2-сынып - 5 сәуір: Тағамдар мен сусындар - жаңа лексика, Present Simple және Аа әрпінің дыбыстық ерекшеліктері

Сыныбы: 2

Күні: 5 сәуір

Сабақтың тақырыбы: Food and drink .

Сабақтың мақсаты: Монологтік және диалогтік айтылым дағдыларын дамыту, жаңа лексиканы енгізу, сөздерді семантикалық белгілері бойынша саралау білімін қалыптастыру, Present Simple шағында етістіктің болымды, болымсыз түрінің қолданылуын белсендіру, Аа әрпінің ашық және тұйық буындарында оқу дағдысын қалыптастыру.

Сөздік қорларын молайту және есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Өзге тілді үйреніп, құрмет тұтуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтына бағыттау.

Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап

Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту

Көрнекілігі: CD ойнатқыш, флэш-карталар, грамматикалық таблица

Пән аралық байланыс: Бейнелеу өнері, қазақ тілі

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру

А) амандасу

Б) түгендеу

II. Сабақтың тақырыбымен, мақсаттарымен таныстыру.

- Балалар, біз өзіміз, өз отбасымыз, мерекелер, өз үйіміз немесе пәтеріміз туралы әңгімелей аламыз. Ал бүгін біз азық-түлікті білдіретін сөздермен танысамыз.

Our theme in our lesson is “Food and drink . ”

ІІІ. Тірек білімді белсендіру.

«Pass the pen» ойыны. (Қаламды бір-біріне бере отырып, бірнеше тақырыпқа )

Фонетикалық жаттығу.

-Балалар, бүгін біз Бенмен бірге Аа әрпінің ерекшеліктерін оқып-үйренетін боламыз. Бұл ағылшын тіліндегі бірінші әріп. Бұл әріп әртүрлі болып оқылады. Мысалы: Cat, jam, hat, ant. Бұл жерде сөздер тұйық буында тұрғандықтан [ǽ] болып оқылады. Ал name, play, cake-сөздері ашық буында тұрғандықтан [ei] болып оқылады. Кәне, осы дыбыстарды айтуға үйренейік!

Listen to me and repeat after me!

[ǽ], [ǽ], [ǽ]

Cat, cat, cat

[ei], [ei], [ei]

Play, play, play

[ǽ], [ǽ], [ǽ]

Ant, ant, ant

[ei], [ei], [ei]

Day, day, day.

IV. Жаңа сабақ.

Жаңа сөздерді енгізу: biscuit, cheese, chocolate, bread, jam, yogurt, milk, butter.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Listen and learn. (Жаңа сөздерді үйрену) .

Дидактикалық ойын:

Әр балаға доп лақтырып, сұрақ қояды: What’s this? (Жаңа сөздердің суреттерін көрсетіп отырады) .

2-жаттығу. What do you like? Finish the sentences. (Сөйлемді аяқтау)

Бүгінгі сабақта берілген сөздердің biscuit сөзінен басқа сөздердің барлығы саналмайтынын және I like/ I don’t like фразаларын түсіндіру. Бұл фразаларды көпше түрде ғана қолданылатынын ескерту.

I like…. . I don’t like… .

3-жаттығу. Pairwork. Ask and answer. (Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, қысқаша жауап береді )

Do you like chocolate? Yes, I do. / No, I don’t.

4-жаттығу. Listen and read.

Look! He likes chocolate. / Look! She doesn’t like yogurt.

5-жаттығу. Say. (She/He likes; She/He doesn’t like құрылымдарын пайдаланып фольклор кейіпкерлерін сипаттайды )

6-жаттығу. Сергіту сәті.

I like oranges,

Oranges, oranges.

They are so yummy

For my little tummy.

I like lollipops,

Chocolate and biscuits.

They are so yummy

For my little tummy.

V. Іс-әрекет тәсілін және білімдерін бекіту.

Дәптермен жұмыс.

1-жаттығу. Write. (Әр суретке сәйкес сөздерді жазу)

2-жаттығу. Put the missing words. (Түсіп қалған сөздерді жазу)

Keys(Жауабы) :

1. doesn’t

2. likes

3. like

4. don’t

3-жаттығу. Answer about yourself (Өздері туралы жауап беру)

4-жаттығу. Write the questions. (Тірек үлгіге сүйене отырып сұраулы сөйлем құрау)

Keys (Жауабы) :

Do you like milk?

Do we like apple jam?

Do they like yougurt?

5-жаттығу. Which word is different. Circle it. (Аа әрпінің оқылуына байланысты артық сөзді белгілеу)

6-жаттығу. Write and pronounce. (сөздерді жазу және оқу)

VI. Сабақты қорытындылау.

-Балалар, бүгін сабақта жаңа не үйрендіңдер? Ата-аналарыңа не жайлы айта аласыңдар?

Ағылшын тіліне аударыңдар: Маған сүт ұнайды. Маған сүт ұнамайды. Оған шоколад ұнайды. Оған шоколад ұнамайды.

-Дұрыс, жарайсыңдар! Well done, children.

Бағалау.

Үйге тапсырма: 3, 6-жаттығулар.


Ұқсас жұмыстар
2-сынып ағылшын тілі сабағы: Sport тақырыбы - лексика және Present Simple болымды және болымсыз түрлері
5-сыныпқа арналған Free time activities тақырыбы бойынша лексика мен осы шақтың (Present Simple) болымды және болымсыз түрлерін оқыту сабақ жоспары
7-сынып: Ұлыбританияның бастауыш білім жүйесі және Present Simple ырықсыз етісін оқыту
Ағылшын тілі сабағы: Food and Drink - тағамдар мен сусындар, саналатын және саналмайтын зат есімдер
Бастауыш сыныпқа арналған К дыбысы мен әрпінің жаңа сабақ жоспары
3-сыныпқа арналған My day тақырыбы бойынша ағылшын тілі сабақ жоспары: a_e дыбыстарының оқылуы, on предлогы және Present Simple қайталау
5-сынып: Ыстық сусындар - шай түрлері және шай демдеу әдістері
Технология пәні (5 сынып): Ыстық сусындар - шай дайындау технологиясы
Кірме, көнерген және жаңа сөздер: лексика мен фольклор түрлерін талдау
Жетіген аспабы: шығу аңызы, құрылымы мен дыбыстық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz