Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жол ережесі баршаға заң

Тақырыбы: "Жол ережесі баршаға заң"

Мақсаты:
Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Оқушылар көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?
Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
Бағдаршам туралы не білесіңдер?

Қызыл жанды, тоқтағын,
Көрдің жұрттың тосқанын.
Сары жанды - дайындал
Айналаңа қарап ал.
Жасыл жанды - тыңдағын
Жолың ашық, тұрмағын.

Тарихқа көз жүгіртсек алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды.Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған.
Оны көше қиылысында ыңғайлап қайта жасаған ағылшын инженер-меганигі Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.
Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.
Өкінішке орай, бірде газ жарылып,кезекте тұрған полицей қаза болды да,содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.
Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында,сосын Нью-Йорк тағы басқа қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1914 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек 1870 жылы Америкада электр бағдаршамы пайда болды.
Ал, бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанды бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.Қазақстанда 1917 жылға дейін небары 127 км ғана жол болатын.Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдарының ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады.
Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда "Жаяу жүргіншіге арналған жол"дегенді білдіреді.
Тротуарда жүру тәртібі
Жеке жүрсең:
1.Тротуардың оң жағын ала жүр.
2.Жүгірме,асықпай адымда.
3.Жол жиегін аттама,оның үстімен жүрме.
4.Тротуар үстіндегі кедергілерді жүргін бөлікке шықпай айналып өт.
5.Тротуардың ортасына тұрма,үйлерге жақын қапталына қарай барып тұр.
6.Тротуар үстінде ойнап,алыспа.
7.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң,ересектердіңбірінен жәрдем сұра.
8.Жолаушылар қоршауынан асып өтпе.Оның астынан өтпежәне үстіне асылып отырма.
Топпен бірге жүрсең:
1.Қатардан шықпа.
2.Алысып,ойнама.
3.Жүгірме,секірме,итеріспе.
4.Шуылдама.
5.Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас,басқаларға алаңдама.
6.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң,тротуар үстінде тұрып ересектерден көмек сұра.
Жол жиегі
Жол жиегі-жол жиегі мен мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал.Оны кейде бордюр деп атайды.
Бордюр француз тілінде "бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ"деген сөз.Балалар кейде жол жиегінің үстімен жүгіріп ойнағанды ұнатады.Ал егер әлдеқандай бір көлік жол жиегіне тақау жүріп жүрген баланы қағып кетуі де мүмкін ғой.Ондай жағдайыдың ақыры қайғылы оқиға соқтырмауына кім кепіл.
Көше ережелерін білейік
1.Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма,ол тоқтағанша,не өтіп кеткенше күте тұр.
2.Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.
3.Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді.
4.Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.
5.Аялдамада тұрған автобустың артқы жағынан айналып өт. Сонда сен келе жатқан машинаны дер кезінде көресің.
6.Жол үстінде ойнама,сырғанақ теппе. Жер тайғақ болса,жолда абайла.
Қоршаулар
Аса қауіпті жерлерде арнайы қоршаулар қоюға тура келеді.Олар жолаушылардың жүргін бөлікке кенеттен шығып кетуіне бөгет жасайды.
Қоршаулар көбінесе көліктердің ерсілі-қарсылы қозғалысы көп жолдарда,мектептер маңында және жаяу жүргіншілердің топталған тұстарында жанына қойылады.
Жол қозғалысы ережелерін,нағыз қасақан бұзушылар қоршаулардың үстінен секіріп немесе оның астынан өтушілер.Бұл ереже бұзудың ең қауіпті түрі.Қоршау қойылған жерлерде көлік жүргізушілер жаяу жүргіншінің болмайтынына әрқашан сенімді.Сондықтан оның алдынан жаяу жүргінші шыға келгенде жүргізуші аса қиын жағдайға тап болады.
Жұмбақ шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік.

1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)

2-жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)

3-жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

Викториналық сұрақтар.
1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?
Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді.
3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?
Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн.

Ұқсас жұмыстар
Бала әрқашан бала
Ертегілер еліне де - жол тәртібі қажет. 1-4 сынып
Баланың отбасындағы құқықтары
Кітап көрмесі
Құқықтық тәрбие
Жол тәртібін жадыңда ұста, жас ұрпақ !
Баланың еңбек бостандығына құқығы
Азаттық Теңдік Келісім
Псиологиялық тренинг, оның мақсаты, ережелері мен заңы
Тапқыр достар жайлы ақпарат
Пәндер