Сабақ жоспары :: Химия
Файл қосу
Оттегінің табиғаттағы айналымы. оттегінің қолданылуы
8 класс Химия
Сабақтың тақырыбы: Оттегінің табиғаттағы айналымы.Оттегінің қолданылуы.
Сабақтың мақсаты: Дамыта оқыту жүйесін пайдалана отырып,жай заттардың
қасиеттерін зерттеуді,оқушылардың өз бетінше жұмыс жасап,қорытындылауға,
«табиғатта таралуы- алынуы- физикалық қасиеттері» схемасы бойынша оқып
үйренуге бағыттау.
Сабақтың міндеттері:
оқыту: Берілген тапсырмалар бойынша материалдар жинақтап,бір-бірін
бақылауға үйрену.
дамыту: жай заттардың қасиеттерін зерттеуді «химиялық құбылыс» ұғымымен
байланыстыра отырып,өзін бағалау қабілетін дамыту.
тәрбиелеу: ауаның тазалығын сақтау туралы экологиялық проблемалар.
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың түрі: семинар сабақ
Сабақтың көрнекілігі: тірек сигналдары,карточкалар,химиялық құрал-жабдықтар
1.Өткен тақырыпты қайталау үшін «Оттегі.Оксидтер» тақырыбына тірек
сигналдары бойынша әңгімелеу. Тірек сигналы кодоскоп арқылы көрсетіледі.
ІІ. «Оттегінің қасиеттері,табиғаттағы айналымы,қолданылуы» тақырыбына
сұрақтар:
1.Құрамы бойынша заттарды қандай топтарға бөледі? (Жай және күрделі)
1 балл
2. Қандай жай заттың қасиетін сипаттаудан бастадық? (Оттекті,себебі бұл зат
молекуладан тұрады) 1 балл
3. Неге оттекті сипаттаудан бастадық? Бұл сұраққа жауап беру үшін мына
жағдайларды талдап көрейік. А) жаз мезгілінде су жағасында демалу кезінде
жолдастарыңның бірі суға кетіп тұншыға бастады. Сіз не істейсіз? Неге?
Ә) Практикалық жұмыс жүріп жатқан кезде,спирт жанып,от жан-жақты шарпи
бастады.Отты сөндіру үшін сіз не істейсіз? Неге? 3 балл
4. Оттектің табиғатта таралуы туралы айтып беріңдер. Схема құрастырыңдар. 3
балл
5. Оттегінің қолданылуы туралы айтып беріңдер. Схема құрастырыңдар
3 балл
6.Оттектің қасиеттерін неге зерттедік? 1 балл
7. Тіршілік үшін маңызды қандай заттардың құрамыны оттек кіреді? 1 балл.
8. Біздің планетемыздағы оттек көзі неде? 2 балл.
9. Оттектің физикалық қасиеттерін атап шығыңдар. 1 балл.
10. Катализатаор дегеніміз не? 1 балл.
11. Оттекті лабораторияда неден алады ? 1 балл.
12. Оттекті жинау әдістерін айтып беріңдер. 1 балл.
ІІІ. Карточка бойынша жұмыс (әр топқа бөлек деңгейлік тапсырмалар беріледі)
№1
Микробтар мен бактерияларды жою үшін күкірт диоксидін қолдануға болады
Сол сияқты бұл затты қара өрікті кептіру үшін де қолданады. Күкірт
диоксидінің формуласын жазыңдар.
№2
Қалыпты жағдайда көлемі 11,2 л ацетилен жағу үшін қанша литр оттек
қажет?
№3
Медицинада сүйек сынғанда алебастр қолданылады. Ол гипс минералынан
алынады. Формуласы кальцийдің бір атомы,оттегінің төрт атомы және судың
екі молекуласынан тұрады. Осы заттың формуласын құрастырып,салыстырмалы
молекулалық массасын есептеңдер. 4 балл
ІҮ. Оттегінің ашылу тарихы туралы мәлімет беру. Оқушылар үйден әзірлеген
тапсырмаларын орындайды.
1.Химия ғылымының тарихында оттектің ашылуы ұлы оқиғалардың қатарына
жатады. Оттек химияны ғылым ретінде танытуға себепші,сонымен бірге көптеген
ғылыми заңдар мен теориялардың,ұғымдардың тууына негіз болды десек,асыра
айтқандық емес.Адам баласы оттың қасиетін түсінгелі сан ғасыр өтті,ал
оттектің қатысынсыз от жанбайтынын білгенініе көп болған жоқ.
1774 жылы 1 августа ағылшын ғалымы Пристли таза оттекті алды. Алғаш Пристли
кәдімгі ауаны бөліп алдым деп ойлады.Бірақ сол алған ауаны шыны қалпақ
астына жинап,май шам жағып еді,жақсы жанды.Бұл ауамен демалған адам өзін
сергек сезінді.
2. Пристли 1774 жылы қазанда Парижге барды.Ол Лавуазьенің үйінде отырып
«флагистонсыздандырылған ауа» алғанын айтып таң қалдырды.Пристли
тәжірибелерінің көптеген химиялық құбылыстардың сырын ашуға негіз болатынын
Лавуазье бірден байқады.
Осыдан кейін Лавуазье Пристли тәжірибелерін қайталап көрді.
3.Лавуазье Пристли тәжірибелерін қайталап,алынған және шыққан заттардың
сандық өлшемдеріне баса назар аударады.Сынап тотығын және басқа тотықтарды
қыздыру кезінде түзілген газ кәдімгі ауаның құрамында болады деген
қорытынды жасауға толық мүмкіндік туды. Сөйтіп,ауа негізінен азот пен
оттектен тұратыны анықталды. Оттек қышқыл түзуге қабілетті екені белгілі
болды. Осыған сәйкес Лавуазье латынша «оксигенум»,қышқыл туғызушы,
«кислотвор»,орысша кислород деген ат берілді.
Оттек –табиғатта ең көп таралған элемент.Ол қосылыс түзуге ұдайы бейім
тұрады. Бұл газ біздің тағамдарымыздың,күнделікті тұрмыстағы көптеген
заттардың құрамында болады. Судың құрамында: 88,89 процент,жер қыртысында-
49,3 процент,өсімдіктер құрамында – 40 процент,адам денесінде -65
процент,ауада -21 процент оттек бар.
Сабақтың соңында әр топ басшылары жинаған балдары туралы қорытынды
жасайды.Соған байланысты оқушылар бағаланады.
Сабақ қорытындыланып, үйге тапсырма берілді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz