Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні

Тақырыбы: <<Нұр себеле Ұлыстың ұлы күні>>.
Мақсаты: а )Білімділік:Оқушыларға Наурыз мерекесі туралы кеңінен түсінік
беру,ұлттық салт- дәстүрмен таныстыру.
ә)Тәрбиелік:Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын құрметтеуге ,
бірлікке ,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
б)Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін ,сөздік қорларын
жетілдіру.
Көрнекілігі:тақырыбы, мерекелік құттықтау, суреттер, ұлттық киімдер,ұлттық
аспаптар,гүлдер,ленталар,жемістер,шарлар,қоржын,
сөзжұмбақ,үнқағаз,ұлағатты сөздер,т.б
Әдісі:сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ.Жаңа сабақ.
Ұлттық мерекелер мен тойлардың тәрбиелік мәні зор.
<<Наурыз>> сөзі парсы тілінен енген. <<Нау>> -жаңа , <<руз >>- күн деген ұғымды білдіреді.Қазақстанда Наурыз мейрамы 1926 жылға дейін дейін тойланды да ,кейін тоқталып қалды.Тек 1988 жылдан бастап ресми түрде қайта тойлана бастады.
Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз Қыдыр ата қыдырады деп айтады.Сол себепті ,осы түн - Қыдыр түні деп аталады.Осы күні жалғыз шала сәуле болмас деп төрге қос шырақ жағылып қойылады.Күн сәулесі жер шарның шығыс бөлігінен таңғы сағат 3-ке тұспа-тұс келеді.Сондықтан да қазақ халқы жаңа жылды 22-наурыздың түс уақытында қарсы алады.Ұлыс күні наурыз көже пісіріледі.
ІІІ.Көрнекілікпен жұмыс.
Күннің жаңа нұры бар ,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
Ән <<Наурыз келді>>
Күттіріп келген жыл басы ,
Бізбен бірге жырлашы .
Елімнің дастарханына
Береке ,ырыс сыйлашы .
Ата-бабам тойлаған .
Наурызым армысың !

Жер шуаққа кенелді ,
Қуанышта ел енді
Наурыз келд ,салтымыз
<<Көгерсін >> деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы - береке,
Наурыз тойы -жыр-аңыз.
Қызып дулы мереке ,
Қызық думан құрамыз.
Наурыз -шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз .
Ән салып жастарымыз,
Би биледік бәріміз.
Би <<Наурыз думан>> биі

Егін өңін тоқытқан ,
Елдің көңілін шалқытқан ,
Бас иеміз саған ,Наурыз!
Қасиет еткен халқымыз ,
Жаңғырар дәстүр-салтымыз.
Сән-салтымен көрікті ,
Салтты, дәстүрді сыйлау үлкен міндет!
ІҮ.Ұлттық ойын <<Бәйге>>.
Наурыз тойы -береке ,
Наурыз тойы -жыр-аңыз .
Қызық дулы мереке ,
Қызық думан құрамы>>
Ү.<<Қыз бен жігіт >>айтысы.

1-айтыскер:
Айтыс айтыс болады,
Өлең айтса жөнімен
Наурыз тойын қыздырып,
Кім айтысар менімен?
2-айтыскер:
Біздің гүлден шиқылдап ,
Ұқсайды екен шөжеге.
Шөлдеп қапты шөжелер,
Шөлдегенге көже бер.
1-айтыскер:
Шуылдаған қозыдай
Ойнайтұғын ,Мақсат-ай.
Көже көрсе тауыспай ,
Қоймайтұғын ,Мақсат-ай.
2-айтыскер:
Қадай алмай түймеңді,
Жылауыңды қойдың ба?
Сабағыңды апаңнан
Сұрауыңды қойдың ба?
1-айтыскер:
Сүрінгенді мазақтап,
Жөнің жоқ қой күлетін .
Сен дейсің бе саусағының
Санын білмей жүретін.
Екеуі :
Жылдың басы -Наурыз.
Жырдың басы-Наурыз.
Наурызға жыр арнап,
Айтысармыз әлі біз.

Күллі дүние жайдары.
Желкілдеген гүлдерін,
Жер-анамыз жайнайды.
Наурыз - шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас-кәріміз,
Би билейік бәріміз.
Би <<Қазақ биі>>
ҮІ. <<Наурыз көжеден>> дәм тату.
Наурыз тойын әдемі
Анам еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді .
Ашылды да кебеже ,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем Наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.
Бидай ,күріш ,тары бар,
Ащы құрты тағы бар.
Көже -елдің ырзығы ,
Бұл көжеде бәрі бар.
Ана:Оу ,құрметті аналар.
Айналайын балалар!
Жеп-ішсін деп тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім.
Шақырамын бәріңді.
Мұғалім:Ұлыс күні қазан толса ,
Сол жылы ақ мол болар.
Жаңа жылға бата алсаң ,
Сонда олжалы жыл болар.
ҮІІ.Көрініс:<<Бата беру>> рәсімі
Бата
Бата (беру ,бата алу) -дәстүр .Ақ тілеудің белгісі-бата.Ол кез-келген жерде айтыла бермейтін қасиетті ұғым.Ең жақсысын халық <<ақ бата>> деп қастерлейді.Батаның бірнеше түрлері бар:
1.Жас талапкерге бата.
2.Дастарқанға бата.
3.Алғыс батасы.
4.Жаңа айдың батасы.
5. Наурыз батасы.
Соның бірі-осы Наурыз батасы.Ұлыстың ұлы күнінде <<наурыз көжеге>> шақырғандарға , <<Наурызнама >> тойын өткізіп, халықты риза қылған адамдарға ақсақалдар мен әжелер , ел ағалары , билер қол жайып бата береді.Бұл бата жалпы көпшілікке бағышталады.Талапкер жастар Наурыз күні дуалы ауыздың уыз батасын алуға тырысады.Наурыз батасының орны ерекше.
Қыдыр ата:
(Бата береді)
Елдеріңнің іргесі берік болсын ,
Жасқа құрмет ,кәріге күтім болсын ,
Сөздерің серттей берік болсын,
Ісің ілгері ,ақылың серік болсын.
Еккендерің өнімді болсын ,
Өмірлерің көңілді болсын.
Төрт түлік төлді болсын,
Баққандарың шелді болсын.
Ақ көп болсын ,
Қайғы жоқ болсын .
Пейілдерің кең болсын.
Сапарларың оң болсын.
Мына Ұлыстың Үлы күні әрбір отбасына
қуаныш, бақыт әкелсін!
Ұлыс оң болсын!
Аумин!
ҮІІІ.Қорытынды.
Жаңа жыл-Наурыз құтты болсын!
Молшылық жылы болсын!
Жылан жылы тек жақсылық әкелсін!
Наурыз құтты болсын !
Дендеріңіз сау ,мықты болсын.
Наурыз той келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Еліміздің несібесі көп болсын!
Қош ,сау болыңыздар,халайық,
Көріскенше күн жақсы болсын!
Ұлыс күні құтты құтты болсын !

Ұқсас жұмыстар
Ұлыс күні кәрі - жас
Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы сценарийі
Алып келді мерекені
Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні Наурыз
Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні сценарий
Нұр себеле, ұлыстың ұлы күні! 10 сынып
Наурыз салтанаты
Наурыз – жыл басы ( Тәрбие сағаты )
Наурыз атаулары, Наурыз көже
Наурыз. 9 сынып
Пәндер