Орта ғасырлардағы Қазақстан

Сабақтың тақырыбы: Орта ғасырлардағы Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға 7 сыныпта өткен тақырыптарды еске түсіру, қайталай, пысықтай отырып, алған білімдерін жетілдіру;
- Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық, ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
- Оқушыларды өз елінің тарихын, тілін, дінін, ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: топқа бөлу, интеллектуалды ойын
Сабақтың көрнекілгі: интерактивті тақта, карта, оқулық, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
- Оқушыларды топқа бөлу (үлестіру қағазы арқылы топ мүшелерін анықтау)
Топтың ережесімен таныстыру
1. Мұғалімді тыңдау
2. Бірін бірі тыңдау
3. Уақытқа бағыну
4. Қысқа сөйлеу
5. Марапаттау (Бағалау)
ІІ. Негізгі бөлім:
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихын оқушылар арасындағы тарихи танымдық ойынмен бастаймыз.
- «Қанат қақты » (Сәйкестендіру арқылы әр топқа 10 ұпай беріледі) .
- «Самғау» (картадан орта ғасырлардағы мемлекеттердің орналасқан жерін табу, 5 ұпай беріледі) .
- Шарықтау (Ұяшықтарды таңдап, сол ұяшықтарда жасырылған сұрақтарға жауап беру керек) .
- Шырқау (10 тест сұрақтары беріледі, әр сұрақ 1 балмен есептеледі) .
І тур. «Қанат қақты » (Сәйкестендіру арқылы әр топқа 10 ұпай беріледі) .
Ерте және дамыған орта ғасырлардағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің хронологиясын сәйкестендіру
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
ІІ тур. «Самғау» (картадан орта ғасырлардағы мемлекеттердің орналасқан жерін табу, 5 ұпай беріледі) .
Әрбір топ төменде көрсетілген мемлекеттердің орналасқан жерлерін картадан көрсетеді.
- Түрік қағанаты
- Қимақ қағанаты
- Қыпшақ хандығы
ІІІ тур. Шарықтау (Ұяшықтарды таңдап, сол ұяшықтарда жасырылған сұрақтарға жауап беру керек) .
Тарихи тұлғалар - 10 - Монғол империясының негізін қалаған кім? Шыңғысхан
Тарихи тұлғалар - 20 - Египет билеушісі Бейбарыс сұлтанмен байланыс орнатқан Алтын Орда ханы? Берке хан
Тарихи тұлғалар - 30 - Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек хандар кімнің ұрпақтары? Керей Болат сұлтанның баласы, Жәнібек Барақ ханның баласы.
Тарихи тұлғалар - 40 - « . . . жұрттың айтуына қарағанда, қазақ сұлтандары мен хандарының бір де біреуі бұл халықты дәл Қасым хан сияқты бағындыра алмаған. Оның қарамағындағы атты әскер саны 300 мыңға жуық еді», - деп жазған кім? Бабыр шах
Тарихи ескерткіштер - 10 - Құрылыс жүйесі киіз үйге ұқсас ҮІІІ ғ. Қимақ хандығы мен Қарлұқ қағанаты кезінде басым болған ескерткіш? Дың ескерткіші
Тарихи ескерткіштер - 20 - ХІҮ-ХҮ ғғ. Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің тамаша бір үлгісі? Қожа Ахмет Йасауи
Тарихи ескерткіштер - 30 - ХІ-ХІІ ғғ. өмір сүрген, әулие ата атанған Қараханның қалыңдығы болған ару қыз кім, оның кесенесі қайда орналасқан? Айша-бибі, Тараз қаласы маңында 18 км жерде
Тарихи ескерткіштер - 40 - Қожа Ахмет Йасауи ғимаратының шығыс жағында, 60 м жерде орналасқан, кесене кімге арналған және ол кімнің ұрпағы? Рабиға Сұлтан Бегім, Әмір Темір ұрпағы
Жылдар сөйлейді - 10 - 600*2+6=1206. 1206 ж. қандай оқиға болды? Моңғол мемлекеті құрылды
Жылдар сөйлейді - 20 - 2700/2-2=1348. 1348 ж. қай мемлекеттің негізі қаланды және оны құрған кім? Моғолстан, Әмір Поладшы
Жылдар сөйлейді - 30 - 646/2*4+103=1395. 1395 ж. Әмір Темір қай жерде Тоқтамысты тас-талқан етіп жеңді? Кавказ тауы, Терек өзені
Жылдар сөйлейді - 40 - 260*5+128=1428. 1428 ж. Ақ Орданың ыдырауына байланысты қай мемлекеттің негізі қаланды және бұл мемлекеттен қай хандық бөлініп шықты? Әбілқайыр (Өзбек) хандығы, Қазақ хандығы
Өзге елдермен байланысы - 10 - Меңгу Темірдің тұсында 1271 ж. Алтын Орда қай мемлекетпен байланыс орнатты? Византия
Өзге елдермен байланысы - 20 - Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құру мақсатында қай елмен байланыс орнатты? Моғолстан
Өзге елдермен байланысы - 30 - Хақназар хан тұсында Қазақ хандығы қай елдермен байланыс орнатты? Моғолстан, Өзбек хандықтары, Ресей патшалығы
Өзге елдермен байланысы - 40 - 1635 ж., 1643 ж., 1652 ж. Жәңгір хан тұсында Қазақ хандығы қай елмен соғысты? Жоңғар хандығы
ІҮ тур. Шырқау (10 тест сұрақтары беріледі, әр сұрақ 1 балмен есептеледі)
Тест
- Қазақ хандығының негізін қалаған Барақ ханның баласы:
- Керей
- Бұрындық
- Жәнібек
- Қасым
- Хақназар
- Қазақ хандығы қай жерде құрылды?
- Сырдария бойында
- Батыс Жетісуда
- Ертіс бойында
- Каспий маңында
- Арал маңы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz