Ежелгі Грекияның мектептері мен ғылыми білімдері

Сабақтың тақырыбы: §27. Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері

Сабақтың мақсаты:

  • 1/білімділік:Оқушыларды ежелгі Грекия жеріндегі тәрбие мектебімен, грек ойшылрады мен ғалымдарының еңбектерімен таныстыру және де Грекия мәдениетінің дүниежүзілік мәдениетке қосқан үлесін ашып көрсету.
  • 2/дамытушылық:Бұл тақырыпты түсіндергенде ежелгі Грекияда оқу-білім, тәрбие беруге ерекше мән берілгендігіне оқушылардың назарын аудара отырып, білімнің қажеттілігін түсіндіру
  • 3/тәрбиелік:Білімді болуға, ғылыми білімнің негізін қалаушыларға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар, карта, кеспе қағаздар, бағалау карточкалары

Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

II Үй тапсырмасын тексеру

§26 Ежелгі грек өнері

ІІI. Үй тапсырмасын бекіту

  1. Пелопоннес аймағы Грекияның қай бөлігінде орналасқан?
  2. Ежелгі Гректер үшін Олимп қаласы нелектен қасиетті жер болып есептелінді?
  3. Қалай ойлайсыңдар, Зевске арналған басты храмның Олимпия жеріне салыну себебі неде?

IV. Жаңа сабақ

§27. Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері

Жоспары:

  1. Ежелгі Грекия мектептері
  2. Ғылыми білімдер
  3. Грек тарихшылары мен философтары
  4. Грек мәдениетінің маңызы

Ежелгі грек тіл білімі орыс. древнегреческое языкознание - Грецияда туған тіл біліміндегі ой-пікір бүкіл Еуропа тіл ғылымының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді. Тілге қатысты жазба материалдары б. з. д. 5 ғасыр шамасынан басталады

Ежелгі грек тіл білімі Гомердің " Илиада " мен " Одиссея " жырларының тілін зерттеуден басталады. Көне заманнан сақталған бұл дастандартілі гректердін сөйлеу тілінен мейлінше алыстап, оларға түсініксіз бола бастаған сон, грек ойшылдары соны зерттеу, айкындаумен шүғылданған.

Ежелгі грек тіл білімі екі кезенге бөлініп қаралады. Онын бірі - философиялық кезен, екіншісі - филологиялық кезен. Бірінші кезен б. з. д. 5-3 ғасырлар арасын қамтиды. Бұл - Ежелгі грек тіл білімі қалыптасуының алғашқы кезені. Мұны қалыптастырушылар философтар болған. Олар тіл мәселелерін лингвистикалық тұрғыда емес, философия тұрғысынан сөз еткен, философияға тәуелді, соның ажырамайтын бір саласы деп есептеген. Ежелгі Грек философтарының тілге қатысты мәселелерден ерекше сөз еткендері - атаудын табиғаты, зат пен онын атауы арасында қандай байланыс болатыны, тілдік қайдан, қалай пайда болғаны және тілдік грамматикасы мен логика арасындагы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер. Героклит бастаған философтар атау заттың табиғатына сәйкес жаратылыстан берілген, сөз - табиғат туындысы лесе, Демокрит бастаған философтар оған қарсы - зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс болмайды, ол екеуінің арасындағы байланыс - шартты, кездейсок деген тұжырым жасады. Демокрит атаулардың жаратылыстан берілген табиғи еместігін тілдерде затты эр түрлі атаумен білдіретін синонимдердің және эр түрлі мағынаны білдіретін омонимдердің болатындығымен, көптеген заттардын тілдік атауларынын болмайтынымен немесе зат атауларының кейде өзгеріп кететінімен дәлелдейді. Мидицина ғылымыныңМидицина ғылымының негізін қалаған ежелгі грек ғалымы Гиппократ болды.

Ежелгі грек тарихының негізін қалаған Геродот болды. Оның Тарих атты кітабы ежелгі Грекия мен Азия, Египет халықтарының тарихын зерттеуге үлкен үлес қосты.

Сондықтан Геродотты тарихтың атасы деп атайды.

V. Қорытынды

Грек ойшылдары мен жазушылары Аристотель, Геродот, Гомер еңбектері көптеген халықтардың өз тарихы мен мәдениетін білуге игілікті әсер етті. Гректер көрші халықтар мәдениетінің озық үлгілерін де үйрене отырып, өзінің төл мәдениетін жасай білді.

VI. Бекіту:

1/Мектеп неше басқыштан тұрды?

2/Қай тап өкілдері оқыды?

3/Ежелгі Грек мектебінде қандай білім негіздері оқытылған?

4/Грек мәдениеті дүниежүзілік мәдениетке қалай үлес қосты?

5/Мидицина ғылымының негізін қалаған кім?

VII. Бағалау

VIII. Үйге тапсырма: § 27 Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері тақырыбына дайындалу


Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Грекияның мәдениеті, ғылымы және білім беру жүйесі
6-сынып: Ежелгі Грекияның өнері мен мәдениеті
Ежелгі Египеттегі ғылыми білімнің негіздері
Тарих пәнінің әдістемелік жоспарлары: Ежелгі Египеттегі ғылыми білімдер және Екінші дүниежүзілік соғыс
6-сыныптың сабақ жоспары: Ежелгі Қытай мәдениеті - Конфуций, Сыма Цянь және ғылыми-өнер жетістіктері
Ежелгі Грекиядағы білім мен ғылым: 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары
6-9 сыныпқа арналған сабақ жоспарлары: Рим Республикасы, ежелгі Грекия мәдениеті мен полистері және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
6-сыныпқа арналған сабақ: Ежелгі грек өнері мен мәдениеті
Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысы: рәсімдеу талаптары және ғылыми жарыстардың ережелері
Спарта және Афина: ежелгі Грекия қала-мемлекеттерінің құрылымы мен салыстырмалы талдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz