Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Көңілді, тапқыштар, білімділер
Тақырыбы: <<Көңілді, тапқыштар, білімділер>>
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі М.Сиранов атындағы орта мектептің биология, химия және өзін-өзі тану пәндері бірлестігінің <<Шуағы тарқамасын жер бетінің>> атты 13-17 сәуір аралығында өткізілген апталықтың қорытынды кешіне қош келдіңіздер!
Мақсаты: Оқушыларды биология және химия пәндері бойынша білімдерін жан-жақты дамыта отырып, теориялық-логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Оқушыларды ойларын еркін жеткізе білуге үйрету және ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, сұрақтар жазылған конверттер, июла ойыншығы, қара жәшік және т.б.
Түрі: зияткерлік ойын.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Сайыстан тыс қалмаңыздар!
Мұнда қызық табылар,
Білім нұры шашылар.
Ақыл, ойы дамыған,
Үлгі алайық оқушылардан!
- Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Елбасымыздың <<Нұрлы жол - болашаққа бастар жол>> атты жолдауында да айтылған болатын. Осы мақсатпен 9-10-11 сынып оқушыларының арасында <<Көңілділер, тапқыштар, білімділер>> атты (Не?Қайда?Қашан?) интеллектуалды ойынын өткізгелі отырмыз.
Көңілді тапқыштар, алғырлар,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Би: <<Көктем вальсі>>
Орындайтын: 8 сынып оқушылары
- Ең алдымен сайысқа қатысушы оқушылармен таныстырып өтейін.
1. 9 а - сынып оқушысы: Б.Құрмет
2. 9 ә-сынып оқушысы: Г.Титимова
3. 10 а -сынып оқушысы: А.Қамидоллаева
4. 10 ә - сынып оқушысы: Н.Насиполла
5. 11 а - сынып оқушысы: Г.Мақсымғалиқызы
6. 11 ә - сынып оқушысы: А.Айғали
Олай болса мен ойынның шартын түсіндіріп өтейін. Ойынға қатысушылар арасынан өздеріңіз ақылдаса отырып, топ басшысын тағайындап алыңыздар. Барлық мәселені топ басшысы басқарып хабарлап отырады. Интеллектуалды ойын 8 раундтан тұрады. Әр раундқа 8 конвертте сұрақтар дайындалған. Июланы айналдыру арқылы тоқтаған кезде бағдаршаның тұсындағы конверттегі сұраққа дөңгелек үстелдің айналасында отырған сайысқа қатысушылар жауап беруге 1 минут дайындалады. Ақылдаса отырып топ басшысының шешімімен 1 адам дұрыс жауабын баяндайды.
Не тұрыс? Кәне ойынға кірісейік. (музыка)
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет,
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек
-деп сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
I. Раунд
1.Бұл сұрақ Атырау облысы, Индер ауданы, Аққала ауылының тұрғыны Маржан әжейден келіпті. Ал енді сұрақты оқып көрейік.
Бұл өсімдік "1000 аурудың емі" деп саналады. Бұл өсімдікті жинар кезде халқымыз иіліп сәлем берген. Түйетабандар тұқымдасына жататын
улы өсімдік. Халқымыз "пәле жаладан сақтасын" деп үйді осы өсімдіктің
түтінімен аластайды, көз тимесін деп іліп қояды...
Бұл қандай өсімдік? (Адыраспан)
II. Раунд
2. Бұл сұрақ М.Сиранов атындағы орта мектептің 2012 жылғы түлегі қазір Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университетінің, Жаратылыстану факультеті, химия мамандығы бойынша 3 курс студенті Маңғыстауова Раушан Тыныштыққызынан келіпті.
1670 ж ағылшын ботанигі Дж.Рей эксперимент жасайды. Онда ол бір ыдысқа қызғылт орман құмырсқаларын салып, оған су құйып, қайнағанша қыздырады және ыдыс арқылы бу жібереді. Буды конденсациялап жаңа қосылыс сулы ерітінді алды. Ол қышқылдық қасиеті бар қосылыс алады. Бұл қандай қышқыл? (құмырсқа қышқылы)
Музыкалық үзінді. Ән. <<Ақ көгершін>>.
Орындайтын: 9 сынып оқушысы Жақсылық Назерке.
III. Раунд
3.Бұл сұрақ М.Сиранов атындағы орта мектептің 2009 жылғы түлегі С.Асфендияров атындағы Мемлекеттік медициналық университеттің интернатурасын оқып жүрген, ақ халатты абзал жан Ділмағанбетова Гүлсанадан келіпті.
Құлдық заманында үстемдік етуші топтар құлдарды өз-ара шайқастырып қызыққа батады екен, жиналған қанышерлер мақсаты қызыққа батып уақыт өткізу. Бұл атаққұмарлар мен әсем киінген бикештердің казір алдарында адам қанының төгілетінімен істері жоқ. Адамның өлімін олар шыбынның өліміндей де көрмейді.
Олардың қазіргі назары тек арена мен алдарындағы аумақты қапшықта. Ері болсын, әйелі болсын әлгі қапшықтан бір затты алып қытырлата шайнап.рахатқа кенеліп отыр, Римдіктер бұл өсімдікті біздің эрамызға дейін 2 мың жыл бұрын білген. Бұл өсімдіктің құрамында А дәрумені және каротин заты бар. Бұл ағзаның өсуіне пайлдасын тигізеді. Бұл қандай өсімдік деп ойлайсыз? (Сәбіз)
IV. Раунд
4. Бұл бейнесұрақ. Сұрақ М.Сиранов атындағы орта мектептің I санатты мұғалімі Сарсенғалиева Гүлжахан Мұқымқызынан келіпті. (Жуа)
V. Раунд
5. Бұл сұрақ Алматы қаласынан <<Химия мектепте>> журналының редакциясынан келіпті.
Медиктер зарарсыздандыру кезінде, тері илеушілер елтірі дайындау кезінде, химиктер шыны дайындау кезінде қандай қышқылды қолданады? (Бор қышқылы)
Музыкалық үзінді. Ән: <<Ақ кептерлер>>
Орындайтын. 7 ә сынып оқушысы Қайырбаева Шәрбәт.
VI. Раунд
6. Алматы қаласы №122 мектеп - гимназиясының химия пәнін жаратылыстану - математика бағытында оқитын 10 сынып оқушыларынан келіпті.
Қандай элементтердің аты планета атымен сәйкес келеді? Д.И.Менделеевтің периодтық кестесін еске түсіріп көріңдер...
(Уран, плутоний, нептуний)
<<Аққу биі>>.
Орындайтын: 5 а сынып оқушысы Бағдатова Шакира
VII. Раунд.
7. <<Қара жәшіккте>> жасырылған сұрақтың жауабын табу. Бұл сұрақты М.Сиранов атындағы орта мектептің жоғары санатты мұғалімі Темірболатова Фарида Темірболатқызы жіберген екен.
Аспан айналып жерге түскенде 60 градусқа жететін ыстықта тірі организм ғана емес, қара тастың өзі де еріп кететіндей шақта тұрады. Ғажапты қараңыз! Осындай құмды жерді жарып шыққан, шырыны тамшылаған жасыл өсімдік өсіп тұр. Мына жәшіктің ішіндегі жасырылған сол өсімдікті табыңыз? (Кактус)
VIII. Раунд
8. Индер ауданы, Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің 9 сынып оқушыларынан келіпті.
Таңертеңгі асқа отырмай тұрып сіз қандай тұзды пайдаланасыз?
(Тіс пастасындағы кальций карбонаты)
Өз ойыңды ашық айтып ,
Түйіндейміз білімді.
Әр нәрсенің жауабын тез
Айтайықшы ұғымды.
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң, шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң, шығарсың - дей отырып, сайысымызды аяқтаймыз. Зияткерлік ойынымыз өз мәресіне жеткен секілді. Олай болса
команданың топ басшысы 11 сынып оқушысы Айғали Алмагүлге сөз берсек. Алмагүл ойын ұнады ма? Ойыннан қандай әсер алдың ?
Алмагүл:
oo Маған ойын өте қатты ұнады. Сұрақтар да өте қызықты. Бұл ойыннан сондай жақсы әсер алдым айта аламын.
Ойынға барлық оқушылар белсенді түрде қатысты. Апталыққа белсенді қатысқан оқушыларды марапаттау, дипломдар мен сыйлықтар табыс ету.
Сөз соңында М.Сиранов атындағы орта мектептің директоры, химия пәнінің мұғалімі Сәбит Сайфоллаұлына және жоғары санатты биология пәнінің мұғалімі Фарида Темірболатқызына сөз берілді.
Сонымен, М.Сиранов атындағы орта мектептің биология, химия және өзін-өзі тану пәндері бірлестігінің апталықты қорытындылау мақсатында өткізіліп отырған <<Көңілді, тапқыштар, білімділер>> атты зияткерлік ойынын тамашалап, келгендеріңізге көп-көп рахмет.
<<Көңілді, тапқыштар, білімділер>> атты апталықтың қорытынды кешінен көрініс

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz