Информатика (8-сынып): Функциялар, стандартты функцияларды пайдалану және диаграммаларды салу

ЖОСПАРЫ Тексерілді

Оқу ісінің меңгерушісі

«06». 04. 2015ж

Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8 «А»

Тақырыбы: Функциялар. Стандартты функцияларды пайдалану. Диаграммаларды салу.

Мақсаты: Оқушылардың кестелермен жұмыс жасау жолдары туралы білімдерін қалыптастыру. Кестелік процессорда жұмыс істеуді үйрету.

Міндеттер:

Білімділік - Оқушыларды электронды кестелермен жұмыс жасауды үйрету.

Дамытушылық - Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік - Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақ түрі: практикалық сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі - иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Н. Т. Ермеков, Н. Ф. Стифутина Информатика 8 сынып, оқулық;

2) Н. Т. Ермеков, С. Б. Пилипенко, Информатика, Әдістемелік нұсқау, 8 сынып.

3) Н. Т. Ермеков, С. Б. Пилипенко, Информатика, Дидактикалық материалдар, 8 сынып.

Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) :

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру. (3-5мин) Жаңа кесте құру кезеңдері?Ұяшықтағы мәліметтерді қалай көшіруге болады?Excel қызметінің негізгі категорияларын айтып беріңіз?

3) Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Кестеге енгізілген мәтіндерді және сандық мәндерді, сонымен бірге есептелінген нәтижелерді өзгерту арқылы оның сыртқы пішінін әдемі етіп форматтауға болады.

Ұяшықтардың аумағын форматтау үшін оларды белгілеу керек. Сосын Формат менюіндегі Ұяшықтар командасын таңдап, сәйкес қосымшаны ашамыз.

Кестедегі әр санды әр түрлі форматта беруге болады. Ұяшықтағы мәліметтердің форматын өзгерту үшін:

  • ұяшықтарды белгілеу
  • Формат менюіндегі Ұяшықтар командасын таңдау.
  • Ұяшықтар форматы диалогтік терезесінде Сан қосымшасын таңдау керек.
  • Сандық формат тізімінен ұяшықтағы мәліметті форматтау типі, ал оң жақтағы өрістен форматтың параметрлері таңдалады.
  • Үлгі өрісінде ұяшықтағы мәліметке сәйкес таңдап алынған форматты көруге болады.
  • Жаңа формат енгізу үшін Барлық форматтар бөлімін таңдаған соң, Тип өрісінен жаңа пішінді енгізу.
  • ОК батырмасын шерту қажет.

Кестені пішімдеу жолдарын ұғына отырып, толыққанды электронды кесте құруға көшуге болады.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5) Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Ұяшықтарды форматтау қалай орындалады?
  2. Электрондық кестемен жұмыс жасаудың негізгі кезеңдері қандай?

Тапсырма.

Келесі кестені толтырыңдар.

Шығын ведомості: Шығын ведомості
Шығын ведомості: Тауар
Саны
Бағасы
Соммасы
ҚҚС
Квадраттық түбірі
Шығын ведомості: Парта
15
2500
=B3*C3
=(D3*15) /100
=КОРЕНЬ(D3)
Шығын ведомості: Орындық
32
1500
=B4*C4
=(D4*15) /100
=КОРЕНЬ(D4)
Шығын ведомості: Диван
2
32000
=B5*C5
=(D5*15) /100
=КОРЕНЬ(D5)
Шығын ведомості: Жалюзи
9
21500
=B6*C6
=(D6*15) /100
=КОРЕНЬ(D6)
Шығын ведомості: Компьютер
16
8
=B7*C7
=(D7*15) /100
=КОРЕНЬ(D7)
Шығын ведомості: Диск
53
35
=B8*C8
=(D8*15) /100
=КОРЕНЬ(D8)
Шығын ведомості: Стенд
24
3210
=B9*C9
=(D9*15) /100
=КОРЕНЬ(D9)
Шығын ведомості: Барлығы:
=СУММ(B3:B9)
=СУММ(C3:C9)
=СУММ(D3:D9)
=СУММ(E3:E9)
=СУММ(F3:F9)
Шығын ведомості: Орташа саны:
=СРЗНАЧ(B3:B9)
=СРЗНАЧ(C3:C9)
=СРЗНАЧ(D3:D9)
=СРЗНАЧ(E3:E9)
=СРЗНАЧ(F3:F9)

6) Сабақты қорытындылау және бағалау

Оқушыларға кестемен жұмыс жасау жолдары туралы жалпы мағлұмат беру. Кестемен жұмыс істеуді үйрету.

7) Үйге тапсырма Функциялар. Стандартты функцияларды пайдалану. Диаграммаларды салу.


Ұқсас жұмыстар
Информатика (8 сынып): Функциялар және стандартты функцияларды қолдану - сабақ жоспары
Информатика: меншіктеу операторы және стандартты функциялар
Информатика, 9-сынып: Меншіктеу операторы және стандартты функциялар - сабақ жоспары
8-сынып: Microsoft Excel ұяшықтарын форматтау және стандартты функцияларды қолдану
Диаграммаларды құру: 8-сынып информатика сабақ жоспары
8-сынып информатика: Excel-де есептеулер жүргізу және функцияларды қолдану
8-сынып информатика сабақ жоспары: электрондық кестедегі кірістірілген функциялар
Паскаль тіліндегі мәтіндік ақпараттарды өңдеу: тіркестермен жұмыс және стандартты функциялар
Паскаль тілінде символдық мәліметтермен амалдар және стандартты функциялар мен процедуралар
Информатика сабақтары (02.12.2016): 7-сынып - Сандық функциялар (Pascal); 11-сынып - Форма (Access)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz