Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

У дыбысы мен әріпі

Атырау облысы
Индер ауданы
С.Сейфулин атындағы орта мектеп
Семгалиева Ұлдай Семгалиевна
мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі

Сабақтың тақырыбы: " У" дыбысы мен әріпі
Мақсаты: У дыбысы мен әріпімен таныстыру. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге үйрету.
Білімділігі:У дыбысы мен және әрпімен таныстыру, сөз ішіндегі ерекшелігін меңгерту.
Дамытушылығы: дыбыстардың дауысты, дауыссыз екенін ажырату
Дыбыстық талдау жасауға баланың ойлау қабілетін сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелігі: балаларды достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, ойын әдісі.
Көрнекілігі: У дыбысы мен әрпі,текшелер, аңдар суреті.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
Тренинг
Балалар бүгін сабаққа ұстаздар қонаққа келіп отыр, бүгінгі сабақ ерекше болмақ Балалар шеңбер жасап алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіміздерімізді білдірейік.
-Еліміз тыныш болсын!
-Аспанымыз ашық болсын!
-Нанымыз көп болсын!
-Ұйқымыз тыныш болсын!
-Деніміз сау болсын!
-Сабаққа сәттілік тілеймін!
Жақсы балалар, көңіл-күйіміз жақсы болса көңілді отырып сабағымызды бастайық.
Бүгін аптаның нешінші күні?
Жылдың қай мезгілі?
Жылдың неше мезгілі бар?
II Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
Л дыбысымен.
Қандай дыбыс? Дауысссыз дыбыс. Л дыбысына байланысты сөз айт. Лақ сөзіне сөйлем құра. Өткен дыбыстарға тақпақ айту.
А,Ә,Ғ,Н,П,М,И т.б
Алма, алмұрт егеміз
Айға сапар шегеміз
Алақай-ау, алақай
А дыбысын білеміз.
Ғаламат ерлік көп қандай,
Ғажайып неткен ел еді.
Ғарышты кезген Тоқтардай
Ғарышкер болғым келеді.
Балалар осы дыбыстар нешеге бөлінеді?
2-ге дауысты, дауыссыз. Отан, ана, алма сөзін тақтаға кім жазып береді. Неше дыбыс бар екенін айтамыз.
III. Ба лалар бүгін сауат ашу сабағына жабайы аңдар да қонаққа келіпті, сендердің білімдеріңді, біліктіліктеріңді білгілері келеді екен.Олай, болса білімімізді көрсетейік. Балалар мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?
Жабайы аңдар сендерге тапсырма ларын алып келіпті. Мынау қандай аң?
Қоянның тапсырмасы: Балалар мына суреттегі заттар қай дыбыстан басталады. Сөздің басында естіліп тұрған дыбысты айту. Мысалы: мысық буынға бөлу, сөйлем құрату.
Аюдың тапсырмасы. Аю сендерге көк сандықты алып келіпті, оның ішінде не бар екенін табу үшін жұмбақ шешу.
Бір нәрсе жер мен көктің арасында,
Көрінбейді өзі түгіл қарасы да.
Білінбей жер үстінде жүрсе дағы,
Пайдалы адамзаттың баласына.
Ауа деген сөзде екінші қандаи дыбыс естіліп тұр. У дыбысы.
Бүгін біз У дыбысымен танысамыз. Міне мынау У дыбысының әріп таңбасы. У дыбысы басқа дыбыстар сияқты емес бірде дауысты, бірде дауыссыз дыбыстар қатарына жатады. У дыбысын бәріміз бірге айтайық. Тақтаға ілу,баспа турін жазу.
VI .<> ойыны.
Тау, су, ауа, тауық, уық, аққу.
У дыбысы сөздің басында ортасында аяғында кездеседі.
Жолбарыстың тапсырмасы.
<<Мен бастаймын сен аяқта>>
Айгүл гүлге су құйды.
Мен тауыққа жем шаштым.
Қасқырдың тапсырмасы.
<<Буын жалғастыр>>ойыны.
Ал-ма, мек-теп, ай-на, са-ғат, сә-біз, та-рақ.
Түлкінің тапсырмасы. Сергіту сәті.
VII. Дәптермен жұмыс.
У дыбысын ауада жазу,дәптерге жазу.
Жаңылтпаш айтқызу.
Тау бар, тау бар
Тауда бау бар.
VIII. Қортынды.
Балалар біз жабайы аңдарға өткен сабақта алған білімімізді, жаңа сабақта алған білімімізді көрсеттік. Аңдар сендерге ризашылық білдіріп жатыр.
Қандай дыбыспен таныстық?
У дыбысы қандай дыбыс?
Мадақтау.
Нәтиже. Балалар сабаққа қызығып қатысты.Тапсырмаларды орындауға ұмтылды. Балалардың ойлау қабілеті дамыды.

Ұқсас жұмыстар
Гдыбысы мен әрпі
Г дыбысы, әріпі
Неліктен дауысты дыбыс
Дыбысына байланысты сөз ойла
Оқушылардың құраған мәтінін тыңдау
Қала сөзін әріптер арқылы құрастыру жұмысы
2 сынып. қазақ тілі. дауыссыз б мен п
Г дыбысы мен әріпі
Балаларды тыныштандыру
Ә ә дыбысы және әрпі
Пәндер