Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы

Жалпы орта білім беретін Совхоз мектеп-балабақшасы

<<Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы>>

<<Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы>>

Мақсаты:
-мерекелік көңіл-күйін құру -анасына, әжесіне сыйластық тәрбиелеу, махаббат тарту
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған не бір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 - наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі <<Ана - гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы>> - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.
Енді балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар. Қошеметпен балаларды шақырайық.
(балалар орындықтардың алдына келіп тұрады)
Хормен

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Құрметпенен сіздерге, бас иеміз біз!
Әмірхан Ең аяулы есім ғой ана деген,
Бар тіршілік бақытты ана менен
Ананы жеткізгенше мұратына,
Білім іздеп лапылдап жана берем
Әдемі Ананың оттай ыстық алақаны
Болған соң ойлайтыны бала қамы.
Баладан анасына мың сан алғыс,
Өйткені ол анасының балапаны.
Мария Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де
Мерекені қарсы алып,
Мәз болады барша жұрт,
Гүл ұсынып анаға,
Бердім өзім ән салып
Ән ...Анажаным

Ленара О, анашым
Таянышым , тірегім.
Бар бақытты бір басыңа тіледім.
Мен жақсы болса екен деп қашанда,
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің
Шынаршын Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана күн,
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
Мадияр Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.
Руслан Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Хормен:Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Нұржігіт: Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.
Бауыржан: Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда
.Дастан: Менің анам не дейді
Инабатты бол дейді
Салт-дәстүрін сақтайтын
Әдепті ұл бол дейді.
Ән <<Айналайын, ақ мамам!>> (отырады)

Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз қыздарға тосын сый дайындап келді ғой . Бізге қонақтарды шақырды. Балалар, оны шақырайық па?
Балалар: Иә!
Бәрі шапалақтайды. Залға сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіздер ме, қымбатты ата-аналар!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, сайқымазақ!
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу! ( балалардың қолынан ұстап амандасады).
Сайқымазақ: Мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін.
Ал қазір мен сендерге акробатикалық номерді көрсетеміз. (Сайқымазақ басына тұрайын деп, құлай береді). (Бәрі күледі)
Жүргізуші: Қой Тили Вили Сен мойыныңды сындырарсың. Оданда біздің балаларымыздың биін қабыл ал.
Ой балалар, балалар
Ойналық та күлейік
Қане енді бұралып
Би билеп те берейік
(Балапан биі)
Сайқымазақ: Қандай жақсы би. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын <<Гүлді жина>> эстафетасы
Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топ 5 баладан. Алдарында орындықтың үстінде бес гүл жатыр. Балалар сол гүлдерді кезек кезек бір бірден алады. Сосын құмыраға салады.
Сайқымазақ: Ал мен әнді жақсы айтамын, маған микрофон беріңіз, моэстро музыку.
(музыка ойнайды, сайқымазақ ырғағына қарамай біресе төмен, біресе жоғары айтады)
Жүргізуші: Тили Вили сен босқа өз тамағыңды шаршатпа. Біздің тобымызда өлең айтатын балалар бар. Қазір бізге қыздарға арнап ән айтып береді.
<< Көктем >> әнін айтады.
Сайқымазақ: Енді құлақтарыңның естуін тексерейік. Қазір сендер көздеріңді жұмып отырыңдар. Ал бір баланың анасы оны <<қошақаным>> немесе <<ботақаным>> деп шақырады. Сендердің мақсаттарың ананың даусын тану.
Ойын <<Ананы дауысынан тану>>
Жүргізуші: Тили Вили сен көп ойындарды біледі екенсің.
Сайқымазақ: Иә, білемін. Тағы ойнаймыз ба, балалар?
Сайқымазақ: Ал, қазір маған 2 бала анасымен ортаға шығады. Балалар аналарына қалай көмектеседі екен, соны көрейік.
<<Кір жуу>> ойыны
Ойын шарты: мамасы кірді жуады, ал баласы оны іліп, қысқышпен қыстырып шығады. Кім бірінші бітіреді сол жеңеді.
Жүргізуші: Рахмет, саған сайқымазақ. Сен бүгін біздің көңілімізді көтеріп тастадың. .
Сайқымазақ: Иә, біз сондаймыз. Біз көп ойындар, әндер де, билер де білеміз, және біз фокустар көрсете аламыз. Сендерге де қазір фокус көрсетеміз.
Фокустар:
Қораптың ішіне айна салып өздерін айнадан көрсету.
Гүлмен. Бір гүлді каробкаға салып, айтады: <<Қазір осы гүл басқа бояумен боянады>>. Шығарса, боянбапты. Ой, неге боянбайды.
Жүргізуші: сиқырлы сөздерді айту керек қой. Балалар, қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер.
Балалар айтады.
Сайқымазақ: Фокус, мокус. (Каробканың ішіне қараса, ішінде кәмпиттер жатыр екен.) Балалар, қараңдар гүліміз кәмпиттерге айналды.
Балаларға кәмпиттер таратылады.
Жүргізуші:
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сауболыңыздар!

Ильяс:
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін
Мерекелі осы күн!

Сәлеметсің бе Алтын күн!
Сәлеметсің бе Жер ана!
Сәлеметсің бе көк аспан!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Дария:
Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар.
Елнұр:
Өзің мені өсірген,
Айналайын ақ әжем.
Тентек болсам кешірген
Шөлдедің бе дана әжем.
Жания:
Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
Жахангир:
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!
Балнұр:
Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау, алақай!
Құстар сайрап, бақтар жайнап,
гүл атты!

Данара:
Айналайын анашым,
Әлпештеген баласын.
Еміп өскен бөбекпіз,
Анамыздың мамасын.
Несібелі:
Анамды мен жақсы көрем,
Айтқан тілін алып жүрем.
Қасымда анам жүргенде,
Шаттанып ойнап- күлем!
Дария:
Мен үшін не керек - бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым, жұмысыңа барасың.
Қайтып мені көргенде,
шын сағынып қаласың.
Айбота:
Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейікші көңілін
Ән салайық бәріміз.

Ән <<Айналайын, ақ мамам!>> (отырады)

Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз қыздарға тосын сый дайындап келді ғой. Бізге қонақтарды шақырды. Балалар, оны шақырайық па?
Балалар: Иә!
Бәрі шапалақтайды. Залға сайқымазақ келеді.
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, достар! Сәлеметсіздер ме, қымбатты ата-аналар!
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, сайқымазақ!
Сайқымазақ: Менің атым Тили Вили. Мен сендерді сонау Америкадан кұттықтауға келдім. Хелоу! Хелоу! Хелоу!
( балалардың қолынан ұстап амандасады).
Сайқымазақ: Мен бүгін мереке бойы сендерді күлдіртіп, көңіл күйлеріңді көтеремін.
Ал қазір мен сендерге акробатикалық номерді көрсетеміз.
(Сайқымазақ басына тұрайын деп, құлай береді).
(Бәрі күледі)

Жүргізуші: Қой Тили Вили Сен мойыныңды сындырарсың. Оданда біздің балаларымыздың биін қабыл ал.

Дария:
Ой балалар, балалар
Ойналық та күлейік
Қане енді бұралып
Би билеп те берейік

(Гүлдермен би билейді)

Сайқымазақ: Қандай жақсы би. Енді мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын <<Гүлді жина>> эстафетасы
Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топ 5 баладан. Алдарында орындықтың үстінде бес гүл жатыр. Балалар сол гүлдерді кезек кезек бір бірден алады. Сосын құмыраға салады.

Сайқымазақ:
Ал мен әнді жақсы айтамын, маған микрофон беріңіз, моэстро музыку.
(музыка ойнайды, сайқымазақ ырғағына қарамай біресе төмен, біресе жоғары айтады)
Жүргізуші: Тили Вили сен босқа өз тамағыңды шаршатпа. Біздің тобымызда өлең айтатын балалар бар. Қазір бізге Ильяс қыздарға арнап ән айтып береді.
Ильяс <<Бағала>> әнін айтады.

Сайқымазақ: Енді құлақтарыңның естуін тексерейік. Қазір сендер көздеріңді жұмып отырыңдар. Ал бір баланың анасы оны <<қошақаным>> немесе <<ботақаным>> деп шақырады. Сендердің мақсаттарың ананың даусын тану.

Ойын <<Ананы дауысынан тану>>
Жүргізуші: Тили Вили сен көп ойындарды біледі екенсің.

Сайқымазақ: Иә, білемін. Тағы ойнаймыз ба, балалар?
Балалар: Иә.
Сайқымазақ: Ал, қазір маған 2 бала анасымен ортаға шығады. Балалар аналарына қалай көмектеседі екен, соны көрейік.
<<Кір жуу>> ойыны
Ойын шарты: мамасы кірді жуады, ал баласы оны іліп, қысқышпен қыстырып шығады. Кім бірінші бітіреді сол жеңеді.

Жүргізуші: Рахмет, саған сайқымазақ. Сен бүгін бізді қызықтырып жүрдің.
Сайқымазақ: Иә, біз сондаймыз. Біз көп ойындар, әндер де, билер де білеміз, және біз фокустар көрсете аламыз. Сендерге де қазір фокус көрсетеміз.

Фокустар:
Саусақпен. Саусақты жұтып алады. .
Гүлмен. Бір гүлді каробкаға салып, айтады: <<Қазір осы гүл басқа бояумен боянады>>. Шығарса, боянбапты. Ой, неге боянбайды.
Жүргізуші: сиқырлы сөздерді айту керек қой. Балалар, қандай сиқырлы сөздерді білесіңдер.
Балалар айтады.
Сайқымазақ: Фокус, мокус. (Каробканың ішіне қараса, ішінде кәмпиттер жатыр екен.) Балалар, қараңдар гүліміз кәмпиттерге айналды.
Балаларға кәмпиттер таратылады.
Жүргізуші:
Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Қымбатты да аяулы аналар! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!! Сауболыңыздар! Көрініс <<Әжесі мен немересі>> <<Дүниеде не қымбат?>>
Немересі: - Әже деймін, әже,
Сұрақ қойғым келеді сізге.
Мен түсінбейтін бір жәйт бар.
Түсіндірші соны бізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде не қымбат?
Әжесі: - Адам қымбат, қалқам.
Немересі: - Адамға не қымбат?
Әжесі: - Бала қымбат, қалқам.
Немересі:- Балаға не қымбат?
Әжесі: - Ана қымбат, қалқам.
Немересі: - Иә, десеңші әже!
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар сізге,
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Әжесі: - Сұрай ғой, қалқам. Не сұрасаң да жауап берейін.
Немересі: - Әже дүниеде не тәтті?

Әжесі: Ананың сүті тәтті.
Немересі: - Дүниеде не қатты?
Әжесі: - Атаның жүрегі қатты.
Қарағым, сауал қойдың көп маған.
Бір ақыл айтайын саған
Тату болса - ағайын жақын,
Ақылшы болса - апайың жақын.
Бауырмал болса - інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын қарындасың.
Немересі:- Түсіндім, әже. <<Дүниеде не қымбат екенін?>> енді мен айтайын:
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - әжең қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!

12345
Категория: Балабақшадағы ертеңгіліктер Просмотров: 20923 | Загрузок: 659 | Рейтинг: 3.3/11
Выбор за Вами

Брендовая мужская одежда по самым выгодных ценам.
lamoda.kz
Толь<<Жүректің жылуын сыйлайыншы анама>>
Музыка залы әсем безендірілген
Жүргізуші: Қайырлы күн!Қымбатты аналар,ақ жаулықты әжелер,әріптестер!
Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар
мерекесімен құттықтаймыз!Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз
жайдарлы бола берсін дейміз!
1бала:Қымбатты әжелер, аналар, апалар, қыздар!
Сіздерді 8наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
Сіздерге зор деңсаулық, мол бақыт тілейміз.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
2бала: Милые мамы, дорогие бабушки, уважаемые воспитатели!
От всей души поздравляем вас с весенним праздником 8марта.
Желаем вам здоровья, счастья и успехов во всем!
3бала: Dear Mummy, Dear Granny!
I want you to be happy!
On the eights of March
I love Mummy, I love Granny
I wish them health
I wish them wealth!
Әуенді вальспен әр бала анасымен жұптасып,бір-бірлеп залға кіреді. Анасын таныстырып,анасына жақсы сөз айтады.
Би: <<Наз>> (аналармен вальс)
Бидің соңында аналарын орындарына апарып отырғызып,сапты бұзбай,жартылай шеңбер жасап тұрады.
Тақпақтар:
1бала: Жанымызды жайнатқан,
Сіздерді ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
2бала: Аппақ мамам, ақ мамам
<<Ақ мамам!>> - деп, шаттанам
Түн ұйқыңды төрт бөліп
<<Бөпешім!>>- деп жатпаған.
3бала: От чистого сердца простыми словами
Давайте ребята потолкуем о маме
Мы любим ее как хорошего друга
Мы можем доверить ей сердце свое
И просто за, то что наша мама
Мы крепко и нежно любим ее.
4бала: Отпустили холода
К нам пришла весна - красна
И не даром праздник мамин
Из весенних самый ранний.
5бала:Mother is the dear rest
Of all the friends I know
She helps me work end
Helps me always
That's why I love she so!
6 бала: I love mother, she loves us
We love daddy, he loves us
He loves us and so you see
We are a happy family
Ән:<<Аяулы анашым>>
Диалог: 1қыз: Аружан қарашы маған Диас сақина сыйлады.
2қыз: Қойшы Дария сақина сыйлағанша одан да неге би сыйламайды
1қыз: Әрине олардың биі де дайын
Екеуі бірге: Ендеше ортаға жігіттердің орындауында би <<Хип-хоп>>
Би: <<Хип-хоп>>
Жүрг: Рахмет, жігіттер қыздарды құттықтап өз өнерлеріңді тарту еттіңдер
Ал, бүгін қыздарды да мерекесі ғой, олай болса қыздарымызды
Мерекеге сәңділейік.
Ойын: <<Аяқ киімдерің табу>>
(қай қыздың аяқ киімі дұрыс табылмаса сол қызды сәнділейді)
Ойын: <<Қыздарды мерекеге дайындау>>
(музыка әуенімен дайын сәнділінген қыздарды залды бір айналдырып орындарына апарып отырғызады.)
Love you,Mummy,very much,
So here's a great big kiss.
For the nicest person in the world-
I love you very much
Mother is the dearest,
Of all the friends I know.
She helps me work and helps me play,
That's why I love her so.
Song: "Mother's Day"
Диалог: 1ұл: ( галстугін дұрыстап)Азамат маған қарашы мен әдімімін бе?
2ұл: И....и...Расул саған не болған?
1ұл : Не болушы еді, қазір біздің қыздар өнер көрсетпекші
2ұл: Ия өмір зымырап бара жатыр,
ал біздің қыздар күннен күнге құлпырып бара жатыр
1ұл:Ия... (күрсініп)
2ұл: И... Расул күрсінбе, ол қыздармен әлі мектепте де кездесеміз
Бірге: Олай болса қыздардың орындауында
Би: <<Таңғажайып әлемінде көбелектермен гүлдер билейді>>
Жүргізушуі: Баласы үшін анашым
Күндері аз ғой көз ілген
Ардақты ана қарызбын өзіңе
Жүрегіңнен күн мейрімі төгілген- дей отырып аналарды ойынға шақырғым келеді.
Ойын: <<Түймедақ гүлі>>
Жүргізуші: Ақ қар еріп, су көбейіп
Сай салада ағады
Бүршік шашып
Жапырақ ашып
Гүл бәйшешек басады...
Мал маңырап, төл жамырап,
Жайлау малға толады.
Айтыңдаршы бөбектерім
Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы: Көктемде!
Музыка әуенімен залға гүлдер шашып Бәйшешек кіреді.
Бәйшешек: Армысыздар балақайлар,
Әзиз әже, назды апайлар
Мол шуақты ала келдім
Қуаныңдар балақайлар
Мен құлпырған бәйшешекпін
Келіп жеттім көктемменен
Шаттаныңдар мейірімді аналар
Бұл мереке тек сіздерге арналар.
Жүргізуші: Рахмет, Бәйшешек біздің балалар сізге сыйлық ретінде дайындаған
тақпақ-әндері мен билері де бар.
Қандай қызық көктемде
Күн шуағын төккенде
Гүл тереміз алуан,
Шығып алып көк белге
Көктем күні керемет
Жаңбыр жауар себелеп
Күн ашылса болғаны,
Көлдеңдейді көбелек.
Бар табиғат нәр алып,
Шыға келер жаңарып
Қызғалдақ боп құлпырап
Көктем - біздің балалық.
Ән: <<Көктем>>
Бәйшешек: Балалар сендердің аналарыңа дайындаған сыйлықтарың қайда?
Екі бала: Мұнда, мұнда біздің сыйлықтар
(деп үлкен пілді жетектеп,залды бір айналдырып кіргізеді де үстіндегі себеттегі жүректерді тәрбиеші балаларға үлестіреді)
Би: <<Жүректен жүрекке>> бидің соңында балалар жүректерін аналарына сыйлайды.
(орнындарына келіп тұрады)
Жүргізуші: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән,беретін гүлім дайын.
Әжетай сені жақсы көремін деп,
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Любит наша бабушка с нами поиграть
Любить наши песенки с нами распевать
Любить наша бабушка музыку и смех
Ну, а пляшет бабушка просто лучше всех
А давайте ребята про бабушку споем песенку
Ән: <<Без бабушки>>
(Балалар орындарына отырады)
Жүрг: Құрметті де ардақты әжелермізді ерекше атап құттықтаймыз. Қариясы бар үйіміздің қазынасы бар деп, халқымыз текке айтпаған ғой, ардақты әжелерімізді ортаға алып бірге ойын ойнасақ қайтеді.
ОЙЫН: <<Құймақ пісіру>>
Амира: Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім, ой келді.
Қуанышты күні енді,
Құттықтаймыз сіздерді.
Жанымызды жайнатқан,
Сіздер ғой аналар
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз аналар.
Райымбек: Аялаған, баптаған, асыраған, сақтаған
Сақтандырып күнде еккен
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс
Данара: Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс
Архат: Адал бол деп-балдырған
Әділдікке баулыған
Жүрегінде махаббат
Тілегің де мархаббат
Анамызға мың алғыс
Ән: <<Апатайым - анашым>>
Жүргізуші: Жігіттер қыздар дайындаған сыйлықтарың қайда?
(<<Сұлу қыз>> әнінің әуенімен залға қыздар болып киінген 2 ұл кіреді , иықтарында су ағаш, ал шелектерінің ішінде сыйлықтар)
Екеуі: Біздер қыздарымызға арнап сыйлықтар дайындадық.
Қабыл алыңыздар қыздар!
Ән: <<16 қыз>> (әзіл сықақ ән ұлдардың орындауында)
Бәйшешек: Менің де балаларға әкелген сыйым бар, қабыл алыңыздар!
( Үлкен Пілмен себет кіргізеді.Сыйын үлестіріп болған соң қоштасып шығып кетеді)
Жүргізуші: Осымен құрметті аналар, әжелер
Біздің балаларымыздың дайындаған
Мерекелік шарамыз аяқталды!
Келесі кездескенше сау-сәлеметте болайық.

14
РаТақырыбы: Ана - өмірдің шуағы.

Мақсаты: Ана - өмірдің шуағы, ана - өмір гүлі, анаға тек ұлылық тән екенін ұғындыру. Анаға деген бала махаббатын ояту: Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көріністер, әндер, суреттер, ойынға қатысты көрнекіліктер, буклет. Плакатқа жазылған нақыл сөздері.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сахна төріне тұрғызу.

1 - жүргізуші: Құрметті асыл аналар, әжелер мен қыздар!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын
8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.

2 - жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін, көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!

1 - жүргізуші: Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың махаббаты, ананың ыстық құшағынан қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің нұры да, ананың шапағат мейіріміне жетпейді.

2 - жүргізуші: Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың.

1 - жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол - анамыз.

2 - жүргізуші: Бүгінгі 8 - наурыз - аналар мерекесіне арналған <<Ана - өмірдің шуағы>>
атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін.

1 - жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арнап жазған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

1 - оқушы:
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

2 - оқушы:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген - бәйтерегі өмірдің
Ана деген - алтын қазық, алтын бақ.

3 - оқушы:
Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.

4 - оқушы:
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

5 - оқушы:
Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.
6 - оқушы:
Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.

7 - оқушы:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

2 - жүргізуші:
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, меніңше сүй, - деп, Абай атамыз айтқандай оқушымыздың орындауындағы <<Аяулы анашым>> әнін, қабыл алыңыздар.

Ән <<Аяулы анашым>>

2 - жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге - демекші, ендігі кезекте қазақтың <<Қазақ биі>>, қабыл алыңыздар.

Би <<Қазақ биі>>

1 - жүргізуші:
Дүние ойдан шығалы,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып, - дей отырып, ендігі кезекті әнге берейік.

<<Асыл әже>> әні

2 - жүргізуші:
Ойын <<Ананың алақанын сипап сезу>> Үш баланың көздерін жауып байлаймыз. Аналардың орны ауысқаннан кейін, балалар көздері байлаулы күйде барлық аналардың алақанының арасынан, өз анасының алақанын сипап сезу арқылы табу керек.

2 - жүргізуші:
Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл күйлер.
Алдарыңызда қазіргі үнді биі,
Таң қалдырып қанекей би билеңдер, - демекші, ендігі кезекте <<Үнді биі>>, қабыл алыңыздар!

<<Үнді биі>>

2 - жүргізуші:
Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын да,
<<Ана>> деп біздің халық текке айтпаған, - деп кезекті көрініске береміз.

Көрініс <<Әжесі мен немересі>> <<Дүниеде не қымбат?>>
Немересі: - Әже деймін, әже,
Сұрақ қойғым келеді сізге.
Мен түсінбейтін бір жәйт бар.
Түсіндірші соны бізге.
Бірінші сұрағым сізге:
Дүниеде не қымбат?
Әжесі: - Адам қымбат, қалқам.
Немересі: - Адамға не қымбат?
Әжесі: - Бала қымбат, қалқам.
Немересі:- Балаға не қымбат?
Әжесі: - Ана қымбат, қалқам.
Немересі: - Иә, десеңші әже!
Түсінбеппін осы жайды.
Тағы бір сұрағым бар сізге,
Қатты мен жұмсақ жайлы.
Әжесі: - Сұрай ғой, қалқам. Не сұрасаң да жауап берейін.
Немересі: - Әже дүниеде не тәтті?

Әжесі: Ананың сүті тәтті.
Немересі: - Дүниеде не қатты?
Әжесі: - Атаның жүрегі қатты.
Қарағым, сауал қойдың көп маған.
Бір ақыл айтайын саған
Тату болса - ағайын жақын,
Ақылшы болса - апайың жақын.
Бауырмал болса - інің жақын,
Алдыңа тартқан адал асың,
Қимас жақын қарындасың.
Немересі:- Түсіндім, әже. <<Дүниеде не қымбат екенін?>> енді мен айтайын:
Алтын ұяң - Отан қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын - анаң қымбат.
Мейірімді - әжең қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат!

Ойын <<Жылы сөздер>>. Аналар өз балаларына берілген әріптерден басталатын жылы сөздер айтады.
1 - жүргізуші:
Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін.
Таң қалдырып, қанекей би билеші,
Қол соғып, демеу берсе көрермендер!
Сахнада <<Вальс биі>> қабыл алыңыздар.

1 - жүргізуші:
Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күніңмен, - деп, ендігі кезекте <<Апатайым - анашым>> әні, қабыл алыңыздар!

Хор <<Апатайым - анашым>>
8 - оқушы:
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесің тойлаймыз - дей отырып, біздің сыныптың ер жігіттері қыздарды құттықтап жіберсек дейік.

2 - жүргізуші: Ардақты, аналар, әжелер мен апалар! Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін.

1 - жүргізуші: Деңдеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз. Жүздеріңізден күлкі қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. Еңбектеріңіз табысты болып, шаңырақтарыңызға құт - береке дарысын! Аспанымыз ашық, мемлекетіміздің іргесі берік болсын!

ответил dina on 6/2/14
Арыздану
"8- ші наурыз - Аналар күні"

<<Ана өмір шуағы>>

Жүргізуші: Қымбатты аналар, әжелер, құрметті қонақтар!

8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

1-ші жүргізуші: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Аналардың мерекесін бастайық.

Көздеріңнен көрем шаттық арайын,

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.

2-жүргізуші:Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең шуағың аясындай гүл бақтың

(Көңілді музыка ырғағымен ән-күй залына балалар би билеп кіреді.

Аружан:-Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар! Ақ жаулықты аналар әжелер, асыл да, аяулы аналар, балабақшамыздың ұстаздары, ару қыздар!

Бағлан: -Сіздерді 8-наурыз халықаралық аналар күнімен құттықтаймыз!

Диляра:- Білесің бе, Бағлан ана деген керемет асыл жан, менің анам кішкентай кезімде не айтсам соны алып беріп, түн ортасында шөлдесем тұрып шырын беретін.

Бағлан: Ал, менің анам ұйықтар алдында ән, ертегі айтып, ұйқыдан оянғанымда жүрегіме жылу беретін сөздер айтады

Аружан: -Ән демекші бүгінгі аналарға арналған мерекемізді әнмен бастасақ, оған қалай қарайсың?

Диляра:- дұрыс айтасың Аружан. Мейірімді де, сүйкімді аналар мен әжелерге арнап ән айталық.

Бағлан:- <<Анашым>> әнін сіздерге арнаймыз. Қабыл алыңыздар!

Ән << Анашым>>

Ажар: Ең аяулы есім ғой ана деген,

Бар тіршілік бақытты анаменен

Ананы жеткізгенше мұратына,

Білім іздеп лапылдап жана берем

Ананың оттай ыстық алақаны

Болған соң ойлайтыны бала қамы.

Баладан анасына мың сан алғыс,

Өйткені ол анасының балапаны.

Аружан: Қамқорым да сенсің ана,

Сенсің ана ақылшым да.

Ұланыңды қасыңа алып,

Бастай бер алыс шыңға.

Жүретінім сенің жолың,

Жалтақтамай, аялдамай.

Асыл анам өмір бойы,

Ұшамын мен саған қарай.

Мансур:Өмірдің иесі сен, ғазиз ана.

Келтірген дүниеге нелер дана.

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ,

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен,

Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең.

Аналық махаббатың кәусәр бұлақ,

Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ.

Дияс:Өмірге ана бұлақ ана пана,

Өмірді өркендетер ана ғана.

Өсірген талай көсем талай шешен.

Талай ер, талай ақын, талай дана,

Ана, ол біздің елде ардақты адам,

Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

Өзінің аяулысы Отанына

Ана деп біздің халық текке айтпаған.

Дарина:О, анашым

Таянышым , тірегім.

Бар бақытты бір басыңа тіледім.

Мен жақсы болса екен деп қашанда,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің

Бағлан:-Құрметті аналар біздің қыздарымыздың орындауында <<Гүлдер>>биі сіздерге арналады.

<<Гүлдер>>биі

Тақпақтар: Амир, Таир, Алишер, Ясмин

Амир: Ақ жүректе сақтаған,

Жарқын күлкің бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйемін,

Келші, келші ақ мамам

Алишер;Анам, анам, ақ анам

Менде өзіңдей ақ болам.

Айтқан тіліңді аламын,

Жұмсағанда барамын.

Ақ төсекке жатқызсаң,

Көзіңді жұма қаламын.

Ясмин:Құшағыңа кіргенде

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де.

Сегізінші Наурызбен

Құттықтаймын, анашым,

Диляра: -Келесі әнімізді құрметті тәрбиешілерімізге арнаймыз

Ән <<Көктем>>

Таир, Аяжан, Арнур,Абылайхан,Абылай,Маратова

Таир:Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Аяжан:Ақ әжемді әрқашан,

Сыйлап жақсы көремін.

Қуантайын деп оны,

Өлең айтып беремін

Абылайхан: Менің әжем жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман есен жүр әжем.

Дильназ Маратова:Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Арнур:Менің әжем - гүл әжем,

Алтын әжем, күн әжем.

Апам үшін, мен үшін,

Нағыз ана - тілі әжем!

Абылай:Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі

Аружан:- Құрметті ақ жаулықты әжелер келесі әнімізді сіздерге арнаймыз

Ән << Әже>>

Бағлан:- Келесі тамашалайтындарыңыз орыс биі

Би <<Қасықшылар>>

Тақпақтар:

Алина:Жер бетінің ғұмыры,

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы,

Анамыздан тарайды.

Алуа:Әлпештеген баласын,

Ана бақыт, ана күн,

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

Аделия:Жердегі бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен.

Бұл жалғанда анамнан,

Сүйікті адам барма екен.

Ойындар:

1. <<Гүл ашылды>>

2. <<Мен әдемімін>>

Мақал айтысы

Аяжан--Аңсар-Аймира-Асанәлі

1. Ана ең жақын, әрі ыстық адам.

2. Ана ең аяулы жан.

3. Ана, ана, ана - не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз.

4. Жақсылық атаулының барлығы да анасүтінен жаралған.

5. Ана-деген бәйтерегі өмірдің

6. Ана-деген қуанышы көңілдің.

7.Ана-деген әрбір үйдің жылуы.

8.Ана-деген асыл жандар болаттай.

9.Ана-деген-мөлдір жандар бұлақтай.

10. Ана-ол біздің елде ардақты адам.

11. Кіші де, үлкен де оны ардақтаған.

12. Әлемде өзгермейтін 3 ақ зат бар, ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі.

Бағлан: Ару қыздар біздің әніміз сіздерге арналады

Ән <<Қызыл гүлім-ай>>

Дильназ Максотова:Мерекені қарсы алып,

Мәз болады барша жұрт,

Гүл ұсынып анаға,

Бердім өзім ән салып.

Альмира:Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым,

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де!

Адель: Наурыз күні ана күні ,әлем күні,

Әлемді тебірентер ана үні.

Анасыз жан туған жоқ жер бетінде,

Ұғып ал бөбектерім сендер мұны.

Диляра: -Келесі биіміз балабақша қызметкерлеріне арналады

<<Матростар биі>>

Қыздардың орындауында ән <<Көктемде>>

Аналарға сыйлықтар

Ең аяулы есім ғой ана деген,
Бар тіршілік бақытты ана менен
Ананы жеткізгенше мұратына,
Білім іздеп лапылдап жана берем

Ананың оттай ыстық алақаны
Болған соң ойлайтыны бала қамы.
Баладан анасына мың сан алғыс,
Өйткені ол анасының балапаны.

Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де

:Мерекені қарсы алып,
Мәз болады барша жұрт,
Гүл ұсынып анаға,
Бердім өзім ән салып

О, анашым
Таянышым , тірегім.
Бар бақытты бір басыңа тіледім.
Мен жақсы болса екен деп қашанда,
Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің

Жердегі бар тағамнан
Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан,
Сүйікті адам барма екен

Әлпештеген баласын,
Ана бақыт, ана күн,
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.

:Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.

Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі

Менің әжем жыр әжем,
Шуағы мол нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман есен жүр әжем.

Ақ жүректе сақтаған,
Жарқын күлкің бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйемін,
Келші, келші ақ мамам

Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.

Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда
.

Ұқсас жұмыстар
Аналар мерекесіне құттықтау айт
Ана - өмір шуағы туралы ақпарат
Менің жүрегіме рахмет
Ана туралы
Құтты болсын апатай, Құтты болсын мерекең
"ана - өмір шуағы" ашық тәрбие сағаты
Ана – өмірдің шуағы
Қадірлейік қасиетті Ананы
Өнеге отбасынан
Аналардың жүрегі
Пәндер