Тақырып - Көктем келді

D:\нур\DCIM\Camera\2014-09-25 07.54.59.jpg

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Миялы селосы

МКҚК «Жасұлан» бала бақшасы

Маутова Нұрила Ерболатқызы

Бала бақша тәрбиешісі

Тақырыбы: Көктем келді.

Білім беру саласы : Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Тіл дамыту

Мақсаты:

Білімділігі: Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін тереңдету.

Дамытушылығы: Балалардың тілдерін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Табиғаттың ерекше бір көрінісін сипаттай отырып, сүйіспеншілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Суреттер, слайд, жасанды гүлдер, құстар

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Іс-әрекет кезеңдері:

Балаларды тапсырманы орындауға қызықтыру

(талпындыру)

Тәрбиешінің іс-әрекеті:

-Балалар бәріміз ортаға шығып «Шаттық шеңберін» құрайық. Бір-бірімізге күлімсіреп, алақандарымыздың жылуы арқылы бір-бірімізбен амандасайық. Қанекей балалар саусақтар арқылы бір-бірімізге жақсы көңіл-күйімізді таратайықшы!

- Біздің шеңбер неге ұқсайды екен?

- Балалар сендердің бүгінгі көңілдерің күннің көзіндей жарқырайды.

Баланың іс-әрекеті:

Бір-біріне алақандарын жақындатады.

-Күннің шуағына.

Іс-әрекет кезеңдері: Балаларды ізденушілікке ұйымдастыру
Тәрбиешінің іс-әрекеті:

Сондықтан күн шуақтарын сендердің есімдеріңмен атаймыз.

- Балалар, қандай жарқыраған көңілді күн болды. Бізге беріп тұрған жылуын сезіп тұрсыңдар ма?

- Жыршы құстар көп келді

Гүлдер жапты бөктерді

Кел орманым әнменен

Қарсы алайық көктемді.

- Балалар, бұл өлең жолдарында не туралы айтылған?

-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?

-Қазір жылдың қай мезгілі

- Дұрыс айтасыңдар! Бір жылда төрт мезгіл бар - қыс, көктем, жаз, күз.

Слайд: Жыл мезгілдері (төрт мезгіл көрсетіледі)

- Көктем айларын атаңдаршы?

- Көктемнің белгілері қандай?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар.

Слайдпен жұмыс жүргізу : слайд суреттерін әңгімелеп беру.

D:\Маруся\Арай333 020.png

D:\Маруся\Арай333 008.png

- Орманда аңдар оянады деп айттыңдар, қане орманда не болып жатыр екен?

Осы кезде музыка ойналып

-« Алақай көктем келді! Көктем! Ояныңдар, ояныңдар!», - деп қарлығаш ұшып келеді.

D:\Суреттер\маруся сканер29.jpeg

Аю (қорбаңдап) : - « Бұл кім өзі мені ұйқымнан оятқан?

Мен аюмын, аюмын!

Көктемді мен сүйемін.

Балды жақсы көремін,

Балпаң - балпаң билеймін» -

маруся сканер8

деп аю келеді.

Тышқан інінен шығып:

-«Мен еңбексүйгіш тышқанмын. Еңбек еткенді жақсы көремін. Көктемнің жылуын әбден сағындым. Достарыма барайын» - деп кетеді.

http://cs312530.vk.me/v312530031/8e82/5xmPq7VI-ow.jpg

Қоян:

Көктем келді көңілді!

Секіремін қуанып.

Кел, достарым көктемді,

Қарсы алайық жыр салып.

Қол ұстасып шеңбер бойымен айналып: - «Көптен күткен, келді көктем. Алақай!» - деп шулап билейді.

D:\Суреттер\маруся сканер15.jpeg

Балалар, көрдіңдер ме ормандағы аңдар, құстар не істеп жатыр?

D:\Суреттер\маруся сканер3.jpeg

Б. Серікбаев: «Көктем келді»

Күн сен неге күркірейсің?

Құлын, неге құлдырайсың?

Көктем келді! Көктем келді!

Көктем келді! Көктем келді!

Жаңбыр, неге сіркірейсің?

Гүлдер неге жайнайсыңдар?

Көктем келді! Көктем келді!

Көктем келді! Көктем келді!

Бұлақ, неге сылдырлайсың?

Құстар неге сайрайсыңдар?

Көктем келді! Көктем келді!

Көктем келді! Көктем келді

Сергіту сәті: «Көктем келді гүл алып»

Балалар-ау, балалар!

Шақырады далалар.

Көктем келді гүл алып,

Құстар келді жыр алып.

Қос білекті сыбанып,

Жүгірейік қуанып.

Ойын: «Ненің дауысы?»

Құстар мен аңдардың дауысы компьютерден тыңдалады. Балалар ненің дауысы екенін тауып айтып беру керек. Содан кейін слайдтағы суреттерін көрсетіп, дауыстарын салыстырады.

Сұрақ-жауап:

-Балалар, наурыз айында қандай мерекелер өтті?

-Дұрыс айтасыңдар, Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. . Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. . Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. Адамдар бір-біріне қонаққа барады, наурыз көже пісіреді, ұлттық ойындар ойнайды.

Наурыз туралы кім тақпақ біледі?

  • Жарайсыңдар, балалар! Тақпақ көп біледі екенсіңдер!

Ойын: «Гүл жинау»

Балалар енді орманға барып гүл жинап алайық. (Жасыл түсті матаны жаямыз. Үстіне гүлдерді тастаймыз. Балалар бір-бір гүлден алып бір - біріне сыйлайды. )

Баланың іс-әрекеті:
  • Ия

-Құстар, гүлдер т. б

  • Төрт мезгіл бар
  • Көктем мезгілі

- Көктем айлары: Наурыз, сәуір, мамыр.

- Көктемде күн жылынады. Қар ериді. Құстар ұшып келеді. Аю ұйқыдан оянады.

Балалар таңырқай


Ұқсас жұмыстар
3-сынып. көктем. етістіктен өткенді қайталау
Үстеудің түрлерін ажырату
Көктем жайлы ақпарат
Шаршы
Заттың атын білдіретін сөздермен заттың қимылын білдіретін сөздердің байланысын меңгерту
Көктем келді, көктемгі табиғат өзгерістерімен таныстыру
Құстар біздің досымыз жайлы ақпарат
Құстар- біздің досымыз Құстар туралы
Көктем. көктем келді. ана тілі пәнінен ашық сабақ
Жылқы мәтінін оқу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz