Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Судың маңызы

Келісемін Бекітемін
Директордың оқу жұмысы Мектеп директоры:
жөніндегі орынбасары: М.Б.Сахова
Б.Азимханова

№ 60 жалпы орта мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы: <<Судың маңызы>>
Пән мұғалімі: Кайназарова Н.
Пән: Дүниетану.
Сынып: 2 <<Ә>>.
Мерзімі:27.11.2014 жыл

2014-2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Судың маңызы.

Жалпы мақсаты: 1. Су тіршілік етуге қажетті жағдайдың бірі
екендігін, су бар жерде тіршілік болатынын ұғындыру.
2. Адамдар тұщы су көздерін тұтынатынын меңгерту.
3. Судың адам үшін маңызы мен пайдасын,
қажеттілігін түсіндіру.
Оқып үйренудің нәтижесі:
1. Су тіршілік етуге қажетті жағдайдың бірі екендігін, су бар жерде тіршіліктің болатынын ұғынады.
2. Адамдар тұщы су сөздерін тұтынатынын біледі, меңгереді.
3. Судың адам үшін маңызы мен пайдасын, қажеттілігін түсінеді, ажырата біледі. Өзен, көл суларын қажеттілікке жарату, оларды қорғау. Бақылайды, тәжірибе жасайды, ойлауға белсенділіктері артады. Ізденеді, ойын еркін айтады.

Сабақтың әдісі: Топтық әдіс, жұптық жұмыс, джико әдісі, тест.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интербелсенді тақта.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың тәрбиелік мәні: экологиялық тәрбие беру.
Кіріктірілген модульдер: АКТ, СТО, көшбасшылық, ОМОЖӘТ модульдері
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
oo Сәлемдесу.
oo Суреттер арқылы топтастыру.
2. Үй жұмысын тексеру
1) 1топ № 1-тәжірибе Судың пішіні болмайды.
Судың түсі болмайды.
2топ № 2-тәжірибе Су - мөлдір.
Судың дәмі болмайды.
3топ № 3-тәжірибе Судың иісі болмайды.
Су ағады, жабысқақ.

2)Тест: Жұптасып орындау

3. Жаңа сабақ: Судың маңызы.
1. <<Сулы - жер , нулы жер>>. Ну дегеніміз - қалың тоғай.
1. Жер бетінде сусыз тіршілік етпейтін ағза кездеспейді. Сондықтан ағзалар денесі 50-ден 90% дейын судан тұрады.
2. Салмағы 70 кг адамның денесінде 50кг су бар.
3. Егер 17 кг суға кемісе, адам халі нашарлайды.
4. Су - табиғатта ең көп таралған зат. Жер бетінің 2/3 бөлігін су алса, 1/3 бөлігі ғана құрылық.
5. Судың тағы бір кереметі ол жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі.
6. Терек өзі бір жазда 2000 литрге жуық суды буға айналдырады.
2.Оқулықпен жұмыс.
<<Джиксоу әдісі>> мағынаны тану, түсіну, бөлісу.

3. Судың пайдасы қандай?
3 топта берілген суреттермен судың пайдасы мен маңызын қорғайды.

4.Сабақты қорытындылау:
Қазақ халқы суды қорғап, қадір тұтумен қатар, оны жалпы халыққа, жануарлар дүниесіне, өсімдік әлеміне тіршілік беруші күш деп атаған.
Судай таза бол.
Мінезің судай жұмсақ болсын.
Дауысың судың сылдырындай әдемі болсын
5. Бағалау
Топ ұпайларын есептеу
Ең, ең, ең үздік топты анықтау

6. Үйге тапсырма:

<<Судың маңызы>> әңгімелеу.
Судың табиғаттағы маңызын айту.
Судың адам үшін маңызын айту.

Топ
аттары

Үй жұмысы
1 мен 3 ұпай
Тест
0 мен 4 ұпай
Оқулықпен
жұмысқа
1 мен 3 ұпай
Сурет қорғауға 1мен 3 ұпай
Қорытын
дылауға 1 мен 3 ұпай
Барлық ұпай
Алған орын
1 топ

2 топ

3 топ

17 ұпай 1 орын

Ұқсас жұмыстар
Cудың маңызы 2 сынып
Су. судың қасиеті дүниетану 2-сынып
Судың тірі ағзалар үшін маңызы
Тақырыпты дамыту сабағы
Cу. судың қасиеті
Судың өмір үшін маңызы, судың қасиеттері, суды қорғау
Оқушылардан Пайдалы қазбалар тақырыбын сұрап қорыту
Дәлелдеп жаз
Тәжірибелік әдіс
Су. дүниетану. 3 класс
Пәндер