Топырақтың құрамы мен қасиеттерін зерттеу: 3-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Күні:05. 02. 2015

Сыныбы:3

Пәні:Дүниетану

Тақырыбы: Топырақ.

Мақсаты:
Топырақтың құрамы мен қасиетін зерттеу арқылы ауылымның топырағын анықтау

Міндеті:
1. Топырақтың маңызы мен оның пайдасы жайлы ұғым беру.
2. Топырақтың қасиеттерін анықтау.
3. Ауылдағы топырақтарды жинап, сол топырақтарға сипаттама беру.

Зерттеу болжамы:
Топырақ түрлерін сипаттау. Топырақтың механикалық құрамын және маңыздылығын тәжірибе жүзінде дәлелдеу.
Жұмыстың зерттеу әдістері:

Зерттеудің негізгі әдіс -тәсілдері : зерттеулер, салыстыру, бақылау. сарамандық жұмыс, тәжірибе.

Өзектілігі:
Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген.
Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Адамдарға азық - түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдай тек топырақ арқылы ғана жасалынады.
Топырақ - барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық- түлік, малға жем, киім үшін талшық, құрылыс материалдарын береді.

Кіріспе
Топырақ дегеніміз-жердің өсімдік өсетін құнарлы, үстіңгі қабаты.
Топырақтың құрамын құм, саз, майда иастар, өсімдіктер, ұсақ жануарлардың шіріген қалдықтары (қарашірік) құрайды.
Топырақтың түсі оның құрамындағы осы шіріндіге байланысты өзгереді. Топырақта неғұрлым шірінді көп болса, соғұрлым ол құнарлы болып, өсімдік жақсы өседі.
Топырақтың ең басты қасиеті-құнарлығы. Ол үшін топыраққа минералдық тыңайтқыштар қосу керек.
Өсімдік жақсы өсу үшін топырақта азот, фосфор, калий жеткілікті болуы қажет.
Топырақтан қоректенуде азоттың орны ерекше.
Өсімдікке азот жетпесе өте баяу өсіп, жапырақтары бозара бастайды. Ағаштардың жанама бұтақтары дамымайды.
Фосфор жасуша қабықшасын түзуге қажетті элемент.
Өсімдікке фосфор жетіспесе жемістің түзілуі баяулап, Салмағы кемиді.
Калий жеткіліксіз болса, өсімдік аласа, сабағы әлсіз болады. Түйнек, тамыр жақсы даму үшін де калий керек.
Егін егерде алдымен жерді жыртып, тырмалайды. Ал ауламызда топырақты күрекпен қопсытамыз.
Топырақтың қасиеттерін анықтау
Тәжірибе жасау.
Топырақтың қасиеттері: құм, саз, су, шірінді, микробтар, ауа, тұздар.

Зерттеу бөлімі:
Сарамандық жұмыс
Топырақ құрамын анықтау
Топырақтың құрамын анықтау үшін әр қабатынан бір уыс топырақ алып, аздап су септім.

Сазды топырақ қамырша иленіп, есуге келеді.
Саздақ топырақтан есілген ширатпа үзіліп қала береді.
Құмайт топырақ есуге келмейді. Құмды топырақтың басы бірікпей, қобырап жатады.
Тәжірибе
Шыныдан жасалған 3 үңгі құйғыштың түбін дәкемен бітеп, 1-не саздан, 2-не құмайт, 3-не қарашірік топырағын салып, үстіне бірдей мөлшерде су құйдым. Мақсатым топырақтың қай түрі суды тез өткізетінін, қайсысы аз өткізіп бойына сіңіріп қалғанын және қайсысы мүлдем өткізбегенін байқау. Өсімдіктің өсуі үшін топырақтың суды сіңіруі және бойында ұстап тұру қасиетінің маңызы зор.
Тәжірибеден байқағаным, сазды топыраққа су сіңбей, кілкіп тұрады. Құмайт топырақ суды жақсы сіңіргенімен, бойында ұстап тұра алмайды да, тез кеуіп қалады.
Өсімдіктің өсуіне қарашірігі мол топырақ қолайлы.
Қорыта айтқанда , топырақ- өмірдің нәрі, ол - өмірдің өзі, сондықтан да оны аялау, оны көзіміздің қарашығындай сақтау - бәріміздің табиғат алдындағы азаматтық борышымыз. Табиғат тепе-теңдігі табиғаттың міндетті заңдылығы, оны оқып-үйрену, танып білу әрбір адамның жоғары саналы, экологиялық мәдениеті қалыптасқан тұлға екендігінің белгісі.
Орманда, далада, өзен жағалауында өсетін ағаштарды жыл сайын кесіп азайту зиян. Өйткені, жылда ағаштың сынып түскен бұтақтары, жапырақтары, жемістердің қалдықтары топырақты минералды заттармен байытады.
Топырақты шайылудан сақтау үшін көбірек ағаш отырғызып, көгалдандыру жұмысын жүргізу керек деп ойлаймын.

Сабақты бекіту

Сөзжұмбақ

1. Бақта жүйекті жасап қазатын құрал. (күрек)
2. Жердің өсімдік өсетін қабаты. (топырақ)
3. Топыраққа қажетті негізгі қоректің бірі. (қара шірік)
4. Өсімдіктің өсуіне қолайлы топырақ. (құнарлы топырақ)
5. Өсімдік өсуге жарамайтын топырақ. (саз)

Үйге тапсырма

Топырақ мәтінің оқу

Бағалау

Оқушылардың білімін бағалау

Қорытынды:

Топырақтан өмір иісі шығады,
Оны денең тиіп кетсе ұғады.

Еңбегіңді есесімен беретін

Жақсылық та топырақтан шығады дей келе сабағымды аяқтаймын.


Ұқсас жұмыстар
3-сынып: Топырақтың құрамы және оны зерттеу әдістері
3 «Б» сыныпқа арналған сабақ: Топырақтың құрамы мен ерекшеліктері
3-сынып Дүниетану: Топырақтың түрлері, құрамы және ерекшеліктері
Топырақтың ерекшелігі мен құрамы: қасиеттері, құнарлылығы және компоненттері
5-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ: Конструкциялық материалдар - түрлері мен қасиеттерін зерттеу
Дүниетану 2-сынып: Топырақтың құрамы және тәжірибелік сабақ жоспары
8-сыныпқа арналған сарамандық жұмыс №13: Қышқылдардың қасиеттерін зерттеу
Атмосфераның құрамы мен құрылысы: 6-сыныпқа арналған кіріспе сабақ жоспары
Coca-Cola сусынының құрамы мен адам ағзасына әсерін эксперименттік зерттеу
Суғармалы жерлерде топырақтың су-тұз режимін реттеу және мелиоративтік процестерді басқару: Сырдария төменгі ағысы мен пилоттық телімдердегі зерттеу нәтижелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz