Сабақ жоспары :: Биология
Файл қосу
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі
Биология пәні мұғалімі: Тойшыбаева Салтанат Бейбітқызы
Сабақтың тақырыбы: Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жалпақ құрттар жөнінде түсінік беру.Құрттардың кірпікшелі,паразит түрлерімен таныстыру Дамытушылық: Құрттардың ішекқуыстыларға ұқсастығын, айырмашылығын дене мүшелерінің күрделене дамуын көрсету. Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту. Тәрбиелік : Жалпақ құрттардың табиғаттағы рөліне тоқтала отырып, ауру туғызатын түрлерінен сақтану шараларын үйрету.
Сабақтың типі: Жаңа білім негізін қалыптастыру. Сабақ түрі: Аралас, проблема туғыза отырып оқыту Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті Сабақтың көрнекілігі: Слайд, видео көрініс
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Жаңа сабақ
Жалпақ құрттар:
Екі жақты симметриялы Үш қабатты: энто-,мезо-,эктодерма
Тері бұлшық етті қапшық қаптаған
Дене тұрқы шұбалаңқы
Пішіні жапырак тәрізді немесе таспа тәрізді
Бауыр жағы арқасына жабысқан, қуыс жоқ.
Асқорыту жүйесінің нышаны байқалады
І топ: КІРПІКШЕЛІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ.
АҚ СҰЛАМА - БЕЛАЯ ПЛАНАРИЯ
Ақ сұлама - еркін жүзіп қимылдайтын, жалпақ құрттарға жататын кірпікшелі құрт. Денесі кірпікшелі эпителий жасушаларымен қапталғандықтан, кірпікшелілер класына жатады. Ақ сұлама суда кірпікшелерінің көмегімен еркін жүзе алады.
СҰЛАМАНЫҢ ДЕНЕ ҚИМЫЛЫН РЕТТЕЙТІН ӘР ТҮРЛІ БҰЛШЫҚЕТТЕРІ БАР:
Сақиналы бұлшықеттер - сыртқы қимылды реттейді. Қиғаш бұлшықеттер - аралық қабат қимылын реттейді. Бірыңғай салалы бұлшықеттер - ішкі қабаттағы қимылын реттейді.
ІІ топ: Сорғыш құрттар класы Өкілдері:
Бауырсорғыштың жіктелуі Патшалық: Жануарлар (Животные) Бөлім: Билатеральдылар (Билатеральные) Бөлімше: Алғашқы ауыздылар (Первичноротые) Типі: Жалпақ құрттар (Плоские черви) Класы: Сорғыш құрттар(Сосальщики) Өкілі: Бауырсорғыш(Печеночный сосальщикия)
Бұл класқа жататын жәндіктер паразиттік жолмен өмір сүреді. Дене пішіні жалпақ, жапырақ тәрізді. Қоректік денеге сорғыштарымен жабысады. Екі сорғышы болады: біреуі-аузында, екіншісі - бауырында. Осы сорғыштармен қоректік денеге жабысып , бұлшықетті жұтқыншағының сору қимылы арқылы қорегін сорады. Бұлар сондықтан сорғыш құрт аталған. Сорғыш құрттың денесінде кірпікшелер болмайды. Негізгі иесінің бауырындағы өт жолында сорғыштарымен бекініп, өтпен қоректенеді. Сондықтан бауырсорғыш деп те аталады. Кірпікше тек дернәсілдерінде ғана болады. Қоректік зат қалдығын шығаратын өзек болмағандықтан, оны аузынан сыртқа шығарады. Көзі де жоқ. Тіршілік әрекеттерінің даму айналымы өте күрделі.
Төрт түлік әсіресе қой мен сиыр ылғалды жайылымда жайылған кезде оттыға алмай, денесі қызып, ісініп, арықтау салдарынан бауыршірік ауруына(ғылыми атауы-фациолез) шалдығады. Мұндай аурумен ауырған малдың өліп қалуы жиі ұшырайды. Сондай малдың ішін жарып, қарасақ, оның бауырының кішірейіп, өт өзегінің кеңейгені бірден көзге түседі. Өт өзегінің кеңейген жерін жарып қарасақ, ауруды тудырушы паразит - бауырсорғыш деп аталатын құрт шығады. Демек бауырсорғыш мал бауырында тіршілік етеді.
ІІІ топ: Таспа құрттар
Таспа құрттар - жануарлар мен адамның ішегінде, кейде басқа да мүшелерінде паразиттікпен тіршілік ететін эндопаразит жәндіктер. Бұлардың сыртқы пішіні таспаға ұқсас жалпақ және ұзын болып келгендік-тен, таспа құрттар деп аталады.
Таспа құрттардың ерекшеліктері: Дененің сыртын сірқабық қаптайды.
Жүйке жүйесі басында жүйке жасушаларының жиынтығын түзіп, екі желілі жүйке құрттың денесін құйрығына дейін бойлай созылады.
Көзі, асқорыту және тынысалу мүшелері, қанайналым жүйесі болмайды.
Зәршығару жүйесі дененің ең соңғы бунағында екі өзектен қосылып, сыртқа ашылатын зәршығару түтіктерінен құралады.
Солардың бір түрі сиыр цепені. Сиыр цепені ересек цепень адам ішегінде мекендейді де, дернәсілдері мүйізді ірі қараның - сиырдың денесінде дамиды, сондықтан сиыр цепені деп аталады.
Сиыр цепенінің жіктелуі Патшалық: Жануарлар (Животные) Бөлім: Билатеральдылар (Билатеральные) Бөлімше: Алғашқы ауыздылар (Первичноротые) Типі: Жалпақ құрттар (Плоские черви) Класы: Таспа құрттар (Ленточные) Өкілі: Сиыр цепені (Бычий цепень)
Шошқа цепені - Свиной цепень
Дене тұрқы 3 метрге дейін жетеді. Бұл адам ішегінде болатын паразит. Денесінің алдыңғы ұшы түйреуіштің басындай кішкене бастан тұрады, басында төрт сорғышты және өткір, ұсақ қармақшалар орналасқан. Қармақшалардың және сорғыштардың жәрдемімен адам ішегіне берік жабысып алады. Басына мойын жалғасады, мойыннан кейін 1000-нан астам бунақтар орналасады. Адамның ас қорыту сөліне төзетін тығыз қабықша - кутикуламен қапталады. Өте өсімтал. Адамның нәжісімен қоса шыққан шошқа цепенінің жұмыртқаға толы үзігін қоқысты тіміскілеп жүрген шошқа қорегімен бірге жұтып қоюы мүмкін. Шошқа ішегіне өтісімен, жұмыртқадан кішкене жұмыр личинкалар пайда болады да, қан арқылы бұлшық еттерге өтіп финнаға айналады. Финнасы бар шала піскен шошқа етінен цепень соңғы иесі адам ішегіне өтіп, тіршілігін жалғастыра береді.финнаның көзде де дамуы мүмкін, мұндай жағдайда адам соқыр болып қалуы мүмкін.
Шошқа цепенінен сақтанудың негізгі шарты - шошқа етін дәрігерлік тексеруден өткізу. Сондай-ақ шошқа етін толық пісіріп жеу керек. Адамда шошқа цепенін жұқтырудан болатын ауруды тениоз деп атайды.
Оқушыларға сиыр цепенінің дамуы жайында бейне үзінді көрсетіледі.
Сіз білесіз бе?
Паразит құрттардың (ішқұрт) ең ірісі - көк киттер мен кашолоттардың ішегінде өмір сүретін таспа құрттар немесе цепендер екен. Кошолот ішегінен алынған цепендердің бір данасының ұзындығы 30 м болыпты. Сөйтіп оның ұзындығы өз иесі - кашалоттан асып түскен.
Адам денесінде паразиттік тіршілік ететін, ұзындығы
15-20 метр жалпақ қияққұрттың 3000-4000 буылтықтары болады екен.
ІІІ. Бекіту тапсырмалар І топ: Суреттер сөйлейді ІІ топ: Сөз жұмбақ ІІІ топ: Биологиялық диктант
Сөзжұмбақ "Паразит"
1.Жалпақ құрттар типінің бір класының атауы? 2.Қосжыныстылықты не дейді? 3.Құрттардағы эктодерма мен энтодерманың арасындағы қабат? 4.Паразит құрттардың сыртын қаптайтын қабық? 5.Алғаш жалпақ құрттарда пайда болған жүйе? 6.Таспақұрттың 2-і дернәсілінің атауы? 7. Жалпақ құрттарда қандай жүйе жоқ?
Биологиялық диктант
Жалпақ құрттар типіндегі ағзалардың ішекқуыстыларда болмаған жаңа жүйесі бар. Жаңа жүйе ....................................... деп аталады. 2. Зоология ғылымының паразит құрттарды зерттейтін саласы .................................. деп аталады. 3. Ағза денесінің сыртында паразиттік жолмен тіршілік ететін жәндіктер ........................ деп аталады. 4. Жалпақ құрттар .......... класқа жіктеледі. 5. Жалпақ құрттар денесі .............. қабаттан тұрады. 6. Сорғыш құрттар класының өкілі - ........................
Тест тапсырмалары
1. Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктерге қандай белгілер тән? А. Екі жақты симметриялы В. Радиальды симметриялы С. Екі қабатты жануар Д. Целомды жануар
2. Жалпақ құрттар типінің ішекқуыстылардан ерекшелігі неде? А. Көп жасушалы жануарлар; В. Жасушалары жіктелген; С. Үш қабатты; Д. Екі қабатты.
3. Жалпақ құрттарды қандай кластарға бөледі? А. Кірпікшелі, буылтық; В. Сорғыштар, жұмыр, буылтық; С. Таспа құрттар, аз қылтанды, сүліктер; Д. Кірпікшелі, сорғыштар, таспа;
4. Сиыр цепенінің дернәсілі қайда дамиды? А. Адам ішегінде; В. Топырақта; С. Сиыр денесінде; Д. Тоған суда.
5. Жалпақ құрттар типіндегі ағзаларда қантарату, тынысалу жүйесі болама? А. Болады; В. Болмайды; С. Дұрыс жауап жоқ; Д. Бәріде.
6. Жалпақ құрттар типіндегі ағзалар қалай тыныс алады? А. Өкпесімен; В. Тыныс алу жүйесімен; С. Желбезекпен; Д. Бүкіл денесімен.
7. Кірпікшелі құрттар класының өкілі? А. Бауырсорғыш; В. Ақ сұлама; С. Сиыр цепені; Д. Сүлік.
8. Алғаш жалпақ құрттарда пайда болған жүйе? А) Ас қорыту В) Қан тарату С) Тыныс алу Д) Зәр шығару
9. Эктодерма мен энтодерманың аралығындағы аралық жасушалық қабат? А. Мезодерма; В. Сірқабық; С. Піллә, Д. Эктодерма.
10. Паразит құрттарды зерттейтін сала? А) Палеонтология В) Протозоология С) Гельминтология Д) Микология
ІV. Бағалау
V. Үйге берілген тапсырма:
Мына терминдерге анықтама беру.
Эндопаразит, эктопаразит, сірқабық, гельминтология, мезодерма

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz