Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Мен, мектеп және жанұям

2015 жыл
<<Мен, мектеп және жанұям>>
(10-сыныптар арасындағы
презентациялық жарыс)

1-жүргізуші: Армысыздар,құрметті көрермендер,ұстаздар мен оқушылар!
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер,бүгінгі кештің сыйлы қонақтары!
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар,мектебімізде информатика апталығы өтіп жатқанын білесіздер,бүгін сол апталыққа байланысты 10-сыныптар аралығында <<Мен,мектеп және жанұям>> атты сайысымызды өткізгелі отырмыз.Ендеше сайысымызды бастайық!
2-жүргізуші:
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай - адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген
1-жүргізуші:
Оқушы Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.
Ақапарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
Ақапарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың

2-жүргізуші:
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылгандай танымда, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асыгыста
Ойын толқын жатқандай асып - тасып,
Біреу мыгым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар
Жеңсең де жеңілсең де қалма жасып-дей отыра бүгінгі сайысқа қатысушы топтарды ортаға шақырайық
* ___________________________
* __________________________
* __________________________
* __________________________

1 - жүргізуші:
Жылдан - жылға оқу салған ой - арнаң,
Талапкердің толқынымен тулайды,
Сусындалып ғылым шыңның басында
Сұңқар болып білімпаздар шулайды.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты дей отырып әділқазылар мүшесімен таныс болайық.
1. Меруерт апай -информатика пәні мұғалімі
2. Айжан апай - информатика пәні мұғалімі
3. Раушан апай - химия пәні мұғалімі

2 - жүргізуші:
Көңілді тапқыштар, білгіштер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Ендеше сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
* Таныстыру
* <<Құпия жәшік>>
* <<Мен,мектеп және жанұям>>
* <<Өнеріңмен таң қалдыр>>
1-жүргізуші:
Құрметті көпшілік көрерменім,
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім.
Ақжол тілеп үкілі үміттерге,
Таныстыру шартына кезек бердім.
Бірінші кезеңіміз таныстыруды бастаймыз.
2- жүргізуші:
Сайыскерлер білімге қалайсыздар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Қысылмай қымтырылмай тапсырма ал,
Жауап берсең сұраққа , жарайсыздар - дей келе <<Құпия жәшік>> сайысына кезек береміз
1-жүргізуші:
Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс ,досқа, сыныптас , танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа-дей келе келесі <<Мен,мектеп және жанұям>> сайысына кезек береміз.

2-жүргізуші:
Шыңда тұрған шынардай арманы бар,
Білімдерін көрсетті ұл мен қыздар.
Ең соңғы айналымға келіп жеттік
Ойланып отырғанды таң қалдырар- деп ойынымыздың соңғы кезеңі <<Өнеріңмен таң қалдыр>> атты сайысымызды бастайық
1-жүргізуші:
Әділ-қазылар алқасы бүгінгі сайыстың қорытындысын есептегенше әсем әуен тыңдайық.
2-жүргізуші:
Әділ қазы алқалары сөз кезегі өздеріңізде.
1-жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын,
Өмір күрес жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім ,жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс , болсаң егер ұғатын.
Келешекте әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар,
Өнерлілер көбейсін күннен - күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстырар-дей келе сайысымызды аяқтаймыз.
2-жүргізуші:
Келесі кездескенше аман сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Тренинг жоспары
Жанұям-қорғаным,ата-анам-тірегім!
Қуанышты отбасы тыныштық сәті
Мұғалімнің сұрақтарына жауап
Аталар мектебі
Зейін қасиеттері
Слайдтарды демонстрациалау
Атаңның баласы
Power point-пен презентация жасау
Өзін-өзі тану-адамгершілік құндылықтардың негізі
Пәндер