Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Табиғат тіршілік көзі

Тақырыбы:Табиғат тіршілік көзі
Мақсаты:
Білімділік: оқушыларды туған жерін сүюге, табиғатты аялай және қорғай білуге баулу;
Дамытушылық: оқушылардың қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен жауапкершілігін арттыру;
Тәрбиелік: оқушылардың халық ауыз әдебиетінсн табиғат туралы білімдерін кеңейту.
Көрнекілігі: << Табиғат адам үшін жаралыпты
<< Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ
<<Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ>> нақыл сөздер тақтада
Барысы: << Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді
Қадыр Мырзалиев.
1 - оқушы:Маншук
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын,
Пәк табиғат әр жүректің тамылжығын жырысың.
Ей адамзат !Ақылға сал,қатыгездік жасама,
Өзің - дағы содан тудың- табиғаттың ұлысың
2 оқушы Гүлден
Табиғатың құпиясы тұңғиық,
Көз жетпейтін мұнарасы тым биік,
Білген сайын сырын оның жүреміз
Жүректерге өшпес жалын нұр құйып

Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иетін
Атаңнан мал қалғанша тал қалсын деп
Халқың айтқан орынды өсиетін

1 оқушы Маншук
Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр десеңізші. Таиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс - мекені, алтын ұя бесігі, құт - берекесі. Адам үшін табиғат - ең қасиетті де қастерлі ұғым, өйткені адамның өзін дүниеге келтірген аяулы Анасы, сондықтан да адамның табиғатты Ана деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр.
2 - оқушы: Гүлден
Қазақ халықының бар өмір - тіршілігі табиғатпен етене байланысты. Сан ғасырлар - бойы халқымыз сол өзін аялаған табиғат құшағында тіршілік ете жүріп онын сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді және сол туралы орынды тұжырым, пікірлерге келеді.
Халқымыздың табиғат жөніндегі ой - пікірлері оның құбылыстармен, заңдылықтарымен үнемі үндесіп жатты. Халық өзін табиғаттың бір бөлінбес бөлігі, құрамдас тобы деп есептеледі. Сондықтан да табиғат бірлікте өмір сүру қажеттілігін ерте кезде - ақ сезінді. Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістерін сай көшіп - қонып жүріп өз шарауашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.
1 - оқушы:
Халқымыздың табиғатқа деген зор сүйіспеншілігі табиғаттың көркем келбетін, арайлы ажарын, сұлулық сымбатын сезіне білуінен бірте - бірте қалыптасқан. Табиғат сұлулығынан, әдемілігінен, әсемдігінен бойына қуат, жүрегіне шуақ алып аса зор іңкәрлік сезімге бөлінген және табиғат сұлулығының алдында бас иген. Халқымыздың мақтанышы болған ақын Мағжан Жұмабаев жырларында туған жерге деген ыстық сезім мен зор сүйіспеншілік айрықша айтылған.

Табиғат
Орманы, тауы, сулары Табиғат - біздің анамыз
Қандай әсем нұр таңы Оны аялап бағамыз
Алуан түрлі аңдары Бар байлығын игеріп,
Мезгіл сайын өзеріп, Өркендейміз, жанымыз
Далаға тұрар оң беріп Мәпелейміз анадай
Қыс та, көктем, жазы да Гүл егеміз аялай
Күздері қандай жазира Шуағын төгіп әрқашан
Табиғат - Ана, жер - Ана Күліп тұрсын әрқашан.
Мәңгілік адам бесігі
Қуат беріп жаныма
Ашылған өмір серігі.

Көрініс.
Әкесі мен баласы орманға келеді.
Әкесі: Анғашта қалмапты ғой өзі?
Баласы: Әке, бар ағашты өзіміз қырып болдық қой.
Әкесі: Әй балам, әне жас қайың тұр екен, соны кесейік дейді.
Баласы: Әке ол әлі жас қой, әлі өссінші. Обал емеспе, табиғаттың сәні емеспе?
Әкесі: Немене, табиғатқа жаның ашып қалды. Заманның бізге жаны ашыпағанда, табиғатты ойлайды деп тұрсың ба? Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын.
1 - оқушы:
Ақ қайыңды қырқып жатқанда құс ұшып келеді.
Әкесі: Мына құс қайтеді өзі шиқылдап, балам таспен атып ұшыршы.
Құс: Тимендерші бұл ақ қайыңға ұямды бұзбандаршы, қырықпандаршы.
Баласы: Әке, өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты қырыпай - ақ қояйықшы
Әкесі: Көп сөйлеме, ұста араны: Ай сенде нәзік жүрек. Мә саған!
1 - оқушы:
Құсты таспен атып ұрады. Ағашты әкесі мен баласы кесіп әкетеді.
Содан құс:
Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,
Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына бала
Табиғаттың ысырапсыз пайдаланып бар байлығын не көрінді?
Не қалады артындағы ұрпағына?
Мен көрдім жас қайыңның құлағанын бас ұрып қара жерге сұлағанын
Сарғайып жапырағы өлімсіреп, байғұстың кім тыңдады жылағанын.
1 - оқушы:
Құс әлсіреп шығып кетеді.
Қорытынды: Табиғатты қорғау барша халқымыздың міндеті. Сондықтанда табиғатымызды аялап өтейік
Табиғатым сырың терең сенің неткен,
Тау мен тастан сыңғырлаған сұлу өзен
Күн көзінен күмістей шағылған нұр
Көз алдымда көк орай гүлді кезең
Кең даламда шертілген сыбызғы үні
Тебіренген бар тіршілік,аспан нұры
Құстар да қылықтап жан тербеген
О,табиғат,не деген керемет ең
Сенің әсем бейнеңнен әсер алам
Ағаштарың әдемі бұралған
Бар керемет қасиет сенен екен
Әрқашан да боламын саған қорған.
Табиғаттан нәр алғангой жанымыз
Жер бетінің ажары ол сәніміз
Туған өлке табиғатын аялап
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз
Табиғат сен тіршілік тұнып тұрған
Сен күнсің көтерілген күліп қырдан
Сен - көлсін
Сен ормансың
Сен бұлбұлсын
Адамға сұлулықты шын ұртырған

Ұқсас жұмыстар
Табиғатқа тілек айту
Табиғатқа нелер зиянды деп ойлайсыңдар
″Су тіршілік көзі″
Балалар сендер сиқырлы қасиетіне көз жеткізіңіздер
"Ағза және қоршаған орта"
Су – тіршілік нәрі
Топты қорғау
Сұңқар құстың самғағаны әдемі
Су - тіршілік нәрі жайлы ақпарат
Адам - табиғат пен Жер - Ана перзенті
Пәндер