Үйкеліс күші. Сілтеме

Алматы қаласы Медеу ауданы № 172 мектеп-гимназиясының физика пәні мұғалімі Джакупова Жамиля Орынбасаровнаның қысқа мерзімді жоспары
- F(үйк/тын) >F(үйк/сырғ) >F(үйк/дом) екенін біледі
- Үйкеліс денелердің материалына, жанасатын беттің кедір -бұдырына байланысты болатынына көз жеткізеді.
- Үйкеліс масса өскен сайын өсетінін біледі.
- Үйкеліс беттердің ауданына байланысты емес екенін біледі.
- Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады.
Ғүйк - үйкеліс күші.
Үйкеліс күшінің түрлері:
- Сырғанау үйкелісі
- Домалау үйкелісі
- Тыныштық үйкелісі
Үйкелістің пайда болу себептері:
- Жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы
- Жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы.
Үйкеліс :
- Жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына;
- Олардың өңделу сапасына;
- Бір беттің екінші бір бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді.
Дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды.
N -нормаль қысым күші. N=mg
Fүйк=µN µ - үйкеліс коэффициенті
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары : (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І. Ұйымдастыру ( 2-3 минут)
1. 1Сәлемдесу
1. 2Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, түгелдеу
1. 2. Топқа бөлу (1, 2, 3, 4, 5 сандары арқылы 5 топқа бөлінеді. Оқушы сыныпқа кіре салысымен қолына топтың номерін алып, белгіленген орынға жайғасады. Бұл әдіс топқа бөлінудегі шуды болдырмайды, әрі уақытты үнемдейді. )
ІІ. Өткенді қайталау ( 5 мин)
Интерактивті тақтада алдын -ала дайындалған карточкалардағы қайталау сұрақтары ашылады. және артынша жауаптары тақта арқылы көрсетіледі.
- Ауырлық күшінің формуласын жаз.
- Салмақтың формуласын жаз.
- 500кг денеге әсер ететін ауырлық күші неге тең?
- Ұшып келе жатқан 100г доптың салмағы неге тең?
- Суретте кескінделген күштерді анықта
- Масштабты пайдаланып теңәрекет күштің мәнін тап.
Интерактивті тақтадан 2-слайдта жауаптары көрсетіліп, топ басшылары қолдарына берілген «Жауап парағын» толтырады.
III. мағынаны тану кезеңі: Жаңа сабақты меңгерту(10 мин)
Сабақтың тақырыбы: Үйкеліс күші.
1. Суреттерге қарап үздіксіз жазу стратегиясы бойынша «Үйкеліс күші» тіркесінің мағанасын ашу.
Жоспары: Үйкелісті сипаттау; үйкелістің пайдасын, зиянын, қолданылуын түсіндіру. Мысал келтіру.
- Суретке қарап үйкеліс күшінің анықтамасын оқушыларға шығарту.
Анықтама: Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады .
- Үйкеліс күштерінің түрлерімен таныстыру
Үйкеліс күшін толық сипаттап, оның қандай шамаларға тәуелді екенін тағайындау үшін 4 топқа (10мин) эксперименттік тапсырма беріледі. Тапсырма жеке тапаққа жазылып, әр топқа алдына қойылады.
1-топ : Сырғанау, домалау, тыныштық үйкелістерін салыстыру.
Керекті құралдар: динамометр, жүк, домалақ қарындаштар.
Жұмыс барысы:
- Динамометрдің бөлігінің құнын анықта. ( 2 ұпай)
- Ағаш білеуді қойып, оның үстіне жүк қойып, тыныштық үйкеліс күшін есепте. (2 ұпай)
- Ағаш білеуді тұрақты жылдамдықпен қозғай отырып, сырғанау үйкеліс күшін өлше. (2 ұпай)
- Екі қарындаш үстіне білеуді қойып, домалау үйкеліс күшін анықта (2 ұпай)
- Әр түрлі үйкеліс күштерін салыстырыңдар. ( 2 ұпай)
- Нәтижесін қорытындылау ( 2 ұпай)
2 -топ : Сырғанау үйкеліс күштерінің жанасатын беттердің материалының тегіне байланыстылығын зерделеу. (12 ұпай)
Керекті құралдар: динамометр, ілмекті жүктер, тегіс қағаз, кедір -бұдырлы қағаз.
- Жұмысты орындау:
- Динамометрдің бөлігінің құнын анықта. ( 2 ұпай)
Ағаш білеуді үстіне жүк қойып, әуелі столмен, сосын тегіс қағазбен, содан кейін кедір -бұдыр қағазбен үйкеліс күштерін өлшеп, кестені толтыр.
Үйкеліс күші неге байланысты? Нәтижесін қорытындылау ( 2 ұпай)
3 -топ : Сырғанау үйкеліс күшінің дене массасының байланысын зерттеу. ( 12 ұпай)
Керекті құралдар: Динамометр, ілгектері бар жүктер.
Жұмыс барысы:
- Динамометрдің бөлік құнын анықтау
- Ағаш білеуді столға қойып, үйкеліс күшін анықта
- Білеудің үстіне жүк қойып, үйкеліс күшін өлше
- Үйкеліс күші дене массасына тәуелді ме?
- Нәтижесін қорытындылау (баяндау)
4 -топ : Сырғанау үйкеліс күшінің жанасатын беттердің ауданына байланысты емес екенін зерделеу. ( 12 ұпай)
Керекті құралдар: динамометр, ілмекті білеу ағаш -2.
Жұмыс барысы:
- Динамометрдің бөлігінің құнын анықтау
- Ағаш білеуді үлкен жағымен столға қойып, үйкеліс күшін анықта
- Білеуді кішкентай жағымен столға қойып, үйкеліс күшін анықта
- Үйкеліс күші жанасатын денелердің бетінің ауданына байланысты ма?
Әр топ өзінің тәжірибесін қорытындылайды.
5- топ : үйкеліс әрекетін техникада ескеру тақырыбына постер құрады, қорғайды . (12 ұпай)
Эксперименттен күтілетін нәтижелер:
- F(үйк/тын) >F(үйк/сырғ) >F(үйк/дом)
- Үйкеліс денелердің материалына, жанасатын беттің кедір -бұдырына байланысты.
- Үйкеліс масса өскен сайын өседі.
- Үйкеліс беттердің ауданына байланысты емес.
Оқушылардың қорытындысын толықтырып, үйкеліс күшінің формуласын түсіндіру.
N- нормаль қысым күші. μ -үйкеліс коэффициенті.
Үйкелістің тұрмыста, техникада пайдалы, зиянды жақтарын бірлесе отырып талдап тақтаға екі графаға оқушылар кезекпен толтырады.
Үйкелісті азайту тәсілі: майлау, подшипниктерді пайдалану, массаны азайту.
Үйкелісті көбейту тәсілі: массаны көбейту, кедір -бұдыр жасау, арнайы материалдарды пайдалану.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Бекіту тапсырмалары: №12 өзіндік жұмыс
Ү. Қорытынды . /бағалау
Бағалау шкаласы: 23 ұпайдан жоғары - « 5» 17-22 - «4», 10-16 - «3»
үйге тапсырма: 32 -тақырып. №14 жаттығу
Жауап парағы
Топ жетекшісі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz