Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Денсаулық. Дара және күрделі сөздер

<<Қостанай қаласы әкімдігінің А.М. Горький атындағы гимназиясы>> ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г. А. Байгужина
Орта мерзім жоспары.
Қазақ тілі
7-сынып
Мақсаты: <<Денсаулық - зор байлық>> тақырыбы бойынша оқушылардың қазақша сөйлеу дағдыларын, тілдесімдік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, күрделі сөздер туралы нақты білім беру.
Сөйлеу әрекетін ұйымдастыру барысында 7 модульді ықпалдастыра қолданудың тиімді жолдарын іздеу.
Модуль атауы
Денсаулық - зор байлық
Апта
Жетінші апта
Сабақ №
1.
2.
3.
4.
Сабақтың тақырыбы
Денсаулық. Дара және күрделі сөздер.
Ұйқының пайдасы. Күрделі сөздер.
Тісті күту. Қос сөздердің түрлері.
Тіл дамыту.
Негізгі мақсаты
Тақырып бойынша оқулықта берілген материалды игеру,
Денсаулықтың адам өміріндегі маңызы туралы оқулықта берілген материалға сүйене отырып, грамматикалық формаларды дұрыс қолданып, еркін айта алуға төселдіру;
сөз түрлерімен таныстыру, жалпы мағлұмат беру;
сөздік қорын байыту;
өз денсаулығы туралы ойландырту.
Денсаулыққа пайдалы нәрселерді тани білуге олар туралы айта алуға үйрету;
Ұйқы және оның пайдасы туралы айта алуға үйрету, ұйқы ережелерін жаттау;
Игерілген сөздерді сөйлеу барысында қолдану дағдысын дамыту;
Күрделі сөздердің түрлерімен таныстыру, ауызекі сөйлеу барысында қолдануға машықтандыру;
Саламатты өмір салтын ұстануға баулу.
Тіс күтімі жайлы мәтін негізінде дене мүшелерінің маңызы туралы айта алуға үйрету;
Қос сөздердің түрлерінің жасалу жолдарын түсіндіре алуға, айтылым, жазылымда қолдана алуға үйрету .
Мәтін негізінде өз ойын түйіндеуге, өз тәжірибесінен мысалдар келтіріп дәлелдеуге үйрету;
Сөйлеу барысында күрделі сөздерді, қос сөздерді еркін қолдануға баулу;
жағдаятты тапсырмаларды, СТО стратегияларын, диалогтік оқытуды қолданып сөйлеу әрекетін ұйымдастыру.
Қолданылатын модульдер, әдіс-тәсілдер
оқулықпен жұмыс,
<<Инсерт>> кестесі
<<Бағдаршам>>,
сұрақ-жауап, сұхбат,
<<Джигсо>> (мозайка)

сұрақ-жауап, сұхбат, оқулықпен жұмыс,
<<Түртіп оқу>>
<<Бағдаршам>>
<<Шаршы>>, <<Ыстық орындық>>
сұрақ-жауап, сұхбат, оқулықпен жұмыс, шағын тест, <<Түртіп оқу>>
<<Бағдаршам>>
<<Джигсо (мозайка)
<<Синквейн>>, эссе
сұрақ-жауап, сұхбат, оқулықпен жұмыс,
<<Бағдаршам>>
ролдік ойын,
<<Ақылдың алты қалпағы>>
Күтілетін нәтиже
Денсаулыққа ненің пайдалы, ненің пайдасыз екенін айта алады, өз пікірін ауызша, жазбаша жеткізе алады.
Қазақ тілінде қандай сөздердің күрделі, қандайының дара екенін ажыратып айтып бере алады;
Жағдаятты тапсымаларды орындау барысында өз бетінше жұмыс істеуге, мәселені талқылауға ұмтылады.
Денсаулықтың маңызы туралы айта алады, қазақ тіліндегі сөздердің жіктелуі, оның ішінде күрделі сөздер туралы білімін көрсете алады, ұйқының адам өміріндегі маңызы туралы, өз өміріндегі алатын орны туралы айта алады, ойланады.
Мәтіннің тақырыбын, негізгі ойын анықтай алады.
Сөйлеу әрекетін ұйымдастыруға бағытталған тапсырмаларды орындау барысында базалық білім қорын, бұрынғы өткен лексиканы қолдана алады.
Денсаулық туралы өткен сабақта танысқан сөздерді, құрылымдарды, маңызды пікірлерді қолдана отырып өз ойын айта алады; мақал мәтелдерді, грамматикалық формаларды (күрделі сөздерді, шылауларды) қолданады;
күрделі сөздердің түрлерін біледі;
тіс күтімі туралы айта алады.
Сөйлеуге ынталы, өз ойын айтуға тырысады.
Сөйлеу әрекетін ұйымдастыру барысында әр оқушы оқылған тақырыптар бойынша, өтілген материалдарды қолданып өз пікірін айта алтын дәрежеге жетеді.
Қос сөздердің түрлерінің жасалу жолдары туралы айта алады;
сөйлеу барысында қолданады;
тақырып бойынша сұрақ қоя алады, қойылған сұраққа жауап бере алады.
Оқушылардың жұмыс істеуі
(Топ, жұп,жеке)
Балалар бірігіп жұмыс істейді. Топ ережесін қайталайды
Мәтінді оқиды
<<Білемін>>, <<Білмедім>>, <<Түсініксіз>>, <<Білгім келеді>>
сұрақтары бойынша сөйлейді.
Балалар сөздікпен жұмыс істеп, оқулықтағы, мәтін ішіндегі сөздерді аудармасын іздеп, тауып сөздіктеріне жазады.
Мұғалім айтқан сөйлемдерді қолма-қол аударуға тырысады.
Дәптерге жазып алады
Жоғары деңгей - топтағы басқа оқушыларды жұмысқа бағыттап отырады және сыни ойлауға жетекші сұрақтар мен дәлелдерді келтіріп сарапшы қызметін атқарады, нақты түйін жасай алады
Орташа деңгей-талдау жұмысына қатысады және қорғаушы болады;
Төмен деңгейдегі оқушы-сурет, тірек бойынша сипаттайды және сұрақ-жауапқа қатысады;
(Топ, жұп,жеке)
<<Шаршы>>: өзіне түскен жағы бойынша бігенін, ойын айтады,
Бір- бірін қолпаштайды, тыңдайды, көмектеседі; таныс емес сөздерді өз беттерінше іздейді;
мұғаліммен бірігіп жұмыс істейді, бір - біріне көмектеседі.
Тексереді, бағалайды. Жауап парақтарын толтырады.
Оқушылар тілашар көмекші құралын қолданып тақырып бойынша диалог құрастырады.
<<Екі жұлдыз, бір тілек>> арқылы бірін - бірі бағалап шығады. А4 қағазына жазып, жылдам дауыстап оқып шығады.
Жоғары деңгей - топтағы басқа оқушыларды жұмысқа бағыттап отырады және сыни ойлауға жетекші сұрақтар мен дәлелдерді келтіріп сарапшы қызметін атқарады, нақты түйін жасай алады,көбіне өз бетінше жұмыс істейді.
Орташа деңгей-талдау жұмысына қатысады және қорғаушы болады;
Төменгі деңгейдегі оқушы бәрімен қосылып жұмыс істейді.
(Топ, жұп,жеке)
Көңіл - күйлерін көрсететін смайликті салып партаның астына жабыстырады.
Бір- бірін тыңдайды, қолпаштайды.
Оқушылар денсаулық үшін маңызды деп есептейтін түсініктерді кезектесіп жазады.
Дәптерлеріне көшіріп жазып алады.
Қойылған сұрақ бойынша пікірлерін айтады, сөздікті қолдануға болады.
Сөздерді оқып, топқа бөлінеді. Топ ережесін қайталайды, ролдерді бөледі.
Постер жасап, қорғайды..
Бірігіп, бір біріне көмектесіп жұмыс істейді.
Сабақққа қорытынды жасайды, түсініксіз болған жерлерді сұрайды.
Күнделікке үй жұмысын жазып алады.
Жоғары деңгей - топтағы басқа оқушыларды жұмысқа бағыттап отырады және сыни ойлауға жетекші сұрақтар мен дәлелдерді келтіріп сарапшы қызметін атқарады, нақты түйін жасай алады.
Орташа деңгей-талдау жұмысына қатысады, жоғары деңгей оқушысы екеуі бірігіп төмен деңгейлі оқушыны сабақтың әр кезеңінде сөйлетуге тырысады.
(Топ, жұп,жеке)
Балалар мәтін бойынша ролге бөлініп көрініс көрсетеді, білімі шамалы оқушылар оқулықты қолданады;
Бірін-бірі қолдап, қолпаштайды.

Жоғары деңгей - топтағы басқа оқушыларды жұмысқа бағыттап отырады және сыни ойлауға жетекші сұрақтар мен дәлелдерді келтіріп сарапшы қызметін атқарады, нақты түйін жасай алады, кез келген ролді орындай алады.
Орташа деңгей - талдау жұмысына қатысады және қорғаушы болады, кез келген ролді орындай алады.
Төмен деңгейдегі оқушы-сурет, тірек бойынша сипаттайды және сұрақ-жауапқа қатысады, сөзі аздау ролдерді, қарапайым ойларды өз бетінше алып шығады. Тақырып бойынша өз ойын айта алады, сөздерді біледі.
Бағалау түрлері
Формативті, өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, жұлдызша.
Формативті, өзара бағалау, өзін-өзі бағалау.
Формативті, өзара бағалау, өзін-өзі бағалау.
Формативті, өзара бағалау, өзін-өзі бағалау.
Негізгі ресурстар
Флипчарт қағазы, маркер, фломастер, интерактивті тақта,
стикер, бағалау парақтары, смайликтер

Флипчарт қағазы, маркер, фломастер, АҚТ, стикер, бағалау парақтары, смайликтер

Флипчарт қағазы, маркер, фломастер, АҚТ стикер, бағалау парақтары, смайликтер

Флипчарт қағазы, маркер, фломастер, АҚТ стикер, бағалау парақтары, смайликтер
Сілтемелер
Госстандарт от 3 ақпан 2013года № 115, күнтізбелік жоспар, Оқулық: Қазақ тілі, Артыкова Т., Ермекбаева Г., Алматы <<Атамұра>> 2012.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабақ жоспары
Дара және күрделі сын есім
Спорт - денсаулық кепілі. Сын есім және оның түрлері
Дара және күрделі сөздер
Есімдіктің мағыналық түрлері
Екінші сөйлем
Біріккен сөздің емлесі
Дара және күрделі сан есім. Оқушылардың теориялық ойлау қабілетін дамыту
Дара және күрделі сан есімдер
Практикалық тапсырмалар
Пәндер