Сабақ жоспары :: Дене тәрбиесі

Файл қосу

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар - Дене тәрбиесі

Темиров Бауржан Сабыржанович
БҚО, Бөрлі ауданы, Тихонов ауылы
Тихонов мектеп - балабақша кешені
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Керекті құрал-жабдықтар: үш сақина, үш қап, бір пневматикалық мылтық, үш баскетбол добы, үш теннис ракеткасы, үш кәрзеңке, үш плакат, үш қалам, бір 16 кг кір тасы.

Қатысушылар: Әкесі, шешесі, ұлы, қызы.

Өтілетін орны: Спорт зал.

Сайыстың төрелігін және әділ өтуін қадағалайтын төрешілерді сайлап, сайысты бастадық.

Сәлемдесу, команданы таныстыру.

Үш команданың капитандары ортаға шығып, өз отбасын таныстырады және команданың аттарының мағынасын түсіндіреді.

Сақинамен жүгіру.
Әкесі сақинаны беліне салып айналдырып, сөрені айналып, мәреде тұрған шешесіне сақинаны береді, қалған отбасы мүшелері жеке-жеке осы тапсырманы қайталайды. Қай команда берілген уақыттан бұрын аяқтаса, сол команда 5 ұпайға ие болады.

Кенгурулер сайысы.
Үш отбасы үш қатарға тұрады, әкелері бірінші болып қапты киіп сөреге дейін қаппен секіріп, сөрені айналып, мәреге келеді, содан кейін шешесі, ұлы, қызы қапты киіп сөрені аиналып мәреге келеді. Қай команда дұрыс әрі тез аяқтаса сол команда төрешілердің берген ұпайларын өз қоржындарына салып отырады.

Нысана дәлдеу: (1 минут ішінде)
Үш отбасының топ басшылары ортаға шығып пневматикалық мылтықпен 10 метр жердегі нысананы 5 оқпен дәлдейді, әр нысанадағы белгіленген ұпай сандарды дәлдеген оқтың ұпай саны болып саналады. Ал қалған топ мүшелері төрешілер қойған сұрақтарға жауап беру арқылы, ұпай санын көбейтіп отырады.

Сұрақ жауап.
Топ мүшелері түгел қатысады. Топ басшысы төрешілердің алдында жатқан сұрақтарды алып, отбасымен ақылдасып жауап береді.

Баскетбол добын кәрзенкеге тастау.
Үш отбасы үш қатарға тұрады, 5 метр жерге үш кәрзеңке қойылады, сол кәрзеңкеге отбасының барлық мүшелері бір-бірден допты тастайды, кәрзеңкеге қанша доп түсірген команда сонша ұпайға ие болады.

Теннис шарын ракеткамен алып жүру.
Үш отбасы үш қатарға тұрады, бірінші болып әкесі теннис шарымен кедергілер арқылы өтіп, сөрені айналып, кедергілер арқылы мәреге келеді, содан кейін шешесі, ұлы, қызы өтіп ойынды аяқтайды. Қай команда ойынды дұрыс әрі тез аяқтаса, сол команда төрешілердің берген ұпайларын өз қоржындарына салады.

Ата-аналар сайысы.
Әкесі бір минут ішінде 16 кг кір тасын неше рет көтереді, ал осы уақыт ішінде қалған отбасы мүшелері ілулі тұрған плакатқа барып денсаулыққа байланысты сурет салу арқылы ұпай жинайды.

Қорытынды.
Ұпай саны есептеліп, жеңіске жеткен отбасын марапаттау.

Ұқсас жұмыстар
<<жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар>> эстафеталық ойын
Тақырып - Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жас физик
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жайлы ақпарат
Шешендік өнердің дамуына қажетті алғышарттар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру
Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар
Кім жүйрік
Сайысымыздың бірінші кезеңі
«жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» танымдық сайыс
Пәндер