Информатика пәні: Білім биржасы зияткерлік ойынының сыныптан тыс іс-шара жоспары

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы

«№11 Қоскөл орта мектебі»КММ

информатика пәні мұғалімі

Тусупбекова Асель Доскеновна

тақырыбы: «Білім биржасы»

(зияткерлік ойын)

Мақсаты:

Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын, алған білімін қорытындылауда, ой-өрісін және танымдық қабілеттерін, ынтасын арттыру мақсатында сыныптан тыс өтілген іс-шаралардың маңызы зор.

ЖОСПАРЫ:

1. «Білім аукционы»

2. «Эрудиттер сайысы»

3. «Сиқырлы қобдиша»

4. «Сыйлықтар аукционы»

І- кезең:«Білім аукционы»

Әр топқа 3 сұрақтан, барлығы - 9 сұрақ оқылады. Сұрақтың бастапқы бағасы - 10 эвро. Топ капитаны бағаны 10 эвродан жоғарлата алады. Ең жоғарғы баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса-баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ өз капиталынан сол ақшаны қайтарады.

ЕСКЕРТУ

Егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда - банкрот. Өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.

1-топ: 1. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі

құрал?/компьютер/

2. Бэббидж машинасына ең алғаш рет 1846 жылы программа жасаған кім?/Ада Лавлейс/

3. Пікір дегеніміз не және оның қандай түрлері бар?

/Пікір дегеніміз-қандай да бір айтылған ой. Түрлері: жеке-жалпы, ақиқат-жалған, жай-құрама/

2-топ: 1. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынасты не деп атаймыз?/интерфейс/

2. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынасты не деп атаймыз?/абак/

3. Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағын не деп атаймыз?/санау жүйесі/

3-топ: 1. Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағын не деп атаймыз?/бит/

2. Сандарды атау және жазу ережелері мен әдістерінің жинағын не деп атаймыз?/арифмометр/

3. Логика дегеніміз не және оның түрлері?/Логика - адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.

Түрлері: формальды және математикалық

ІІ-кезең: «ЭРУДИТТЕР САЙЫСЫ»

Бұл турда топ капитандарына сұрақ қойылады. Берілген уақыт-1 минут, сұрақ саны-9. Әрбір дұрыс жауап құны-10эвро. Бірінші боп жоғары капитал жинаған топ бастайды.

1. Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін қай жылы алды? / 1991 жылы, 16 желтоқсан/

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы? /ШӘКЕН НИЯЗБЕКОВ/

3. Қазақстанның Республика күні? /25 қазан/

4. Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ дыбысталуы әр түрлі сөздер тобы?

/синонимдер/

5. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады? /9 орынды/

6. Компьютердің “миы” ? /процессор/

7. Пернетақта F1-ден F12-ге дейінгі пернелер қалай аталады? /функциялық/

8. РAINT редакторында қандай жұмыс жасаймыз? /сурет саламыз/

9. Түсіндіру, мәлімет, баяндау деген мағынаны білдіретін сөз?/ақпарат/

ІІІ-кезең: «Сиқырлы қобдиша»

Бұл кезеңде қобдишадағы жасырылған суреттер арқылы 4 өлең жолын құрау.

Баға құны-20 евродан 50 евроға дейн көтерілуі мүмкін. Тапсырма орындалысына

Байланысты.

Мысалы: Жануарға ұқсас атым,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын,

Ең қажетті құралмын.

IV-кезең «СЫЙЛЫҚТАР АУКЦИОНЫ»

Аукционға сыйлықтар қойылады. Жиналған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Жасырылған жұмбақтың жауабы дұрыс болса - сыйлық сіздікі. Бастапқы баға - 30 эвро. Ең жоғарғы баға - 7 эвроға дейін.

Тілі бар, үні жоқ,

Өзін адам түсінген.

Жүрегі бар да, қаны жоқ,

Сөйлеп тұрған ішінен. /кітап/

Он екі ақ парақ-

Он екі ақ қанат,

Жауабы әсем-ақ

Сызылған тақталап . /дәптер/

Ол оқушы құралы,

Қатеңді түзетіп тұрады /өшіргіш/

Бірге барып класқа,

Бірге үйіне қайтады.

Оның бетін кім ашса,

Әр бағаңды айтады. /күнделік/

ҚОРЫТЫНДЫ: Барлық қатысқан топтар жинастырылған соммалары бойынша жүлделі орындарға иеленді. . Озық шыққан топтар сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.


Ұқсас жұмыстар
Информатика пәні бойынша Білім биржасы зияткерлік ойынының сабақ жоспары
7-сынып Қазақстан тарихы (сыныптан тыс) пәні үшін Білім биржасы зияткерлік ойынының сабақ жоспары
Мектеп оқушыларына арналған Білім биржасы зияткерлік ойынының сабақ жоспары мен әдістемесі
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар зияткерлік ойыны: 6-сыныптарға арналған сыныптан тыс іс-шара жоспары
Математика әлеміне саяхат: сыныптан тыс танымдық іс-шара
Информатика пәні бойынша сыныптан тыс іс-шаралар мен сайыстардың жинағы
Тарихқа саяхат: тарихи-танымдық сайысқа арналған сыныптан тыс іс-шара жоспары
И. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті колледжінің математика пәні бойынша Жарық жұлдыз интеллектуалды ойынының сыныптан тыс шара жоспары
4-сыныпқа арналған сыныптан тыс іс-шара жоспары: Ойлы болсаң озып көр
Информатика пәні: Photoshop бағдарламасы бойынша сыныптан тыс ашық сабақ - білім сайысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz