Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Өзгелік етіс,ырықсыз етіс

6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Өзгелік етіс,ырықсыз етіс
Сабақтың мақсаты:а) білімділік - өзгелік етіс және ырықсыз етістер туралы білімді қалыптастыру, оның анықтамасын жүйелі талдап, санаға сіңіру, нақты мысалдар арқылы оны еркін дәлелдеуге төселдіру; ә) дамытушылық - орындалатын тапсырмалар нәтижесінде білік дағдыларын, мағынаны ажырата білу қабілеттілігін дамыту.
б) тәрбиелік - топ ішінде бір-бірінің пікірін құрметтей алатын, өз ойын тұжырымды жеткізе білетін, тілін құрметтейтін, ортаны сүйетін оқушы тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: іздендіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: интерактивті тақтада - слайдтар, сызбалар, бағалау парақшалары.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
-Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, кезекші мәліметін тыңдау, зейінін сабаққа аудару. -Психологиялық дайындық:
<<Жүрек лебізі>> ойыны. Оқушылар жүректің суретін бір-біріне ұсыну арқылы бір ауыз сөзбен ізгі тілектерін білдіреді. -Оқушыларды түрлі-түсті қималарды таңдау арқылы 3 шағын топқа бөлу.
-Әрбір топ қызыл,көк, сары дөңгелекшелер арқылы бағаланады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Өтілген тақырыпты, үй тапсырмасын <<Сиқырлы кітапша>> атты ойынмен пысықтау. Әр сиқырлы кітапша ашылғанда, артында үй тапсырмасы бойынша сұрақтар шығады. Оқушылар сол сұрақтарға жауап берулері керек
1.Етіс дегеніміз не?
2.Етістің қандай түрлері бар?
3.Етіске мысал келтір?
4.Өздік етіс дегеніміз не?
5.Қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
6.Өздік етіске мысал келтір?
ІІІ.Жаңа сабақ:
Өзгелік етіс қимылдың, іс-әрекеттің сөйлемдегі іс иесі, яғни субъектінің тікелей өзі емес,екінші бір басқа субъект, қимылды орындаушы арқылы жасалатынын білдіріріп, белгілі бір жұрнақтар арқылы жасалады.
Іс-әрекеттің атқарушысы,қимыл иесі арнайы айтылмай, өздігінен істелгентідігі көрініп, -ыл,-іл,-л түбірдің ішінде л дыбысы болса,-ын,-ін,-н жұрнақтары арқылы жасалатын етіс түрі ырықсыз етіс деп аталады.
Өздік етіс
өзгелік етіс
Ырықсыз етіс
Ортақ етіс
- ын, -ін, -н
1.-ғыз, -гіз, -қыз, -кіз
2.-дыр, -дір, -тыр, -тір-ыр,-ір
3. - т.
-ыл, -іл, -л.
-ын, -ін, -н.
-ыс,-іс,-с

Етіс

Өздік етіс Өзгелік етіс Ырықсыз етіс Ортақ етіс

Жу-ын-ды жаз-ғыз айт-ыл-ды жаз-ыс-ты

Тара-н-ды жүр-гіз бер-іл-ді сөйле-с-ті
Ки-ін-ді сал-дыр тазала-н-ды сал-ыс-ты

Күй-ін-ді ас-ыр жаса-л-ды тазала-с-ты

Ора-н-ды сөйле-т сал-ын-ды іл-іс-ті

Топтық жұмыс:
-Интерактивті тақтадан оқушыларға бірнеше суреттерді көрсету арқылы мысалмен дәлелдету.Сурет бойынша жазған мысалдарын оқып, іс-әрекет қатысын түсіндіреді де, осыдан сабақтың тақырыбы анықталады. Оқушылар дәптерлеріне бүгінгі күнді, айды жазады.
-Оқушылар бүгінгі тақырыбымызды нақтылағаннан киін оқулықпен әр топ жұмыс жасайды:
Оқулықпен жұмыс:
1 топ:241-жаттығу. Берілген сөздерден қажетті жұрнақ арқылы өзгелік етіс жасап жазыңдар.
Үлгі: көбей-т-тір,...
Көбей.Ойлан. Оқы.Өсір. Жуын. Айқайла. Ал. Өшір. Құтқар.Жина.Жап.Түсі. Сын.Күй. Өт.Ақта. Апар. Әкел. Жет. Күл. Бас. Ойна. Жаз. Айт.
2-топ: 243-жакттығу. Берілген өзгелік етістерді қолданып, сөз тіркесі мен сөйлем құраңдар.
Үлгі: жыр айтқыз, Абай үйге келген қонақтарға жыр айтқызды.
Айтқыз. Түсірт. Көрсеткіз. Оқыттыр. Алдырт. Өсірт. Асырт. Жинаттыр. Тазалатқыз. Өндірткіз.
3-топ: 244-жаттығу. Етістіктердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.
Үлгі: жина-л-ма-ды,...
Жиналмады. Ашылды. Аттандырылды. Ілінбеді. Көшірілді. Өткізілді. Төселді. Шегеленбеді. Сөндірілді. Терілмеді. Орылды. Көрсетілмеді. Салынды. Алмастырылды. Бергізілді. Жинақталды. Тазартылды. Қаланды.
-Сергіту сәті. <<Қара жорға>> әуенімен би.
Көрме диктант.Төмендегі өлең үзіндісі бірнеше рет оқытылады, өлең өшіріледі де жатқа жазылады:
Тәлім алған осында атамыз да,
Әжеміз де,мамамыз да,папамыз да.
Құшағына түлегін шақырды ана,-
Енді біз де- үлгілі шәкірт бала.

(М.Әлімбаев.)

IV.Жаңа сабақты бекіту:

Бүгінгі жаңа сабағымызды бекіту үшін <<Сиқырлы қобдиша>> ойыны арқылы бекітіледі.

1.Өзгелік етіс дегеніміз не?
2.Өзгелік етістің жасалу жолдары?
3.Өзгелік етіске мысал келтір?
4. Ырықсыз етіс дегеніміз не?
4.Ырықсыз етіс қалай жасалады?
5.Ырықсыз етіске мысал келтір?
6. Жаңа сабаққа көңіліңіз толды ма?
7.Бүгін қандай тапсырмалар ұнады?

-Сұрақтарға толық жауап алынғаннан кейін<<Сиқырлы таяқшаны>> бір-бірлеріне беру арқылы оқушылар,бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, көңіл-күйлерін білдіреді.

V.Үйге тапсырма:
245-жаттығу.Төленді, салынды, отырғызылды, кешіктірілмеді, шақырылды, өсірілді, деген ырықсыз етістерді қолданып сөйлем құраңдар.

Үлгі: Қазақстанның көптеген аудандарында жаңа мектептер мен балабақшалар салынды.

VI. Бағалау:

Әрбір топ қатысушылары алған қызыл, сары, көк, дөңгелекшелері арқылы бағаланады.

Ұқсас жұмыстар
Ортақ етіс
Тіл ұстарту Менің арман мектебім.Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі
Астанаға саяхат. етіс түрлері. 11 сынып
Етістік . Етістік дегеніміз не
Есімшенің жасалу жолдары
Етістіктің райлары
Етістіктен өткенді қайталау жайлы ақпарат. 6-сынып
Айгөлек бағдарламасы
Етістіктен өткенді қайталау. 6 сынып
Қазақ тілінен бақылау жұмыс дәптері
Пәндер