Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Менің туған жерім

Дүйсенбекова Нүргүл Қадырбековна

№252 Г.Н.Ковтунов атындағы орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Менің туған жерім.
Сабақтың міндеттері: 1.Мәтінмен таныстыру, жаңа сөздермен жұмыс жүргізу, мәтінді мазмұндауға дағдыландыру, сөздік қорын молайту, мәтін бойынша тіл дамыту жұмысын жүргізу, түрлі тапсырмаларды орындай отырып, оқушылардың ой өрісін, ойлау қабілетін дамыту. 2.Оқушыларға бағыт- бағдар бере отырып, өз беттерінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
3.Отанға , туған жерге деген сүіспеншілігін арттыру
Күтілетін нәтижелер: туған жер туралы толық түсінік алу; топта қарым-қатынас жасай білуді үйренуі; қазақ тілінде оқып , сауатты жаза білу жұмыстарын жандандыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ:
Сабақтың әдісі: жазу және оқу арқылы сын тұрғысынан ойлау; <<Ақылды доп>> әдісі; диалогтік оқыту әдісі; топпен, жұппен жұмыс;
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ тілі.
Сабақтың көрнекілігі: туған жер туралы бейнеролик , суреттер, плакат, маркер, АКТ, слайдтар, доп.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, жылылық шеңберін жасап, Қазақстан туралы жылы лебіздерін білдіру. Әнұранды орындау. Топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын сұрау. Сұрақ - жауап <<Ақылды доп>> әдісі арқылы.
1. Қазақстан қандай мемлекет?
2. Қазақстанның президенті кім?
3. Қазақстанның астанасы қай қала?
4. Қазақстанның бұрынғы астанасы қай қала?
5. Астана қандай қала?
6. Қазақстанның рәміздерін ата.
7. Ту неге көгілдір туспен боялған?
8. Туда нелер бейнеленген?
9. Олар неге сары түспен боялған?
10. Елтаңбада нелер бейнеленген?
I. Қызығушылықты ояту.Туған жер туралы бейнеролик көру.
1. Біздің туған жеріміз қалай аталады ?
2. Ол қандай?
3. Қандай көрнекті жерлер бар?
4. Сенің туған жерің саған ұнай ма?
IV. Мағынаны тану.
Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Топтарды жаңа сөздермен таныстыру.
туған жер - родная земля
туылдым - родился
жақын - близко
шағын - маленький
Жаңа сөздерді оқушылар оқып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.
Туған жер туралы мақалдар айту.
1. Топпен жұмыс.
2 топқа тапсырма. Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды, плакатқа туған жердің суреттерін түсіріп, әңгімелеп береді.
1- топ . Қала туралы. Оқу , аудару, постер қорғау.
2- топ . Ауыл туралы. Оқу , аудару, постер қорғау.
<<Даналық ағашы>> ойыны.
Әр оқушы мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, стикерге жазады. Мұғалімнің қолындағы сандықшаға сұрақтарды салады. Әр оқушы сұрақ жазылған стикерді алып, сол сұраққа жауап береді.
Тапсырманы әр топтың топ басшылары бағдаршам арқылы бағалайды. Толық жауап берген топты <<жасыл>> түспен, орташа жауап берген топты <<сары>> түспен, төмен жауап берген топты <<қызыл>> түспен бағалайды.
3-тапсырма. Тақтамен жұмыс. Сөйлемдерді толықтырып , асты сызылған сөздерді буынға бөліп жазу.
Мұғалімнің тарапынан формативті бағалау беріліп отырады.
Сергіту сәті.
Грамматикалық тапсырма. 4-тапсырма. Тәуелдік жалғауларын дұрыс қойып жаз.
Менің астана..., қала..., Менің ауыл..., үй..., мектеб...
Сенің астана..., қала..., Сенің ауыл..., үй..., мектеб...
Сіздің астана..., қала..., Сіздің ауыл...., үй..., мектеб...
Оның астана..., қала..., Оның ауыл...., үй..., мектеб....
<<Әрі оқу, әрі ойын>>
Тапсырма. Оқушыларға сөздер беріледі ,солардың аудармасын айтады.
родная земля - область-
флаг - родился -
нравится - герб -
гимн - государство -
столица - близко -
символ - маленький -
родина - уголь -
производят - национальность -

<<Көп тіл білу- кемеңгерлік>>.
Экраннан көрсетілген суреттерді қазақша, орысша айту керек.
Елтаңба, ту, сағат, гүл, доп, қоян, жолбарыс, түйенің суреттері көрсетіледі.
<<Тапқыр болсаң, тауып көр>>

Тұзда бар, Гауһарда бар,
Суда жоқ. Гүлнарда жоқ.
Мұзда бар, Жауһарда бар,
Буда жоқ. /ұ/ Сәуледе жоқ. /һ/

Үйде бар, Қазда бар,
Шиде жоқ. Үйректе жоқ.
Күйде бар, Құрда бар,
Биде жоқ. /ү/ Шілде жоқ. /қ/

Дәнде бар, Бірде бар,
Елде жоқ. Үште жоқ.
Сәнде бар, Екіде бар,
Селде жоқ. /ә/ Бесте жоқ. /і/

Ой толғаныс сәті. Оқушыларға мұғалім тарапынан рефлексия парақтары таратылады, ал оқушылар өздерінің сабақтан алған әсерлерін жазады.
Үйге тапсырма: 5-тапсырма.

Ұқсас жұмыстар
Гимнді жатқа білу - әрбіріміздің парызымыз
Туған жерім - Қазақстан. атамекен
«мен елімді әнге қосып мақтан етем!» атты патриоттық әндер кешінің бағдарламасы
Туған жер ғажаптары
Отан жүргізуші
Менің Отаным - Қазақстан атты шығармашылық байқауға қош келдіңіздер
Менің кітап дегенім
"мен- елімнің патриотымын" патриоттық әндер сайысы
Отаным - атамекенім. мерекелік ертеңгілік. ортаңғы топ
Ауылымның келешегі - менің болашағым жайлы ақпарат
Пәндер