Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Жасыл жайлау - сиыр туралы тіл дамыту және қоршаған ортамен танысу

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Тіл дамыту Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы : « Жасыл жайлау. »

Мақсаты : төрт түліктің бірі сиыр туралы түсініктерін

кеңейту; суреттер бойынша әңгіме құрата отырып

тілдерін дамыту; үй жануарларына деген қамқорлық

сезімдерін тәрбиелеу.

Қостілділік компонент : жасыл-зеленный, сиыр-корова. .

Сөздік жұмыс: қоңырау, сиыр, тұяқ, сөзінің мағынасын түсіндіру.

Әдіс-тәсілдері: шаттық шеңбері, әңгімелесу, тақпақтар, сұрақ-жауап,

ойын, сергіту сәті, қортындылау.

Көрнекілік: үнтаспа, суреттер, кейіпкер.

Іс-әрекет

бөлімдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеттері

Баланың

іс-әрекеттері

Іс-әрекетбөлімдері:

Мотивациялық

қозғаушы

Тәрбиешініңіс-әрекеттері:

Шаттық шеңбері.

Балаларды шеңберге жинап, шармен жақсы тілектер айтуларына ұсыну.

Баланыңіс-әрекеттері:

Балалар бір-біріне шар ұсына отырып, жақсы тілектер білдіреді.

Сәлеметсің бе, Асылай.

Саған қуаныш тілеймін.

(денсаулық, ұзақ өмір, бақыт, т. б. тілектер білдіреді) .

Іс-әрекетбөлімдері:

Ізденуші

ұйымдастырушы

Тәрбиешініңіс-әрекеттері:

Ғажайып сәт.

Үнтаспадан қоңыраудың дыбысы естіледі. Қоңырау қорапшаның ішінен шығады.

-Ой балалар мына қоңырау біздің топқа қайдан тап болды.

Бұл ненікі екен? Иесі келіп қалар.

Есік қағылып сиыр кіреді.

Сиыр : мө-мө-мө. Ой мен қандай жерге тап болдым. мен қоңыраудың даусын осы жерден естіп келдім.

-қателескенмін ғой.

-Жоқ, сіз қателескен жоқсыз,

Қоңыраудың дыбысы осы жерден шықты. Енді түсіндік қоңырау ненікі екенін.

Сиыр: маған беріңдерші.

Оны маған кішкентай кезімде сыйлап еді.

Менде бұзауыма тарту етейін деп едім.

-жоқ, мен бұл қоңыруады жайдан -жай бере салмаймын. Бұл қоңырауды тапсырмаларды орындау арқылы аласын.

Сиыр: мен кішкентай кезімде балабақшаға барған емеспін, ештеңе білмеймін ғой. Балалар маған көмектесесіңдер ме?

Балалар сиырға көмектесесіңдер ме?

1-тапсырма «Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?»

2-тапсырма. Дыбыстық талдау.

3-тапсырма. «Сиыр адамға не береді?»

4-тапсырма. Үй жануарлары туралы тақпақ айту.

5-тапсырма. Дидактикалық ойын «Төлдерін тап»

Сергіту сәті.

Баланыңіс-әрекеттері:

Үнтаспадан шыққан дыбысқа таңырқады.

Қоңырауды көргенде қуанып қалды.

Сиырды көріп таңырқап, келген шаруасына көңіл бөліп тыңдады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жан-жақсы түсінді.

Сиырға көмектесетінін айтты

Сиыр, қой, ат, қозы,

Сиыр мө-мө, қой ма-ма,

Сүт, айран, құрт, май,

Өлең, тақпақтарын айтты

Қимылмен көрсетеді.

Іс-әрекетбөлімдері:

Рефлексивті

коррекциялаушы

Тәрбиешініңіс-әрекеттері:

Қорытындылау.

Балалар, біздің топта қандай дыбыс естілді?

-Бізге қонаққа не келді?

Біз қандай үй жануарларымен таныс болдық?

-Көңіл күйлеріңіз көтеріңкі ме? Мадақтау, бағалау.

Баланыңіс-әрекеттері:

-Қоңыраудың, сиырдың дыбысы естіледі.

-Сиыр қонаққа келді.

-Сиыр.

-Әрине, көтеріңкі болды.

-Сиыр бізге құрт, май сыйлайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Балалар үй жануарларының пайдасчын және

қажеттілігін білу керек.

Қандай түсініктерді игерді: Қоңырау, сиыр, тұяқ сөзінің мағынасын игерді .

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Үй жануарларына деген қамқорлықты, сурет

бойынша әңгіме құрай алды.


Ұқсас жұмыстар
Шағын топқа арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Көктем келді - қоршаған ортамен танысу
Менің отбасым: балабақшада ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы (қоршаған ортамен таныстыру, билингвалдық компонент)
Мектепке дейінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Қоршаған ортамен таныстыру - Қазақ дастарханы (Наурыз және Наурыз көже)
Тіл дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Көңілді қыс
Көктем тақырыбы бойынша тіл дамыту саласындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Сізге хат келді тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы (Әлеуметтік орта - Қоршаған ортамен таныстыру; Толағай тобы, тәрбиеші Шапхатова С.)
Ойыншықтар әлеміне саяхат: II кіші топтағы тіл дамыту, дене шынықтыру және қоршаған орта бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Алтын күз: тіл дамытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Шағын топтағы тіл дамытуға арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы: Қыс қызығы
Хан ордаға саяхат: тіл дамыту мен ұлттық ойындарды меңгертуге арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz