Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Жастықтың жалыны бар бойымызда

Жүргізуші: <<Ұшқын>> жас мамандар мектебінің жетекшісі
Гаухар Сауалханқызы Акимжанова

Тақырыбы: Жастықтың жалыны бар бойымызда

Мақсаты: Биылғы оқу жылында жұмысқа қабылданған
жас мамандардың өзін ұжымға таныстыруы.

Жүргізуші:
Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
Беттерін ұстаз дастан парақтасам,
Жанымды толтырады бұла мұңға.
Ұстаз! Ол - ақыл ойдың кені емес пе?
Көшбастарзамананыңеріемеспе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол - күллі әлемнің нұры емеспе?
Алдамасын үміт бізді жетелесін арманға,
Ұстаздардың қасиетін кемітетін жан бар ма,
Еліміздің келешегін тәрбиелеп отырған,
Бас иіңдер, Ұстаз деген қасиетті жандарға!

Армысыздар! Білім арқылы егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер <<барыс>> текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана сіңіруде қажымай еңбек етіп, тер төгіп келе жатқан адал жандар. Бүгінгі төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Осындай мерекелік күні ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп қосылған жас мұғалімдермен қатар, осы оқу орнында еңбек жолының алғашқы жылдарын бастап жатқан барлық саладағы жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз. Осы жас мамандарымыздың өздерін таныстыру және өнерлерін ортаға салу мақсатында дайындалған <<Жастықтың жалыны бар бойымызда>> атты танысу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Қош келдіңіз құрметті көрермендер!
Әрдайым қуанышқа кенелгендер.
Бастайық кешімізді рұқсат ет
Бәріңіз тамашалап көріңіздер

Ендеше бүгінгі кешімізге келіп отырған жасмамандарды ортаға шақырайық.
1. Өзі сондай байсалды
Сабырлы, әрі салмақты,
Қос жұмысты алып жүрер
Гауһар біздің жан-жақты.
Құндызбай Гауһар Ерболқызы - арнайы пән оқытушысы әрі колледж диспетчері
Ұстанымы: <<Көкірегінде сәулесі жоқтың, көңілінде сенімі жоқ>>.
Тәлімгері: Нұртазинова Жансая Серікқызы

2. Білімді серік еткен өн бойына,
Жеті өнерді жинаған өз қолына
Сабырлы да, салмақты бұл Арайлым
Шығады әлі талай биік шыңға.
Алданазарова Арайлым Мұханмеджанқызы - арнайы пән оқытушысы
Ұстанымы: Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.
Тәлімгері: Берлібекова Анар Ерғалиқызы

3. Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық.
Кешіміздің келесі бір қонағы
Қосылады қатарға Айдана келіп.

Оразбаева Айдана - диспетчер
Ұстанымы: <<Білсе білім - күнде бақыт кісіге,
Үлкен атақ содан келер кішіге>>
Тәлімгері: Сулейменова Әлия Зейнулгабденовна

4. Ойында мейірім, ақ тілек.
Жүреді әр кез, бақ тілеп.
Анар біздің қашанда
Сыпайы, әрі ақ жүрек.
Серікбай Анар Серікбайқызы - әлеуметтік педагог.
Ұстанымы:<<Желге қарсы жүрсең ғана, жеңіс туы желбірейді>>
Тәлімгері:Мукишева Майра Абдрахмановна

5. Психолог мамандығын меңгерген,
Балалардың жан дүниесін зерделер.
Сезімнің құпиясын ашатын
Ботагөз бар жақсылыққа жетелер.
Молдабергенова Ботакөз Нұрланқызы - психолог маман
Ұстанымы: <<Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек>>
Тәлімгері: Қомарова Айжан Қомарқызы

6. Алдыңызда ерке қыз Жібек деген.
Сызу пәнінен балаға дәріс берген.
Қиынын мамандықтың таңдап алды.
Болған соң қыр-сырына тереңдеген.
Жібек Өмірханқызы - сызу пәнінің оқытушысы.
Ұстанымы: <<Толассыз іздену, ерінбей үйрену, өзгеге үйрету>>
Тәлімгері: Омарова Нұргүл Тілегенқызы.

7. Елін, жерін сүю үшін шәкірттер
Болу керек патриот, намысты ер.
Мұғалімдік мамандыққа керек ақ
Қуаныштай адал жанды жігіттер
Қосыбаев Қуаныш Ержанұлы - арнайы пәндер оқытушысы.
Ұстанымы: <<Шыдаудың өзі ащы болса да, жемісі тәтті>>
Тәлімгері: Ахметжанова Назгүл

Бүгінгі танысу кешіміздіжас мамандар әнұранымен бастаймыз.
Жас мамандар әнұраны.
(<<Армандастар, құрдастар>> өлеңінің әнімен)
1. Арман, мақсат, тілегі бір жастар едік,
Еңбек жолын бәріміз бір бастап едік.
Жастық жалын жігерімен шабыттанған,
Біз бүгінгі жас маман.
Қайырмасы:
Шебер ұстаз болу да бар ойымызда,
Жастық оты лапылдаған бойымызда.
Арманымыз бірге, орындалсын күнде,
Бәрімізде бірдей мақсат, бір мүдде.
2. Ұлағатты ұстаздардан үлгі аламыз,
Келешекте ісін жалғап біз барамыз.
Жас бүлдіршін, балғын бала, шәкірттердің
Ой санасын ашамыз.
Қайырмасы:
Білім беру жолында еш аянбаймыз,
Шәкірт үшін мәуелі бақ саяңдаймыз.
Тілегі бір жастар, жақсылыққа бастар.
Ісі үлгі, жаны ізгі ұстаздар!

ІІ бөлім:
Жас көңілдер жайнасын,
Шешен тілдер сайрасын.
Таныстырар өздерін
Жас мамандар қайдасың?
Бүгінгі кешіміздің екінші бөлімінде сіздердің назарларыңызға Республикалық телеарналардан берілетін бағдарламаларды ұсынамыз.
1. Олай болса, баршамызға таңмен бірге бақ тілеп, ұйқымыздан оятар <<Қазақстан>> Ұлттық телеарнасының таңғы көңілашар бағдарламасы - <<Таңшолпанды>> тамашалаңыздар.
(Алданазарова Арайлым Мұханмеджанқызы өзін таныстырады)

2. Бабаларымыз 13 жаста отау иесі дей отырып, осы жастан бастап балаларының болашақ тағдырын алдын ала шешуге тырысқан. Дәстүр бойынша жеңгелер тұрмысқа шықпаған қайын сіңлілеріне жар қарастырған. Кейінгі уақытта бұл дәстүр ұмытылуда. Ата-бабаларымыздың
салт-дәстүрін жандандыра отырып, адамдарға екінші жартыларын табуда көмек көрсетуді көздейтін, жастардың отбасы бақытына қол жеткізулеріне жәрдемдесу мақсатында көрсетілетін <<Жетінші арнаның>> тың туындысы <<Жар-Жар>>ток-шоуы.Жетіншімен бірге жарасымды
жұпты тамашалаңыздар.
(Серікбай Анар Серікбайқызы өзін таныстырады)

3. Тойдың барлық ерекшеліктері мен қажеттіліктері ескеріліп қолға алынған жоба, нағыз халықтық думан, еліміздің ең басты тойы - <<ТойBestStar>> бағдарламасы.
(Молдабергенова Ботакөз Нұрланқызы өзін таныстырады)

4.<<Қазақстан>> Ұлттық арнасынан бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін әйелдердің беделі, отбасындағы күйі, әлеуметтік жағдайы, бала тәрбиесіндегі маңызы, ерлі-зайыптылардың бүгінгі болмысы қозғалатынжаңа жоба - <<Әйел бақыты>> атты ток-шоуды тамашалаңыздар.
(Оразбаева Айдана өзін таныстырады)

5. Түнгі уақыт - өз өзіңмен қалып, күнделікті дүрбелеңнен бой суытып, бірді екілі дос-жаранмен риясыз әңгімелесетін қолайлы шақ... Дәулетті елордамыздың әсем сәулетімен безендірілген <<Сырласу>> студиясы арна көрермендерін бей-жай қалдырмайтыны анық.
(Жібек Өмірханқызы өзін таныстырады)

6. Келген қонақ пен жүргізуші арасында белгіленген бір тақырып аясында емес, кез келген тақырып бойынша әңгіме өрбітіп, еркін сұхбат жүргізілетін, қатысушыларға орынды қалжың арқылы саяси сынаулар мен ойландырар сауалдар қойылатын, отандық және шетелдік жұлдыздардың қатысуымен өтетін, көңілді шоу-бағдарлама - "Түнгі студияның" көрермені болыңыздар.
(Құндызбай Гауһар Ерболқызы өзін таныстырады)

7. Кешкілік қоғамдық көлік күтіп жолда тұрғаныңызда үйіңізге әп-сәтте жеткізіп салар <<Такси>> бағдарламасын тамашалаңыздар.
(Қосыбаев Қуаныш Ержанұлы өзін таныстырады)

Тәуелсіздік таңы сендер, білемін,
Болашаққа бар білімін берерін.
Барыс текті жастар ғана келешек,
Жалындатып биік шыңда жүретін - дей келе жас мамандарымызды ортаға шақырамыз.
Жас ұрпақтың жарқын болашағына жұлдызды жол салатын, құзіретті тұлға, жас маман - Сіздерсіздер! дей келе, жас мамандардың ұстаздық еңбек жолына бағыт беріп, сәттілік жолдау үшін Жезқазған қалалық депутаты, Білім меценаты, колледж құрылтайшысы Бекзат Қомарұлына ақ жол тілек берелік.
1-жүргізуші: Кешімізді қорытындылау үшін колледж директоры Светлана Серікбайқызын ортаға шақырамыз.

(Марапаттау рәсімі)

Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін,
Мақcатыма жеткізер - уақытыма сенемін,
Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен өнеріме сенемін.
Арым- таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін! - дей келе бүгінгі танысу кешін аяқтаймыз. Бойларыңыздағы жастық жалындарыңыз сөнбесін!

Ұқсас жұмыстар
Ата тәуелсіздік
"Қайсарлық пен батылдық"
Аялай біл сен деп соққан жүректі 7-сынып
Ауғанның от-жалыны
Ғажап туынды - киіз үй
Алға, Ұландар
Оқушылардың бойындағы батылдық қасиеттерін дамыту
Қорғағыш газ қабаты астында пісіру
Махамбет Өтемісұлы Жалғыздық , Мен құстан туған құмаймын
Сүйіспеншілік нұры
Пәндер