Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Шегіртке мен құмырсқа (мысал)

Бекасилова Молдир Амантаевна
Жамбыл облысы
Меркі ауданы
№5 Ақарал орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі

Пәні: Әдебиеттік оқу
Сынып: 3<<А>>
Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа (мысал)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мысалдағы негізгі ойды түсіндіріп, жәндіктердің мінез-құлықтары арқылы адам бойындағы қасиеттерді ажырата алуға, баға беруге үйрету.
Сабактын міндеттері: а) Оқушының білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін шыңдау,
шапшаңдыққа бейімделеді.
ә) Оқушылыр алғырлыққа, зеректікке, тапқырлыққа үйренеді.
б) Оқушыларға эстетикалық тәрбие,еңбекқорлық, адамгершілік қасиеттерге қалыптасады.
Сабактың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабактың түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдері: <<Автор орындығы>>, <<Миға шабуыл>>, <<Топпен ойлан, бөліс>> , <<Ойлаудың алты қалпағы>> , Венн диаграммасы.
Оқудың нәтижелері: 1.Мысалды меңгере отырып, негізгі ойды түсінеді.
2.Жәндіктердің мінез-құлықтары арқылы адам бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерді
ажырата алады.
3.Мысалдағы іс-әрекеттерге баға бере отырып, қорытынды жасай алады.
Негізгі дерек көздер: Бейнетаспа, <<Жаңа форматта білім беру үлгілері>> жинағы, <<Интербелсенді әдістеме>> жинағы
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, көрсетілім, бағалау парағы, флипчарт, жұмбақ, авторлар суреттері.

Сабақтың барысы:
Сабақ бөлімдерінің мақсаты

Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Білу
10мин
Окушыларды топтастыру.

Үй тапсырмасын сұрау: <<Күзгі орманның көріністері>> мәтіні.
Тапсырма беру:
Мәтінге сүйене отырып, күзгі орманды, тиінді, борсықты, қоянды сипаттау.

Жаңа сабақ:
<<Миға шабуыл>> әдісі бойынша адамның бойындағы кездесетін қасиеттер туралы оқушыларға сұрақтар қою.
Тақтадан стикерлерге жазылған сөздерді оқушылар алып, өздерінің мінездерін біледі.
Стикерлердің түстеріне қарай 5 топқа бөлінеді.

1- топ күзгі орманды
2- топ тиінді
3- топ борсықты
4- топ қоянды сипаттайды.
5-топ әңгімені ары қарай жалғастырады.

Әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша жасаған постерлерін қорғайды
Түсіну
10мин.
Жаңа сабақ.
Жұмбақ жасыру.
Екі басты жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай (құмырсқа)
Ат басты,арқар мүйізді,
Бөрі кеуделі,бөкен санды,
Қос қанатты,құмырсқа ізді,
Бота тірсекті. (Шегіртке)

Авторлар туралы мәлімет беру.
Абай Құнанбаев кім?
Крылов туралы мәлімет беру

Союзмултьфильм түсірген <<Құмырсқа мен шегіртке>> мултьфильмін көрсету.

<<Мысал деген не?>> сұрақ қояды.

Жұмбақтың шешуін табады.

Авторлар туралы өз білімдерімен бөліседі.

<<Топпен ойлан, бөліс>> әдісі арқылы мултьфильмді талқылайды, ойымен бөліседі.

Мысал бойынша өз ойларын айтады.
Қолдану
5мин

Сергіту сәті:

Оқулықпен жұмыс.Мәнерлеп оқуын қадағалау.
Ұзын мұртты құмырсқа,
Бара жатты жұмысқа.
Допты алып қолыма,
Қойдым оның жолына
Оң жағына қарады,
Сол жағына қарады,
Тау екен деп ойлады.

Оқулықтағы мысалды іштей, дауыстап, рөлге бөліп оқиды.
Талдау
5 мин
Жеке жұмыс: Венн диаграммасы.
Венн диаграммасы бойынша шегіртке мен құмырсқаны сипаттайды.
Жинақтау

10мин
Де Бононың <<Ойлаудың алты қалпағы>> әдісі.
Әр топқа тиісті тапсырмаларын беру.

Ақ қалпақ -мысалдағы негізгі ойды айтады;
Сары қалпақ-кейіпкерлердің жағымды жақтарын зерделейді;
Қара қалпақ-жағымсыз кейіпкердің іс-әрекетін айтады;
Қызыл қалпақ-екі кейіпкердің ішкі сезімдерін айтады;
Жасыл қалпақ-шегіркені жаңа бастамаға жетелеу туралы айтады.
Көк қалпақ-бақылаушы,бағалаушы;
Бағалау
Кері байланыс
3мин
<<Екі жұлдыз,бір тілек>>
Өзара бағалау

Өзін-өзі бағалау

Жинаған ұпайларын санап, топ басшысы бағаларын шығарады.
Стикер арқылы бағалайды.
Үйге тапсырма беру
2мин
Мысалды мәнерлеп оқу. Шегіртке мен құмырсқаның іс-әрекетін сипаттайтындай мақал-мәтел жинақтау
Берілген тапсырмаларға байланысты материалды жинақтайды.

Ұқсас жұмыстар
Абай "шегіртке мен құмырсқа". ана тілі пәнінен ашық сабақ
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ШЕГІРТКЕ МЕН ҚҰМЫРСҚА
Шегіртке мен құмырсқа
Шегіртке мен құмырсқа жайлы ақпарат
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабақ жоспары
ІІІ деңгей
Қанағат - қарын тойғызар. 3-сынып
Бунақденелілердің отрядтары
Жоғары ұпай
Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі
Пәндер