «Шебердің – қолы
алтын» дейді атам қазақ. Сөзге де шебер, іске де ұста халқымыздың зор
мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі – оның қолөнері. Бұл
бөлімнің шарты бойынша жеңгелер мен аруларымыз ою ояды. Күрделі әрі ұқыпты
ойылған ою жоғары бағаланады.
Сайыскерлер ою ойып болғанша, 4-5-сынып бүлдіршіндерінің сән
үлгілерін тамашалаңыздар.

1-жүргізуші: Өмір жол емес тақтайдай,
Боласың кейде батқандай.
Қиналған кейбір сәттерде,
Ақылың болсын ақ таңдай; -
4 - бөлім «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталады. Бөлімнің шарты бойынша
жеңгелерге
ситуациялық тапсырмалар беріледі, ал қыз балаларға кеспе қағаздар
таратылады.

2-жүргізуші: Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,
Өнер деген мол қазына, кең екен.
Домбыра тартып, ән айтып
жырламайтын
Өнерсіз қазақ кем де кем.
Шуақ төгіп мерейлі
көңілдерге,
Ұйытқы болсын тыңдаған
көрерменге.
Сынға түскен енді қазір
сайыскерлер,
Өнерлерін көрсетеді сіздерге,-

Келесі 5 - бөлім «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады. Бұл бөлімде сайыскерлер
өз өнерлерін ортаға
салып сынға түседі.

1-жүргізуші: Іс тігетін ерінбей,
Жалқаулыққа берілмей.
Аруларға көрсетсін,
Қол өнерін
күлімдей, – деп «Кесте тігу» 6 - бөліміне береміз. Бұл бөлім шарты бойынша
жеңгелері қайынсіңлілеріне тігіс түрлерін үйретеді. Ал аруларымыз
жалғастырып алып кетуі тиіс.

1-жүргізуші: Келесі бөлім «Сұлулық сыры» деп аталады. Бұл бөлім
бойынша жеңгелер қыздарының немесе қыздар жеңгелерінің шаштарын сәндеп
беруі керек.
Сайыскерлеріміз дайын болғанша, музыкалық сәлемдеме. 9-сынып оқушысы
Наурызбаева Ырысгүлдің орындауындағы «Анашым» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе
ақырын,
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара
қасты
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай
түрін?
Енді сайысымыздың 8-шарты бойынша қазақ халқының ұлттық ерекшелігін
сақтай отырып, замана талабына сай сән үлгілерін дайындау бөліміне кезек
берейік.

1-жүргізуші: Ұлылықтың мықтылығы ағашымен,
Қымыздың күштілігі сабасымен
Бишінің биші болып аталуы
Қол соғып, қошеметтеген
ортасымен – дей келе сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға 8-сыныптың биші
қыздарын шақырамыз. «Түрік» биі. Қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Қазылар алқасы ақылдасып жүлдегерлерді анықтағанша
«Көрермендер сайысына» кезек берейік.
Мен сіздерге жұмбақ жасырамын. Кім бұрын қолын көтерсе, сол жауап
береді. Шешуін тапқан ойыншы ойынды жалғастырады.

1. Қос аяқ жүген қуып,
Жел мықтап үрген қуық
Бірде жөн, бірде лағып
Қашады зыр-зыр қағып. (Доп)
2. Шықса да құламайды,
Құласа да жыламайды. (Мақта)
Сіздерге мақалдың бірінші сөзін айтамын, сіздер жалғасын табасыздар.
1. АНА (Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада)
2. ӨНЕР (Өнер алды қызыл тіл)
3. ӘДЕП (Әдепті бала – арлы бала
Әдепсіз бала – сорлы бала)
4. ЕҢБЕК (Еңбек етсең емерсің)
5. НАН (Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті)
6. ОҚУ (Оқу инемен құдық қазғандай)
7. ЖАҢБЫР (Батыр туса ел ырысы,
Жаңбыр жауса жер ырысы)

1-жүргізуші: Сайыстың аты сайыс, мұнда біреу жеңеді, енді біреу
жеңіледі. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз қазылар алқасына беріледі.

Марапаттау. Сыйлықтар тарату. «Өнерлі қыз, өнегелі жеңге» атағын жеңімпазға
ұсыну.

2-жүргізуші: Ән жырдан көңілдерді қуантыңдар,
Барымен шат-шадымен болыңыздар.
Қоштасайық, келесі кездескенше,
Әрдайым сау-саламат болыңыздар!
Осымен бүгінгі мерекеге орай өткізіліп отырған сайысымыз аяқталды.
Келесі кездескенше! Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!
[pic]
[pic]

[pic] [pic]

[pic]


Ұқсас жұмыстар
Өнегелі салтың бар келер ұрпақ
Ел боламын десең, бесігіңді түзе
"Адамгершілік" – рухани тәрбие беруде халық педагогикасын пайдалану жолдары
Алтыбақан
Аяулы менің ақ әжем
Сырласайық анашым 8-10-сыныптар арасында
Қыздарға, қазақ қыздарына тән биязылықты, инабаттылықты,ізеттілікті ,үйрету және осы қасиеттерді бойларында сақтап, ,өмір тәжірибесінде қолдана білуге қалыптастыру
Жаңа жыл туралы
Қазақ қызы - инабатты ару қыз
Ел жайлауға қонғанда..
Пәндер