Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

МҰЗДА ЖАНҒАН АЛАУ

Тақырыбы: МҰЗДА ЖАНҒАН АЛАУ.
Тарихы терең, қасіреті қатпарлы халқымыздың әлденеше ғасыр бұрын армандаған тәуелсіздік туы бізге сағындырып ғана емес, зарықтырып тиді. Көнекөз тарихқа көз жіберсек, бабалар арманы, батырлар қанымен келген тәуелсіздік АЛЛА сыйлаған ұлы БАҚЫТ. Оның өлшемі де, бағасы да жоқ. Осы жолда опат болған бағыландарымыздың бағасына жете білсек, тірлігіміздің баянды болары белгілі. Осы жолда талай бала жетімдік, талай ана жесірлік көргені баршаға аян.
Нәтижесінде елді еркіндікке жеткізген ата - баба ерлігін, еңбегін есте сақтап, жас ұрпаққа өнеге ете алсақ Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болары анық. Ащы күндеріміз тәтті жылдарға ұласып, тәуелсіздігіміз баянды болғай.
Қанбай бақыт қуанышты күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
Елің алды егеменді теңдігін.
Әнұраным, жанұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім - сағынарым.
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам әнұраны
Хор. МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАН

Күй. <<Көңіл толқыны>>
1 жүргізуші: 1986 жыл. Желтоқсанның 17 - 18 жұлдызы. Ол жетпіс жылғы қысаң қағидаға тап - тауыр болған санаға жас толқынның қасқайып қарсы тұруы. Ол бүгінгі ой, іс - әрекет сөз бостандығының бастауы. Биыл сол желтоқсан оқиғасына 27 жыл. Алайда, әлі де болса бұл оқиғаны түрліше түсініп, басқаша топшылап, әр түрлі ойдың жетегінде жүргендер бар.
2 жүргізуші: Аса қатал қанқұйлы оқиғаның нәтижнсінде 8000 адам заңсыз ұсталып, 1722 кісі жеңіл және ауыр жарақат алды. Бір топ бозбала мен қыздарды 20 градустық аязда суық жерге бірнеше сағат етпетінен жатқызды, қыздарды алаңда бұрымынан сүйреп, ұсталғандарын өлімші етіп соққылаған фактілерді кездестірдік.
1 жүргізуші: Мен қазақпын! Өз халқымды мақтан етемін. Маған оның көп қатпарлы тарихы қымбат. Ал, оның бүгінгі күні одан да қымбат. Осы бүгінгі күн үшін ол басқа халықтармен бірге революция және Кеңес өкіметін орнату жолдарынан абыроймен өтті. Халқының жартысына жуығы жұтқан қасіретті ашаршылықты басынан өткерді. Кеңес өкіметі өсіріп жеткізген жас зиялыларынан айырған 1937 - 1938 жылдардың трагедиясын бастан кешті. Одан Ұлы Отан соғысы, кешегі желтоқсан оқиғасы.
2 жүргізуші: Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
1 жүргізуші: Сол бір ерте түскен қыс тоқыры жанжалының табанында аяусыз, тапталған ар - намыстың ышқынған дауысы құлағымызда әлі шыңылдап тұрғандай. Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай ЛӘЗЗАТ сенің де ләззат үнің талып естіледі. Сен тірі болсаң, қазғымның мәдениетін дамытуда үлкен үлес қосар едің - ау.
2 жүргізуші: Еліңнің намысы үшін
Құрбан еттің жаныңды
Мазақ етіп қорлай алмас,
Ешкім сенің арыңды.
Көрініс <<Ләззат өмірінен>>

1 жүргізуші: Талдықорған облысының Панфилов ауданындағы Ақжазық ауылында тұратын Асановтар жанұясына екі бірдей телеграмма келді.
Біріншісінде <<Қыздарыңыз Ләззат ауыр халде жатыр, келіп алып кетіңіздер>> деген, ал екіншісінде <<Келмей - ақ қойыңыздар. Ләззатты өзіміз жеткіземіз>> деген хабар еді. Сөйтіп, Ләззаттың мәйіті өзі туған ауылы Ақжазыққа жеткізілді.

Ләззаттың анасының жоқтауы
Ән <<Қазақ қызы>>
1 жүргізуші: Шалқытып мерекеге ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Мың бұралып билейтін бишілерді
Ізетпен ортаға шақырайық.
Би <<Қазақ қыздары>>

1 жүргізуші: Шындықты шыңғыртып
Шырылдатқан ЖЕЛТОҚСАН
Шындық қуған жастарды
Сыбырлатқан ЖЕЛТОҚСАН
2 жүргізуші: Желтоқсан айы естесің,
Дауыл боп бұрқап ескенсің.
Азаттық әні қашанда,
Көкейін елдің тескенсің.

Көрініс <<Қайрат өмірінен>>
1 жүргізуші: Қарсыласқаны үшін түрмеде Қайратты ұрып - соғады,
намысын қорлап балағаттайды, түрменің тас қамалында отырғанмен қорлау мен азаптың қандай түріне де мойымай, демі шыққанша туру жолдан таймайды.

Қайраттың анасының жоқтауы
Қаңғып келген шүрегей, көлдің суын бүлдірдің,
Бұлай болып кетерін күні бұрын кім білді.
Тұнып тұрған көл еді, бейбіт жатқан ел еді
Желтоқсанның дауылы қара бұлтты төндірді.
Сол дауылға ілесіп Қайратым да кетті ме
Жанып тұрған от еді, сол түбіне жетті ме
Қол - аяғын кісендеп оқудағы баламды,
Жала жауып жан алғыш түрмесіне жапты ма.
Жанын қинап түрмеде жалғыз оқпен атты ма
Қыл бұрауды салғанда <<Анашым!>>,- деп жатты ма.
Қос өкпесін езгілеп, ұрып - соғып тепкілеп,
Қайратымды жендеттер тұзақ салып асты ма.
Кім біледі, Аллам - ау, не болғанын баламның,
Жауап берер жан бар ма өліміне панамның.
Елжіреген жүрегім қан жылайды бүгінде,
Қатарлары Қайраттың келмей кетіп жүре ме.
Күліп кетіп тұрады, күнде балам түсіме,
Көнем - дағы қайтейін жаратқанның ісіне.
Желтоқсанның дауылы бүкіл елді шарпыды,
Ел бүлдірген <<Шүрегей>> қарғыс айтам өзіңе.

2 жүргізуші: Шардаралық әуесқой сазгер Лесбек Аманов <<Қасқалдақ - Қонаев, шүрегей - Колбин>>- деп танып, оны өзінің әніне қосты.
Ән. <<Қара бауыр қасқалдақ>>

1 жүргізуші: Сан тарихтың парақтарын ақтардың,
Тәуелсіздік туы көкте желбіреп.
Барлық қазақ азатпыз деп мақтанды
Жас жүрегім жалындайды елім деп.
Би <<Тәуелсіздік>>

1 жүргізуші: 1992 жылы Республика алаңында Желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш тақта қойылды. Ал, 1996 жылы желтоқсанда Тәуелсіздік ескерткіші ашылды.
2 жүргізуші: Президентіміздің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Рысқұлбековке <<Халық қаһарманы>> атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі <<Алтын жұлдыз>>тапсырылды.
Сәбира, Ләззат, Ерболдарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.
1 жүргізуші: Алматыға жолым түсіп келе қалсам мен міндетті түрде Республика алаңына соғамын. Алаңға кіре бергенде денем түршігіп, шымырлап кетеді. Есіме марғау дүниені дүр сілкіндірген қасіретті де қасиетті ЖЕЛТОҚСАН ОҚИҒАСЫ түседі. Себебі,
алаңға егемендік үшін құрбан болған ағаларымыз бен әпкелеріміз есіме түседі.
2 жүргізуші: Мен де алаңға келсем барлығы маған не айтасың дегендей болады.
Ақтық сөзің, армандарың хатта қалды,
Көріп жүрміз қиып ап сақтағанды.
Қайрат! Қайрат!
Сен мені естимісің.
Өлең оқу. <<Төрт жыл кешіккен шындық>>
Ән. <<Елім менің>>
1 жүргізуші: Тәуелсіздігімізді жариялағаннан кейінгі аз уақытта өңіміз түгіл түсімізге енбеген оқиғалар болды, сол жетістіктерді атап өтейікші.
2 жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы - біздің тәуелсіздігімізді дүние жүзіне мойындатқан күн.
- 1991 жыл 16 желтоқсан - ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.
- 1991 жыл 1 - желтоқсанда еліміздің тұңғыш президенті Н. Назарбаев сайланды.
- 1992 жылы 2 наурызда ҚР дүниежүзіндегі ықпалды және беделді БҰҰ - ға мүше болды.
1 жүргізуші: 1992 жыл 8 мамырда кең байтақ елімізді қорғайтын қуатты Республика Ұланы құрылды.
- 1992 жыл 4маусымда ҚР - ң Жоғарғы Кеңесінің сессиясында
еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.
- 1993 жылы 15 қарашада мемлекетіміздің Ұлттық валютасы <<теңге>> айналымға енді.
2 жүргізуші: Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреп, әнұран қабылданды. Қазақтың жаңа Астанасы бой көтерді. Бас аяғы 18
жылдың ішінде Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
1 жүргізуші: Бірлік болсын елге аман,
Тыныш болсын бұл заман.
Берекесін бере берсін,
Бейбіт жатқан бұл далам!
Осымен кешіміз тәмәм болды,
Бабаларым арман еткен, аңсаған
Тәуелсіздікті ту еткен
Ұзағынан сүйіндірсін о, жасаған!

Хор. <<Атамекен>>
Тақырыбы: Еңбек түбі - береке.
Мақсаты:
1. Оқушыларды мақал-мәтелдердің мағынасын түсінуге, оларды айта білуге үйрету.
2. Тілдерін ұштау, шешендікке баулу.
3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік:
Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер: <<Жақсы жұмыс - жанға тыныс>>, <<Еңбек түбі - зейнет>>, <<Еңбексіз өмір - сөнген өмір>>, жұмбақтар.

Жүру барысы:
Мұғалім: <<Жүздің көркі - көз, ауыз көркі - сөз, сөздің көркі - мақал>>, - дейді халық. Мақалдар адам тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі - мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі.
1-оқушы
Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер

2 - оқушы
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.

3 - оқушы:
Еңбектін көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.

4 - оқушы:
Еңбек етпесен елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.

5 - оқушы:
Ерінбесең, еңбегің өнеді.

6-оқушы:
1.Еңбексіз мал дәметкен - қайыршылық.
2. Еңбектен қашқан, дөңбекке жолығады.
3. Еңбек етпеген азады..
4. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.
5. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.

7-оқушы:
1. Орайы келсе, орақ ор,
Кезі келсе, кетпен шап.
2. Еңбек - адамның екінші анасы.
3. Ерінбеген етікші болады.
4. Керек тастың ауырлығы жоқ.
5. Еңбекке үйренем десең, ерінбе.
Өнерге үйренем десең, жерінбе.

2. Келесі айналым: Жүргізуші мақалдың алғашқы жолын оқиды, әрі қарай ойынға қатысушылар қолын көтеріп жалғастырады.
1. Еңбегің қатты болса,...(татқаның тәтті болар).
2. Еңбек түбі - береке,...(көптің түбі - береке).
3. Істегенің еліңе жақсы,...(үйренгенің өзіңе жақсы).
4. Отынды шапқпнға жақтыр,...(малды тапқанға бақтыр).
5. Ексең егін,...(ішерсің тегін).
6. Етік тіге алмаған,...(біз таңдайды).
7. Көсеуі қысқаның,...(қолы күйер).
8. Берген - алар,...(еккен - орар).
9. Еңбек етсең ерінбей,...(тояды қарның тіленбей).
Ең аз ұпай алған ойыншы ойыннан шығады.

3. Екінші айналым: Екі ойыншының біреуі мақал айтады. Екіншісі соның ішіндегі бір сөзге мақал айтады. Сосын кезектеседі. Мүдірген оқушы жеңіледі.
1-оқушы:
Еңбек ет те мақтан,
Ойнап күл де шаттан.

2-оқушы:
Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

3-оқушы:
Ердің атын еңбек шығарар.

4-оқушы:
Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.

5-оқушы:
Ерінбесең еңбегің өнеді.

6-оқушы:
Еңбегі көптің өнбегі көп.

7-оқушы:
Жері семіздің - малы семіз.

8-оқушы:
Мал өсірсең, қой өсір,
Пайдасы оның көл-көсір.
Ойын соңында жеңімпаз анықталып, оған сыйлықтар тапсырылады.

Мұғалім: Сонымен оқушылар, мақалдың өміршеңдігі мен қолдану аясының кеңдігінің сыры неде? Әрине, тілдің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде. Аз сөзбен көп мағына беретіндігінде. Осымен <<Еңбек түбі - береке >> атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Ер есімі- ел есінде
Тәуелсіздік таңы атты , 3 сынып
Негізі бар ғылымның математика
Тәуелсіздік тұтқасы - бізге аманат салтанатты жиын бағдарламасы
Желтоқсанда мұзға жанған жалауым желбіретті тәуелсіздік жалауын
Бастауыш мектеп журналы
Желтоқсанда-мұзға жанған алауым, желбіретті тәуелсіздік жалауын
Алау тетігін қызыл түсті гуашьпен сырлау
Азиадаға жолдама
Адамгершілік тәрбиесі
Пәндер