Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Мұқағали Мақатаевтың Елім барда және Анау-аспан, мынау-бақ өлеңі

Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың <<Елім барда>> және <<Анау-аспан, мынау-бақ>> өлеңі
Сабақтың мақсаты: білімділік: Мұқағали Мақатаевтың қазақтың қара өлеңінің құдіреті болғанын танытып, өлеңнің көркемдік қуатын, мәнін жете түсіндіру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу;
дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, шешендік қасиеттерін дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
тәрбиелік: балаларды туған жерін, елін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сатылай, деңгейлеп оқыту.
Сабақтың әдісі: ой шақыру стратегиясы, сатылай кешенді талдау, бес жол өлең, тірек сөздер.
Көрнекілігі: деңгей сәкісі сызбасы, ақын суреті, қанатты сөздер, интерактивтік тақта, сызбалар, кеспелер.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу, олардың қатысымын тексеру. Сабаққа зейіндерін аудару. Сабақтың өтілу мақсатын түсіндіру.
Деңгей сәкісі.
ІҮ Асу Білімділік сатысы
ІІІ Ойлан, тап Эвристикалық саты
ІІ Ой шақыру Алгоритмдік саты
І Сұраймын, Оқушы деңгейі
Жауап бер
Үй тапсырмасын сұрау.
І саты. Оқушы деңгейі. Сұраймын, жауап бер. Мұқағали Мақатаевтың өмірбаянын сұрау. <<Қара өлең>>, <<Қайырлы түн>> өлеңдерін жатқа сұрау.
ІІ саты. <<Ой шақыру>> стратегиясы бойынша өткен сабақты еске түсіру.
Ақын 1931-1976 ж.ж
Поэма, жинақ Мұқағали <<Қара өлең>>, <<Қайырлы түн>>
Сүлеймен, Нағиман Мақатай, Тиін
Осы сызба бойынша алдыңғы сабақта өтілген ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы жетекші сұрақтар қоя отырып әңгімелеу.
Жаңа сабақ.
Мұқағали Мақатаевтың <<Елім барда>> және <<Анау-аспан, мынау-бақ>> өлеңі
Ақынның 5-сыныпта өздерің оқып танысқан <<Үш бақытым>> өлеңінде
Ең бірінші бақытым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің,- деп жырлағандай, ол өз бақытын халыққа қызмет етуден тапқан. Ақынға халық деген ұғымның өзі де өмір деген сөз. Халқы бар болса, адам қор болмайтындығын айтады. Ақынның ең бірінші бақытына балаған халқы, туған жері, елі туралы жазған көптеген өлеңдері бар. Соның бірі бүгінгі сабағымызда оқып танысатын Мұқағалидің өлеңі <<Елім барда>> деп аталады. Ақынның <<Елім барда>> өлеңін оқушылар болып мәнерлеп оқимыз.
Өлеңнің екінші шумағының соңғы екі тармағына зейіндерін аударып, түсінік беремін. Бұл өлең шумағында ақын еліне, жеріне деген, Отанына деген ыстық ықыласын, сүйіспеншілік сезімін жырға қосады.
Жаңа сабақты талдау. Сатылай кешенді талдау жүргізуде материалды белгілі бір жүйемен орналастырған сызба басшылыққа алынады. Оқулықта берілген материал оңайдан қиынға, жеңілден ауырға деген оқыту ұстанымымен негізделсе, сызба да ұстанымды басшылыққа алады. Осы сызба жүйесі бойынша Мұқағалидің <<Елім барда>> өлеңін сатылай кешенді талдау.
Тақырыбы Туған ел, туған жер
Идеясы Туған еліне арқа сүйеу, оның болашағына
сеніммен қарау
Шумақ 3 шумақ
Әр шумақ 4 тармақтан тұрады
Бунақ саны 3 кейде 2

Буын саны 11
Ұйқас түрі 1-шумақ а,а,б,б - егіз ұйқас
2-шумақтар а,а,б,а - қара өлең ұйқас

<<Анау-аспан, мынау-бақ>> өлеңін оқушылармен бірге оқу, мәнерлеп оқытқызу.
М. Мақатаевтың қазақтың ұлы ақыны А. Құнанбаевқа еліктеп жазғандығы белгілі. Енді, екеуінің арасындағы үндестікті талдап көрейік.

Үндестік
Абай Құнанбаев
Мұқағали Мақатаев
Сөз құдіретін тану
Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы,
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара-құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.
Табиғатты
тану
Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Аспан жердің арасын,
Дәрігер қыс алуда,
Табиғаттың жарасын,
Ақ дәкемен тануда.
ІІІ саты. Эвристикалық саты. Ойлан, тап!
1. Диалог. Мұқағалидің <<Менің анкетам>> өлеңінен диалог оқу.
2. Мақал-мәтелдер. Отан, туған жер, халық, ел туралы мақал-мәтелдер айтып, мәнін түсіндіру.

ІҮ саты. Біліктілік саты. Асу.
Бақылау сұрақтары.
1. Ақын М. Мақатаевтың шын есімі кім?
2. Ақын 1948 жылы көрші ауылына ауылдық кеңестің хатшысы болып барады. Ол ауыл қалай аталады?
3. Ақынның атасының есімі.
4. Сүйікті жарының есімі.
5. Мұқағалидің қай ақынға еліктеп өлең жазатын болған?
6. Ақын қай облыста дүниеге келген?
7. Таулар-менің таусылмайтын бақытым.
Ал, ырысым-ұланғайыр кең далам
Бұл үзінді ақынның қай өлеңінен алынған?
8. Халықтың ақынға берген аты.

Үйге тапсырма.
Ақын өлеңдерін жаттау.

Бағалау.
Деңгей сатысы арқылы деңгейіне қарай бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Мұзбалақ ақын мұқағали мақатаевтың өмірі, шығармашылығы
Аққулар ұйықтағанда Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби - сазды кештің сценарийі
Мұқағали поэзиясы
Ақынның Әке аманаты өлеңі
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр. 3-сынып
Етістіктің райлары
Мұқағали мақатаев өлеңдері үш тұғырлы тілде
М.мақатаев "есіңе мені алғайсың" әдеби кеші
Мұқағали мақатаев «фантазия» өлеңі
"бүгін менің туған күнім!" әдеби кеш
Пәндер