Мектеп тәжірибесінде Кембридж бағдарламасын еңгізудің тиімді жақтары

Ақжайық ауданы
Бітік орта жалпы білім беретін мектеп - балабақшасы
Баяндама тақырыбы:
«Мектеп тәжірибесінде Кембридж бағдарламасын еңгізудің тиімді жақтары»
Дайындаған: оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары
Диляра Қадырғалиқызы Уразбаева
30 қазан, 2014 жыл.
Бүгінгі басты мәселеміз - білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- педагог кадрларды оқыту технологияларымен қаруландыру. Педагогикалық инновацияға, жаңа тәрбиеге даяр жаңа формация мұғалімдерін даярлау соңғы уақыттарда кеңінен айтылуда. Еліміз мұғалімдердің біліктілігін арттыруда Кембридж университетінің әдіс-тәсілдерін меңгертуді мақсат етіп отыр. Білім беру жүйесінде мұғалімдердің біліктілігін арттыруда енгізілген Кембридж университетінің әдістерін еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұғалімдер оқып, жаңа әдістерді өз тәжірибелеріне енгізу үстінде. Ақжайық ауданы Бітік ОЖББМ балабақшасында барлығы отыз бес мұғалім бар. 2012-2014 жылдар аралығында тоғыз мұғалім сертификатталса, қазіргі таңда екі ұстазымыз І және ІІ деңгей курс тыңдаушылары. Пайыздық мөлшерге шаққанда ұжымның 31пайызы бұл бағдарламамен сусындаған. Олар:
9
10
11
Амангалиева Г. К.
Кайсакова А. Б.
Мурзагалиева Ш. К.
ІІІ
І
ІІ
3. 03-25. 05. 2014ж
1. 09-30. 11. 2014ж
1. 09-30. 11. 2014ж
Ұжым болып Оқытудың Кембридж тәсілінің теориялық негіздерімен таныса, зерделей, меңгере отырып, бағдарламаның педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруға көмектесетін негізгі материал болып табылатынын түсіндік. Ұсынылып отырған бағдарламаның негізгі идеясы сындарлы оқыту теориясына негізделіп отыр. Сондықтан да оқушылардың ойлау қабілеті, қалыптасатын білімдері жан жақтан жинаған (мұғалімнен, достарынан, интернеттен, кітаптан, т. б. ) ақпараттарына негізделеді. Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері механикалық түрде есте сақталынып, кейбір жерде ұтымды пайдаланылады, бірақ, мәні терең меңгерілмегендіктен оқушылар оны өмірде тиімді пайдаланбайды. Сол себептен, оқушылардың қалай оқу керектігіне, түсіну қабілетін дамытып, оны керек кезде пайдалана білетін, ойын нақты жеткізе алатын, көзқарасы дамыған, жігерлі тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету - аталмыш теорияның негізгі мақсаты.
Бағдарлама мазмұнының оқыту әдістері заманауи идеялардың жеті негізгі модулі түрінде берілген:
білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер ;
сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау;
білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
талантты және дарынды балаларды оқыту;
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;
білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдер «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» қарастырамыз. Диалог негізінде оқыту оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы өзіндік ой пікірін жүйелеуі мен дамуына септігі мол деп білемін. Жаңа әдіс тәсілдерді тек 45 минут сабақта ғана емес, сонымен қатар барлық мектеп процесіне де ықпалы мол деп айта аламын. Ата аналар жиналысын, пед отырыстардың белгілі бір бөліміне де топтық жұмыстардың артықшылығы айқын байқалды. Мысалы, 11сынып оқушылары, ата аналары, пән мұғалімдерімен «ҰБТ мен үшін. . . . » атты тақырыбында өтілген жиналыста оқушылардың ой пікірлері, ата ана ой толғанысы мен ұстаздардың сауатты түсініктемелері нәтижелі болды.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету Бағдарламаның өн бойында екі тұрғыда қарастырылады. Ол оқушы мен мұғалімнің сыни ойлауын дамыту.
Ұсынылып отырған осы бағдарламадағы модульдер бойынша білім алған оқушы өзін еркін ұстап ойын дәл жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын, тұжырым жасай білетін, бірін-бірі бағалай алатын, көшбасшы бола алатындай тұлға болып қалыптасатынына күмәніміз болмайды. Ең маңыздысы оқушылар өз іс-әрекетін, сыныптастарының, құрбы-құрдастарының іс-әрекеттерін, жетістіктерін бағалауды және жауапкершілікке үйренеді.
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау - оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін (оқушылар бірін бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда) .
АКТ мүмкіндіктерін молынан қолдануға жол ашты. Мысалы, подкаст, подкастинг, визуалдандыру т. б. Бұл модульді еңгізген кезде маман теориялық және тәжірибелік білімдерінің ұштасуына аса мән бергені жөн.
Талантты және дарынды балаларды оқытуда әзірленген кейс стади зерттеулерінің үш жобасында көрсетілген аспектілерді есепке алу маңызды. Соның ішінде үшінші жобада көрсетілгендей, дарынды баланы анықтауда ата ананы тарту міндетін бірден бір өз тәжірибемізге еңгізу үстінде (бастауыш) .
Кәсіби өсу картасына тоқталар болсам,
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz