Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ою-өрнектердің қолданылу тәсілдері

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы
Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Технология пәні мұғалімі Жанисова Жазира Султанбековна

Пәні: Технология
Сыныбы: 6 б
Сабақ саны: 11
Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнектердің қолданылу тәсілдері
Сабақтың мақсаты: Ою-өрнек туралы түсінік беру.
Білімділік: Қазақ халқының ою-өрнек түрлеріне сипаттама беру және жапсырмалау технологиясын үйрету.
Дамытушылық: Ою-өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ою-өрнек арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін жан-жақты дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндірме, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, <<Ә. Қастеевтің сөзі>>, <<Ою-өрнектер>>
Құралдары: Жапсырма қағаз, ДВП, пышақ түрлері, қайшы
Сабақтың көрнекілігі: Проектор, слайдтар, ағаштан жасалған бұйымдар, плакат, оқулық, ою - өрнек түрлері.
Пәнаралық байланыс: Тарих, биология, сызу, сурет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, кезекші арқылы оқушыларды түгендеу.
Оқушыларды топқа бөлу (суреттер арқылы)
1-топ <<Қошқар мүйіз>> оюы тобы
2-топ <<Айшық>> оюы тобы
Топ басшысын сайлау. Бағалау парағын тарату.
ІІ. Өткен материалдарды қайталау.Ағаш ою тәсілдері
<<Алтын қақпа>> ойыны арқылы үй тапсырмасы сұралады.
<<Тас қақпа>> сұрағы: Ағаш оюдың неше тәсілі бар?
2 тәсілі:бедерлеп ою және жұмырлап ою
<<Темір қақпа>> сұрағы: Бедерлеп ою дегеніміз не?
Тегіс тақтаның бетіне өрнек салуды, шығыңқы етіп мүсіндік бейнелерді жартылай көлемімен мүсіндеуді, ағашқа бедерленетін барельефті айтады.
<<Күміс қақпа>> сұрағы: Жұмырлап ою дегеніміз не?
Тұтас ағаштан шабылатын келі-келсап, аяқ-табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды ою тәсілін жұмырлап ою деп айтады.
<<Алтын қақпа>> сұрағы: Мына схемадағы ағаш ою тәсілдерін жаз.

қиып ою,кертіп ою,
тік оймыштарды жартылай
дөңгелектеу тәсілдері

<<Алтын сандық>> сұрағы: Әр түрлі заттарды, архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған, жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштарды қалай атаймыз? Жауабы: Ою-өрнек
ІІІ. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақты мына мақалмен ашқым келіп отыр: <<Ою ойғанның ойы ұшқыр>>
Өнерді таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Қошқардың мүйізінен үйрендім
Ә. Қастеев.
Слайд арқылы ою - өрнек түрлерін көрсету.
Ою-өрнек, орнамент (лат. ornamentum - әсемдеу, сәндеу) - әр түрлі заттарды (үй-іші мүліктері, тоқыма бұйымдар, еңбек құралдары, қару-жарақ), архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған, жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар.
Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп. Біз сол өрнектердің негізгі элементтерін ғана таныстырып жапсырмалауға ұсынып отырмыз. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа, бір шебердің ұсталық, іскерлік мәнерінен екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан, осы күні кейбір облыстардағы <<қошқармүйіз>> өрнегі бастапқы бейнесінен өзгергенін байқаймыз. <<Ырғақ>>, <<сағатбау>>, <<түйетабан>>, <<жүрекше>>, <<қазтабан>> деп аталатын әдемі өрнектер де кейбір облыс шеберлерінің орындауында түп нұсқасын жоғалтып жүр. Ертеден келе жатқан халықтық мұраны екшеп, тазартуды ойласақ, ең алдымен осындай бұрмалаушылықтан арылып, оны әдемілігіне жеткізе, жаңа түр, жаңа мазмұн бере дамытуымыз керек.
Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт шеберлері екіге бөліп қарайды.
Біріншісі - қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық өрнектері.
Екіншісі - басқа халықтардан ауысқан жаңа туындылардың үлгілері.
Қазаққа ұлттық нақыш беретін оның өзіндік ою - өрнектері.
Ұлттық ою - өрнектерді төрт топқа жатқызады:
1. Жан жануарлар тектес ою - өрнектер.
Қошқар мүйіз - қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, кілем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.
Сыңар мүйіз - кең тараған ою - өрнек үлгісінің бірі. <<Қошқар мүйіздің>> тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді. Сырмақ, текемет, киім-кешектердің жиегіне істетіледі.
Түйе табан - түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. <<Табақша өрнек>> деп те аталады.
Түйе өркеш - түйенің қос өркешіне ұқсайтын өрнек. Әшекейленетін заттардың жиектеріне көбірек істетіледі.
Қос қанатты - құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек.
2. Гүл - жапырақ өсімдік тектес ою - өрнектер.
Гүл (жауқазын) - барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек.
Көбелек - қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек. Шай дорбаға, аяққаптарға істетіледі.
3. Ғарыштық ою - өрнектер.
Жұлдыз - аспандағы жыпырлаған жұлдыздардың натуралы қалпын бейнелейтін және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек.
4. Геометриялық ою - өрнектер.
Ботакөз - сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек.
Қарға тұяқ - қарғаның басқан ізінің үлгісіне ұқсатылып жасалған өрнек. Алаша, кілем тоқуда пайдаланылады.
Тұмарша - үшбұрыш үлгілес болып келетін өрнек. Бұйымдардың жиектерін, ортасын көмкеруде кездеседі.
Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: <<қошқар мүйіз>> оюы молшылықты меңзейді, <<ағаш>> оюы ынтымақ бірлікті, <<ирек>> оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, <<шеңбер>> оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді.
Сергіту сәті.
ІV. Әр топқа тапсырма беру.Постермен жұмыс. Түрлі-түсті қағаздармен ою ойып жапсыру
1 топ. Жан жануарлар тектес және гүл - жапырақ өсімдік тектес ою - өрнектер
2 топ. Космогониялық және геометриялық ою - өрнектер.

Видео ролик (ағаштан жасалған қолөнер бұйымдарына ою-өрнекті жапсырмалау өнері).
V. Сарамандық жұмыс. Ою-өрнек түрлерін ағаштан жасалған тақтайшаларға жапсырмалау
Жұмысқа қойылатын талаптар:
-Жұмысты таза, ұқыпты орындауы
-Композицияның (ою-өрнектің) орналасуы
-Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру
-Техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтауы

<<Қай істе де өнер - қолдан: Өнерлі адам жеңер болған>> Ю.Баласағұни
Ағаш - табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Тоғай ертеден адамдардың негізгі тұрақ жайы болған. Ерте заманнан - ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған. Олар ағаштан аң аулауға қажетті аша таяқ, найза, қада, жебе т. б. заттар жасаған. Адам ағаш өңдеуді тез үйренген. Өйткені ағаш өңдеуге оңай көнетін материал. Пышақ, балта сияқты қарапайым құралдардың көмегімен адамдар үйлерді, көпірлерді, жел диірмендерін, қамалдар мен ыдыс - аяқтар жасаған.
Қазіргі уақытта да біздер ағашсыз өз өмірімізді елестете алмаймыз. Тұрған үйіміз, үй жиһаздары, басқа да тұрмыста жиі қолданылатын заттардың көбі ағаштан жасалған.
Қолөнердің ең көп тараған түрлерінің бірі - бұл ағашты көркемдеп, өңдеу. Ертеден - ақ көшпелі халық тұрмысына қажетті заттарды өздері жасап отырған. Ағаштан түйін түйген шеберлер атқа салатын ерді, тамақ сақтайтын кебеже, киім салатын сандық, әбдіре, киім ілетін - адалбақан, тостаған, саптаяқ, шара, отау, табақ пен тегештерді аса шеберлікпен жасаған.
Ағаштан жасалған бұйымдардың ішіндегі ең көп тараған түрлері жұкаяқ, күбі, ағаштан бүтіндей ойылған астау, келі - келсап, асадал. Бұл бұйымдарды шеберлер күмістен, сүйектен жасалған ою - өрнектермен әрлеген.
Сабақты бекіту тест жұмысы:
1.Ұлттық ою - өрнектерді неше топқа жатқызамыз?
А.5 Ә.4+ Б.3
2. Ою-өрнектердің қанша түрі белгілі
А.300 Ә.400 Б.500 +
3.Аңдарға байланысты ою-өрнек
А.бөрікөз + Ә.алақұрт Б.тайтұяқ
4. Ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру қалай аталады?
А.композиция + Ә.колорит Б.симметрия
5. Қос мүйіз ою-өрнегі қандай түрге жатады ?
А.геометриялық Ә.жануарлар әлемі + Б.аспан денелері
6. Ою-өрнектерде қуаныш пен бақытты қай түс білдіреді ?
А.ақ + Ә.көк Б.жасыл
VІ. Қорытындылау:
Кері байланыс парағын толтыру. Не білдім? Не үйрендім? Нені білгім келеді?
VІІ.Оқушыларды бағалау
Бағалау парағы:
Уақыты: 22.11.2014ж Сыныбы: 6 б
Пәні: Технология Сабақтың тақырыбы: Ою-өрнектердің қолданылуы
Оқушының аты-жөні:

Сабақ барысындағы тапсырмалар
балл
1
Үй тапсырмасы (сұрақ-жауап)
4
1
Ағаш оюдың неше тәсілі бар? Қандай?

2
Бедерлеп ою дегеніміз не?

3
Жұмырлап ою дегеніміз не?

4
Мына схемадағы ағаш ою тәсілдерін жаз.

2
Жаңа ақпаратты түсінуі ( постер қорғау)
2
1
Жұмыстын дизайні.

2
Тақырып толық жеткізілген.

3
Сарамандық жұмыс:
4
1
Композицияның орналастыруы, жұмыстың орындалу реті

2
Түстерді таңдай білу, бұйымды безендіруі

3
Жасаған жұмысын (бұйымды) қорғауы

4
Қауіпсіздік ережелерін сақтай білуі

4
Сабақты қорытындылау (тест сұрақтары)
6
1
Ұлттық ою - өрнектерді неше топқа жатқызамыз?

2
Ою-өрнектердің қанша түрі белгілі

3
Аңдарға байланысты ою-өрнек

4
Ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру қалай аталады?

5
Қос мүйіз ою-өрнегі қандай түрге жатады ?

6
Ою-өрнектерде қуаныш пен бақытты қай түс білдіреді?

Барлығы

Бағасы

18-16 балл - << 5>>
15-13 балл - <<4>>
12-10 балл - <<3>>
9-0 балл - <<2>>

Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау
VIII. Үйге тапсырма: Ою-өрнек туралы мәлімет жинау
ІХ. Жұмыс орнын ретке келтіру.

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы
Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Технология пәні мұғалімі Жанисова Жазира Султанбековна
Сыныбы: 5а

Сабақтың тақырыбы: Ыстық сусындар, шай дайындау технологиясы

Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, тәжірибелік.
Керекті жабдықтар: шайнек, шай, ыстық су, кесе, сүт, қант, шай қасық.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, салауаттану, математика.
Күтілетін нәтиже: шай демдеу тәсілдерін меңгерту.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Журнал бойынша түгелдеу, формасын қарау.
3. Сабаққа дайындықтарын тексеру.
4. Сабаққа назарын аудару, бағалау парағын тарату
II Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақты еске түсіру.
1. Ас бөлмеде қандай тазалықты сақтау қажет ?
2. Бутерброд жасаған кезде қандай техника қауіпсіздікті сақтау қажет ?
3. Бутерброд дайындау үшін қандай құрал - жабдықтар қажет.
4. Бутерброд дайындау үшін қандай тағам түрлері қажет ?
5. Бутербродтың дәмін кіргізу үшін және сәнін келтіру үшін қандай көкөністі пайдаланамыз ?
6. Бутербродты қай мезгілде пайдаланамыз ?
7. Бутербродтың қандай түрлерің білесіңдер ?
8. Бутербродтың сыртын неден жасаймыз ?
9. Нан туралы кім тақпақ біледі ?
10. Нан туралы кім мақал - мәтел біледі ?
11. Үйде бутербродты қалай дайындадыңдар ?
III . Жаңа тақырып түсіндірмесі.

Сөзжұмбақты шешу.

ө
ш
е
р

н
а
н

т
і
л
е
н
б

е
й

б
і
т
е
д

і

е
ң
б
е
к

м
и
я
т

с
ү
й
к
і
м

д
і

к
ү
л
м

е

қ
а

у
ы
н

1.Өнер іздеген өсер, Өсек іздеген ....
2. Ас атасы ...
3. Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарың ........
4. Қына тасқа бітеді, Білім басқа ......
5.Адамды адам еткен .....
6. Өтірік сөз - ұят, Шын сөз - ....
7. Өнерлі бала ........
8. Жығылып жатып, Сүрінгенге .....
9. Көк лағым көгенде жатып семіреді. .....
Жаңа сабақ
Шай әлем халықтарының сүйіп ішетін сусыны. Шайдың отаны - Қытай мен Үндістан, сондай - ақ Жапония мен Цейлонда өседі. Біздің елімізге Ресей арқылы келген.
1638 жылы Михаил Романов патша маңғол ханы Кучинге сыйлық жолдайды. Патшадан келген бағалы сыйлыққа тарту ретінде маңғол ханы 200 қорап шай жібереді. Шайдың көріп, патша мен оның боярлары таң қалысады, қалай пайдалануды білмейді, әуелгі кезде оны дәрі орнына қолданады. Тек бертін келе шайды сусын ретінде ішуді үйренеді. Сөйтіп 1696 жылы Ресей патшасы шай алып келу үшін орыс көпестерін арнайы Шығыс елдеріне жібере бастайды.
С, Р, В тобындағы дәрумендерге бай. Шайдың құнарлығы қант, кілегей, сүт қосқанда едәуір артады.
Шайдың құнарлығы қант, кілегей, сүт қосқанда едәуір артады.
Шай ылғал мен бөтен иісті жеңіл қабылдайды, сондықтан оны құрғақ жерде, өткір иісті заттардан аулақ сақтау керек.
Шайды қыздар мен келіңдер құяды. Қонақтың кеселерін шатастырмай, кесеге шайды толтырмай құю қажет. Ыстық шай шөл қандырып, жанынды жадыратады, суықта ішсең ішсең, жылытады, бойынды сергітеді. Шай туралы қазақ мақалы былай дейді:

Түннен қалған шайды жылтып ішуге болмайды.

(Шығыс мақал - мәтелі) барғой.
<<Жаңа қайнатылған шай - дәру,
Түннен қалған шай - ауру>> .

IV. Дәптермен жұмыс.
Шай демдеу әдісі
Шай демдеу үшін қажетті заттар: ыстық су, шай, шайнек, кесе. Қосымша - сүт, қант, шай қасық.
1. Шайнекті ыстық сумен бір рет шайып, жылытамыз.
2. Үйдегі адам санына қарай қасықпен шайды саламыз.
3. Үстіне қайнаған су құйып, шыққан шайды кесеге құйып, қайтарамыз.
4. Әбден бапталып, дайын болған шайды сүт құйылған кеселерге құйамыз.
V. Тәжірибелік жұмыс. Шай демдеу әдісі.
Мақсаты: шай демдеуді үйрену.
Керекті құралдар: қайнаған ыстық су, шайнек, шай, кесе, сүт, құмшекер, шай қасық.
Ағымдағы жұмыс: техника қауіпсіздік ережені сақтау.
Орындалуы:
- қайнаған су дайындау.
- құрғақ шай түрін таңдау.
- шайнектің ішін шаю.
- шайнекке құрғақ шай салу.
- құрғақ шай салынған шайнекке, ыстық су құю.
- дайын болған шайды кесеге ұсынып құю.
Қорытынды. Олардың шай құйған суын талдау, жақсы құйылған шайды анықтау.
VI. Жаңа сабақты бекіту.
Шайнек ойыны арқылы.
1. Шайдың отаны .
2. Шай қайда өседі?
3. Шай демдеу әдісі.
4. Шай демдеу үшін бізге не қажет ?
5. Шай демдегенде қандай техника қауіпсіздігін сақтау қажет ?
6. Шай қандай дәрумендерге бай ?
VII. Қорытынды.
Не білдім
Нені үйрендім
Нені білгім келеді

Оқушылардың жұмыстары мен жауаптарына салыстыра отырып бағалау, жариялау, журналға, күнделікке қою
.
VIII. Үйге тапсырма . Тақырыпты оқып келу.
Үйде шай демдеп үйрену.

Ұқсас жұмыстар
Ағаш өңдеу жұмыстарымен айналысатын кәсіп иесі
Қазақтың ою-өрнектері. 6 класс
Жан бітіп жайраңдады жан - жағымнан, Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері
Наурыз эмблемасы
Өсімдік тектес өрнекті мүсіндейік
Ұлттық ою-өрнек қолданбалы сәндік өнері бойынша сабақтар кешені
Өрнек әжеде қонақта
"қошқар мүйіз" оюы
Ұлттық ою-өрнектердің қолданылуы және оюды қиюәдістері
Тарих зерттеуші
Пәндер