Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Достық жыры
Сабақтың тақырыбы: <<Достық жыры>>
Мақсаты: Егеменді еліміздің болашағы - жастар. Сондықтан ұлы достық, Отансүйгіштік рухтың аса бір қасиетті мәйегі. Оқушыларды Отансүйгіштікке, достыққа, басқа ұлттар тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Қазақстан халықтар Ассамблеясы, елімізде өмір сүріп жатқан ұлттар туралы әңгімелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру.
-Сәлемдесу;
-Оқушылардың назарын сабаққа аудару;
-Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық даярлық.
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз,
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме!-деп,
Сәлемдесіп аламыз.
-Оқушылар, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін бізге әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өткелі жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік.
-Ендеше, бүгінгі сабақта көңіл-күйлеріңіз қандай?
Көңіл күй сипаты:
Орташа- 1 шапалақ;
Жақсы- 2 шапалақ;
Өте жақсы- 3 шапалақ;
Сыныпты ІІІ топқа бөлу.
І топ - <<Сұраушылар>>
ІІ топ-<<Жазушылар>>
ІІІ топ- <<суретшілер>>
ІІ Жаңа сабақ.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем айларын атаңдар.
-Қазір көктем мезгілінің нешінші айы?
-Көктем мезгілінің үшінші айы қалай аталады? (мамыр)
-Мамыр айында қандай мерекелер бар?
-Сонымен 1 мамыр достық мерекесі екен.
Мақалдарды толықтыру арқылы жаңа тақырыпты ашу.
1 Аққуды атпа, ........ сатпа.
2 Адам тамырымен, адам ...... мықты.
3 ...... жоқ адам, тұзы жоқ тағам.
-Балалар мақалымыз не жайлы болып тұр? (Достық жайлы)
-Біздің бүгінгі сабағымыз 1 мамыр достық мерекесіне арналмақ. Т.Сарыбайұлының <<Достық жыры>> атты өлеңімен танысамыз.
Мамыр- жастық мерекесі,
Мамыр-достық мерекесі.
Шалқыған берекесі,
Мамыр- еңбек мерекесі.
Қаулайды жапырақтар,
Жайнайды атырап бар.
Көрікті кең өлкесі,
Мамыр-көктем мерекесі.
І Кіріспе бөлім.
Елімізді мекендейтін 130- астам ұлт өкілдері бар. Оған деген қамқорлық Қаз. Рес Конституциясының баптарында қарастырылған. Онда ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне қарамастан қазақтар мен басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқын құрайтындығы жазылған. Әрбір ұлттың өзіндік ерекшелігі бар. Әрбір ұлт қалыптасқан ғұрыптар мен дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып келеді. Оған жағдай да жасалынған. Атап, айтсақ,1995 жылы Республикамызда Қазақстан халқының Ассамблеясын Елбасының өзі бастап өткізген. Содан бері жылда елімізде бұл үлкен мерекеге айналып отыр.
<<Бірліксіз елдің мәні болмас,
Ынтымағы жоқ елдің сәні болмас>>-деген нақылды халқымыз тегін айтпаса керек.Тәуелсіздік алғанымызға 23 жылдың жүзі өтсе де әлемдегі қуатты елдермен терезесі теңескен жас мемлекетіміздің қанатының астында өркен жайып келеді.Қазақ халқы-ежелден бейбітшіл, бауырмал халық.Қазақстанда көптеген халық тұрады. Олардың бәрі жер шарында бейбітшіліктің болуын қалайды.Көгершін- көп халықтарда бейбітшіліктің рәмізі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Көгершін - дүние жүзінің көптеген халықтары үшін бейбітшілік белгісі. Бейбітшілік нышанын басқа құстарға телитін халықтар да бар. Мысалы: жапондқтар ақ тырналар- бейбітшілік белгісі. Сондықтан олар ақ тырналарды қағаздан жасап, бір-біріне сыйға тартады, яғни бақыт пен жақсылық әрдайым өзіңмен бірге болсын деген ақ ниеттерін білдіреді. Үнді халықтары үшін бейбітшілік белгісі-тауыс құсы. Ал қазақ халқында шынайы тазалықтың, сұлулықтың, бақыттың белгісі- аққу.
ІІ Автормен таныстыру.
Т. Сарыбайұлы.
ІІІ Оқулықпен жұмыс.
А) Өлеңді іштей оқу.
Ә) Тізбектей оқу.
Б) Оқыған шумақтарын түсіндіру.
В) Жеке жұмыс. Өлеңнңғ мағынасын жазу.Дәптер алмастыру. Талқылау. Кімнің жазғаны ұнады, сол оқушы оқиды.
ІV <<Ой қозғау>>
І топ: <<Сұраушылар>> тобы ІІ топқа <<Дос деген кім? << деген сұрақ қояды. Сызба арқылы жауап береді.
Сыр бөлісетін адам.
Дос Көмекке әрдайым дайын адам
Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам.
ІІІ топқа <<Достық дегенді қалай түсінесің?>>
V <<Әдеби-музыкалық бөлім>>
1-оқушы: <<Туысқан ел>>
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бір-бірімен туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз қазақ ,өзбектер,
Монғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр.
Алатау,Кавказ ұласып,
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.
2-оқушы: <<Ағайынбыз бәріміз>>
Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос-бауыр,
Болмасын еш тосқауыл.
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асқар тау,
Жеміс толы бақша-бау.
3-оқушы: <<Достық>>
Ортақ мекен жер шары
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ,жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
4-оқушы:
Бейбітшілік әніміз,
Бауырласпыз бәріміз.
Қазақстан даласында,
Жарасады сәніміз.
Ұлы Отан аясында,
Жадырайды жанымыз.
5-оқушы:
Барлық елдің бөбегі,
Бір-бірімен туысқан.
Бәрімізге төгеді,
Өз шуағын күміс таң.
VІ. Сергіту сәті.
VІІ Тапсырмалар.
І топқа.
Сөзжұмбақ шешу.
ДФОФСФЫФҢФ
БФОФЛФМФАФСФАФ
ІФЗФДФЕФ, АФЛФ
ТФАФПФСФАФҢФ СФАФҚФТФАФ
<<Ф>> әрпін сызып тастасақ, дос жайлы мақал шығады. (Досың болмаса ізде, ал тпасаң сақта.)
ІІ топқа.
Досан сөзіндегі Н әрпінің алдындағы әріпті сыз. Сонан кейін С- әрпінен кейінгі әріпті сыз. Не қалды? <<Дос>> сөзі. <<Дос>> сөзңне дыбыстық талдау жасау.
Д- дауыссыз, ұяң.
О- дауысты, жуан.
С-дауыссыз, қатаң.
ІІІ топқа.
Достық,ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтел айту.
VІІІ Қорытынды.
Ұйғыр,қазақ тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден.
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім, шарықтай бер, кемелден.
Ән: <<Ақ көгершін>>
ІХ. Бағалау.
Әр топ басшылары өз топтарын бағалайды.
Х. Үйге тапсырма.
Өлеңді мәнерлеп оқу. <<Достық аясында>> атты тақырыпқа сурет салу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz