Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Дәстүрімнің балқаймағы - әжелер сайысы

Тақырыбы: <<Дәстүрімнің балқаймағы - әжелер !>> сайысы.
Мақсаты: Жанұядағы әже мен немере арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Қазақтың салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарын бойға сіңіру. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.

1-Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар, Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі құтты болсын! Осы мереке күніне орай ардақты да асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған <<Дәстүрімнің балқаймағы - әжелер!>> атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
2-Тәрбиеші: Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді ол кісі
Қандай ғажап күлкісі , -
дей отырып ортамызға сайысқа қатысушы әжелеріміз бен немерелерін ду - қол шапалақпен ортамызға шақырайық!
1. Әже біздің күніміз
Әже біздің гүліміз.
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз,
- дей отырып, Айман әже мен ерке немересі - Ерасылды ортаға шақырамыз.
2. - Бізге әр кез тілекші боп жүретін,
Қуанышымызға ортақ бола білетін,
Мейірімді әже Маржан әже, Каусар немересімен бірге қарсы алайық.
3. Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит алып келеді - деп Гүлжамал әжені, немересі Гүлденмен ортаға шақырайық.
4. Сүйікті әже -
5. Аяулы әже
1-тәрбиеші: Кім жеңеді сайыста үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда
Әділ - қазы алқасы атыңды ақта
Жүректерге арман мен бақыт жолда.
- деп әділ - қазы алқасымен таныстырамын.
1.
2.
3.
2- тәрбиеші: Енді сайысымыздың шартымен танысайық:
І.Таныстыру <<Сәлем - сөздің анасы>>
ІІ. <<Өнерлі өрге жүзер>> Отбасылық өнер (ән, би,мәнерлеп оқу т.б.)
ІІI. <<Дәм -думан>> (ұлттық тағам дайындау)
ІV. <<Сыр - сандық>> сұрақ-жауап сайысы
V. <<Салтым-асыл қазынам>> Ұлттық салт - дәстүрден көрініс.
1-тәрбиеші: Әжем менің аялаған
Құшағынан сая табам
Қанша жақсы болса-дағы
Сендей әже қайда маған? деп бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
2- тәрбиеші:
I.Таныстыру <<Сәлем - сөздің анасы>>
Кішкентай бүлдіршін мен әжелер де келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға.
Қорықпастан сахнаға келіп жетті,
Әдеппен, ізетпен танысуға. (Әжесі мен немересі өздерін таныстырады).
Ән: <<Наурыз - біздің жаңа жыл>>

1-тәрбиеші:
ІІ. <<Өнерлі өрге жүзер>> Отбасылық өнер (ән, би,мәнерлеп оқу т.б.)
Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,
Өнер деген мол қазына кең екен.
Би билеп, ән айтып жырламайтын,
Өнерсіз қазақ деген кем екен, - деп өнерлерін тамашалаймыз.
2-тәрбиеші:ІІI. <<Дәм -думан>> (ұлттық тағам дайындау)
Әжелеріміз қандай ұлттық тағам дайындаған екен, ортаға шығып таныстырайық.

1-тәрбиеші: Өте тамаша, әділқазылар өзара келісімге келгенше балаларымыз тақпақтарын айтып берсін.ІV. <<Сыр - сандық>> сұрақ-жауап сайысы
Осымен бұл қызықты сұрақтарға
Өнегелі жауап алсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ.

Әжелерге берілетін сұрақтар:
1.Немереңізді қалай еркелетесіз?
2.немереңіздің мінезі қандай?
3.Сізге қандай сыйлық береді?
4.Немереңізге қандай тамақ әзірлейсіз?
5.Қандай бала сүйкімді?
6.Немереңіз болашақта кім болады?
7.Қалай жазалайсыз?
8.Мақтаншақ болса қайтесіз?
9. Бойында қандай кемшілігі бар?
10. Үнемі айтатын ақылыңыз
1.Немереңіз сабаққа барайын деп дайындалып жатыр.Сіздің іс-әрекетіңіз.
2.Немереңіздің ұйқысы келер емес,қалай ұйықтатасыз?.
3.Немереңіздің достары келіп тұр,ойнағысы келеді.Сіздің іс-әрекетіңіз.
2-тәрбиеші: V. <<Салтым-асыл қазынам>> Ұлттық салт - дәстүрден көрініс.
Анам мені тербетіп,
Өсіп кеттім ержетіп
Сол бесігім үйімде
Сақтаулы тұр төрімде.- деп бесікке салу рәсімін Айман әжеміз жасайды.

1-тәрбиеші: Әлпештеген баласын,
Ана - бақыт ана жыр,
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.- деп <<Бесік жырын>> Гүлжамал әжеміз айтады.

2-тәрбиеші: Жолың болсын деселік
Жолыңа нұр төселік
Жарылқасын алдыңнан
Тұсауыңды кеселік.- деп тұсау кесу рәсімі жасалады.Тұсау кесу рәсімін жасау Маржан әжемізге беріледі.
1-тәрбиеші:
Мен өзіңмен қайда жүрсем біргемін
Күн нұрындай жадырай бер күлгенің
Асыл сөзің жүрегімде жүр менің
Қандай бақыт ортамызда жүргенің, -деп сайысты қорытындылау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Номинация:
2-тәрбиеші: Сіздерменен жадырайды өңіміз
Сіздерменен жарасады сәніміз
Аяулы әжем, асыл әжем, дана әжем
Сіздерге кеп бас иеді бар әлем! - деп бүгінгі мерекеге арналған сайысымызды аяқтаймыз. Әжелерімізге ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға береке, бірлік тілейміз

<<Дәстүрімнің балқаймағы - әжелер !>> сайысы(балабақша).
Сайыскерлерді бағалау парағы:
Отбасының аты-жөні
Таныстыру <<Сәлем - сөздің анасы>>

<<Өнерлі өрге жүзер>>
(өнер: ән, би, мәнерлеп оқу, қолөнері т.б.)
<<Дәм -думан>> (ұлттық тағам дайындау)
<<Сыр - сандық>> сұрақ-жауап сайысы
<<Салтым-асыл қазынам>> Ұлттық салт - дәстүрден көрініс
Меңдығали Ерасыл,
Әжесімен

Асқар Гүлден,
Әжесімен

Масалимова
Каусар,
Әжесімен

Бақтығали
Нұрхат,
Әжесімен

Жантаева
Гүлназ,
Әжесімен

<<Дәстүрімнің балқаймағы - әжелер !>> сайысы(балабақша).
Сайыскерлерді бағалау парағы:
Отбасының аты-жөні
Таныстыру <<Сәлем - сөздің анасы>>

<<Өнерлі өрге жүзер>>
(өнер: ән, би, мәнерлеп оқу, қолөнері т.б.)
<<Дәм -думан>> (ұлттық тағам дайындау)
<<Сыр - сандық>> сұрақ-жауап сайысы
<<Салтым-асыл қазынам>> Ұлттық салт - дәстүрден көрініс
Меңдығали Ерасыл,
Әжесімен

Асқар Гүлден,
Әжесімен

Масалимова
Каусар,
Әжесімен

Бақтығали
Нұрхат,
Әжесімен

Жантаева
Гүлназ,
Әжесімен

Құрметті: ------------------------
Сізді <<Дәстүрімнің балқаймағы -әжелер>> сайысына немереніз ------------- бірге қатысуға шақырамыз.
<<Дәстүрімнің балқаймағы -әжелер>> сайысының бағдарламасы:
1.Таныстыру
2. Отбасылық өнер (ән, би,мәнерлеп оқу т.б.)
3. <<Дәм -думан>> (ұлттық тағам дайындау)
4. <<Сыр - сандық>> сұрақ-жауап сайысы
5.<<Салтым-асыл қазынам>> Ұлттық салт - дәстүрден көрініс.
Өтетін уақыты: 17 наурыз 2015жыл
Сағат 3.30

Құрметті: ------------------------
Сізді <<Дәстүрімнің балқаймағы -әжелер>> сайысына немереніз ------------- бірге қатысуға шақырамыз.
<<Дәстүрімнің балқаймағы -әжелер>> сайысының бағдарламасы:
1.Таныстыру
2.Отбасылық өнер (ән, би,мәнерлеп оқу т.б.)
3.<<Дәм -думан>> (ұлттық тағам дайындау)
4.<<Сыр - сандық>> сұрақ-жауап сайысы
5.<<Салтым-асыл қазынам>> Ұлттық салт - дәстүрден көрініс.
Өтетін уақыты: 17 наурыз 2015жыл
Сағат 3.30

Құрметті: ------------------------
Сізді <<Дәстүрімнің балқаймағы -әжелер>> сайысына немереніз ------------- бірге қатысуға шақырамыз.
<<Дәстүрімнің балқаймағы -әжелер>> сайысының бағдарламасы:
1.Таныстыру
2.Отбасылық өнер (ән, би,мәнерлеп оқу т.б.)
3.<<Дәм -думан>> (ұлттық тағам дайындау)
4.<<Сыр - сандық>> сұрақ-жауап сайысы
5.<<Салтым-асыл қазынам>> Ұлттық салт - дәстүрден көрініс.
Өтетін уақыты: 17 наурыз 2015жыл
Сағат 3.30

Армысыздар, қадірменді қонақтар,
Армысыздар, ақ жаулықты әжелер!
Өзім жайлы қысқаша таныстырсам
Әкем қойған ерке қыз Гүлден мен болам.
Ән де сала білемін, би де билеп беремін,
Жақсылыққа үйреткен өз әжемді сүйемін.

Әжем менің пісірген,
Қызыл күрең бауырсақ.
Шықпай қояр түсіңнен
Біраз жемей сағынсақ.
Ата-баба тағамы
Несі айып, сағынсақ.
--------------------------------------------------------------------------------

Ата-әжем мақтаған
Менің атым Ерасыл
Тақпағым бар жаттаған
Осы күнге сақтаған
Өзім кіші болсамда
Таудай үлкен талабым.
Өнерімді көріңдер.
Көріп баға беріңдер.

Ұқсас жұмыстар
Әжеммен өмір ажарлы сыныптан тыс іс-шара
Әжелер сайысы туралы
Асыл әжем-ақ әжем
Әжелер сайысы
Асыл әжем,сүйкімді немерем атты сайыс
Жігіт сұлтаны жайлы ақпарат
Бала тәрбиесіне байланысты сұрақтар
Қошқар мүйіз ою өрнегі
Жеті өнер, шеберлер сайысы
Ұлттық өнер-тәрбие негізі
Пәндер