Ми бөліктері

Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе ауданы

Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі

Биология пәні мұғалімі: Тойшыбаева Салтанат Бейбітқызы

Сабақтың тақырыбы: Ми бөліктері

Мақсаты: 1) Адам миының бөліктерімен, үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтарының ерекшеліктерімен танысу, білім мазмұнын жетілдіру.

2) Оқулық мәтінімен жұмыс жасай отырып, алдыңғы сабақтан алған білімді байланыстыра және салыстыра пайдаланып, икемдікті дамыту.

3) Адам миының қызметінің ерекшеліктері туралы ойларын сипаттай білуге үйрету және тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже : Оқушы:

- өз бетінше оқыған тақырыптың нәтижесін жеке, жұпта, сосын топта талқылауды үйренеді;

- мидың бөліктерін және үлкен ми сыңарларының аймақтарын біледі;

-өзара білім алмасуға үйренеді;

-сұрақтарға толық ақпарат беруді үйренеді;

--бірін-бірі тыңдауға үйренеді;

Түрі: Жаңа сабақты өздігінен меңгеру

Әдісі: Суретпен жұмыс, белсенділігін, шығармашылық қабілетін арттыру, сұрақ - жауап

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, суреттер, кеспелер, "Мидың бөліктері" кестесі, ми моделі

Суретпен жұмыс

*Суретке қарап, не айта аламыз?

*Бұл мидың сыңарлары нені білдіреді?

*Ми сыңарлары туралы тағы не білесіңдер?

Ойлан, тап!

1865 жылы ешкімге таныс емес француз дәрігері Марк Дакс Монпелье медициналық қоғамның отырысында қысқаша баяндамасын оқыды. Онда ол өзі емдеп жатқан сөйлеуі бұзылған 40 ауру адамды сипаттады. Олардың барлығында не зақымданған?

Жұмбақ шешу

Сырты қара орман, іші жазық құрлықты

Араласаң, табасың төрт бөлікті (Ми және мидың төрт бөлігі)

Суетті құрастыр

Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары қыртысының аймақтары

Түртіп алу

«V»- маған таныс;

«+»-мен үшін жаңалық;

«-»-мен білетін түсінікке сәйкес келмейді;

«?»-бұл туралы тереңірек білгім келеді.

/Оқулық мәтіні бойынша топтық тапсырмалар беру. Мәтінді жеке оқып, белгілермен белгілеу,

білгісі келетін сұрақтарды дәптерге жазып алу/.

Сұрақтарға жауап беру

І топқа:

1. Әрбір ми сыңары неден құралады?

2. Ми сыңарлары қандай қызмет атқарады?

ІІ топқа:

1. Үлкен ми сыңарларында қандай аймақтар бар?

2. Мидан қанша жүйке тарайды және олар неден басталады?

ІІІ топқа:

1. Жүйке жүйесінің гигиенасын сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек.

2. Никотиннің миға әсері қандай?

І топ

Ойлау және көру, есту аймағы

ІІ топ

Сөйлеу және сезу, тепе-теңдік аймағы

ІІІ топ

Қимыл және дәм сезу, қабылдау аймағы

Үш топқа да бірдей мидың суреті беріледі, үлкен ми сыңарларының аймақтары ми бөліктерінің қай жерінде орналасқанын жазып, көрсету.

1 - тапсырма

Аймақ атаулары
қызметі
Аймақ атаулары: 1. Көру аймағы
қызметі: А) маңдай бөлігінің алдыңғы орталық иірімі
Аймақ атаулары: 2. Есту аймағы
қызметі: Ә) төбе бөлігінің артқы орталық иірімі
Аймақ атаулары: 3. Иіс сезу және дәм сезу орталығы
қызметі: Б) шүйде бөлігі
Аймақ атаулары: 4. Тері-бұлшық ет сезім аймағы
қызметі: В) төбе бөлігі
Аймақ атаулары: 5. Қимыл -қозғалыс аймағы
қызметі: Г) самай бөлігі
Аймақ атаулары: 6. Ассоциациялық аймақ
қызметі: Ғ) самай және маңдай бөлігінің ішкі беті

2 - тапсырма

1. Жұлын
А) Жоғары жүйке әрекеті
1. Жұлын: 2. Сопақша ми
А) Жоғары жүйке әрекеті: Ә ) Дене қимылын үйлестіру, бұлшық ет тонусы
1. Жұлын: 3. Мишық
А) Жоғары жүйке әрекеті: Б) Тыныс алу, ас қорыту, жүрек -қан тамырлары жүйелерінің орталықтары
1. Жұлын: 4. Ортаңғы ми
А) Жоғары жүйке әрекеті: В) бағдарлау рефлекстері, бұлшық ет тонусын реттеуге қатысу
1. Жұлын: 5. Аралық ми
А) Жоғары жүйке әрекеті: Г) зат алмасу, дене температурасын реттеу, нейрогуморальдық реттеуге қатысу
1. Жұлын: 6. Үлкен ми сыңарының қыртысы
А) Жоғары жүйке әрекеті: Ғ) қимыл - қозғалыс және вегетативті шартсыз рефлекстерді жүзеге асыру.

Бағалау парағы

Топ мүшелері

Критерийлер

Топ мүшелеріКритерийлер:

1. Суретпен жұмыс

Толық айтылса 5

Жартылай айтылса 3

Мүлдем айтылмаса 0

:
:
:
:
Топ мүшелеріКритерийлер:

2. Түртіп алу

Толық жауап берсе 4

Жартылай жауап берсе 3

Мүлдем айтылмаса 0

:
:
:
:
Топ мүшелеріКритерийлер:

3. Суреттер сөйлейді

Тапсырма дәл жазылса 5

Жартылай жазылса 3

Мүлдем жазылмаса 0

:
:
:
:
Топ мүшелеріКритерийлер: Қорытынды бағасы
:
:
:
:

Үйге тапсырма: 16 Білгісі келетін сұрақтарға жауап іздеп келу.

34сурет Мидың сыртқы құрылысының суретін салу.


Ұқсас жұмыстар
Ми бөліктері және үлкен ми сыңарлары
Мидың негізгі бөлімдері
Ми.Ми бөлімдері,олардың құрылысы мен қызметі
Аяқ терісінің бездері
Иіс сезу орталығынан
Тәжірибелік жұмыстардың биология пәнін оқытудағы маңызы
Сезім мүшелері. 8-сынып
Жүректің құрылысы
Қаңқаның негізгі бөлімдері
Қаназдық ауруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz