Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жанр, Комедия, Драма

Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорны <<Балдәурен>> балалар шығармашылық орталығы

<<Жанр,
Комедия, Драма>>
/ашық сабақ/

<<Қуыршақ театры>> үйірмесінің
жетекшісі: Маденова Ж.Ч.

Пән: Қуыршақ театры
Тақырып: Жанр, Комедия, Драма.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Үйірмеге деген қызығушылығын арттыру.
Жауапкершілікке, сахналық мәдениетіне тәрбиелеу.
Актерлік қабілетін дамыту (көрермендер алдында өзін - өзі дұрыс ұстай білу)
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.Сөздік қорын молайту, есте сақтау, жүйелі сөйлей білу, өз ойын тұжырымдап айта білуге дағдыландыру.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Қуыршақтар, сахна, оқулықтар.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: Теориялық, сарамандық жұмыс.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
Психологиялық дайындық.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ- жауап арқылы өткен сабақты еске түсіру.
<<Мақта қыз>> ертегісі кандай ертегі түріне жатады?
<<Мақта қыз>> ертегісін кейіпкерлерін атау.
Ертегіні сахналау алдында қауіпсіздік ережесін, қуыршақпен жұмыс жасау ережесін еске түсіру.
<<Мақта қыз>> ерегісін сахналау.
III. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақта біз жаңа сөздермен танысамыз <<Жанр, комедия, драма>>.
Бүгінгі сабағымыздың мақсытымен таныстыру.
(Жанр, комедия, драма туралы оқушылардын ой-пікірін тындау)
"Жанр" сөзі француз тілінде "тек" ұғымын береді, сондықтан да эпос, лирика және драманы ертеректе жанр деп атады, кейде жанр термині әдеби түр терминімен теңестіріледі. Театр өнерінің жанрлары, әдебиет жанрларымен ұштаса дамыды.
Жанр түрі өте көп; театр жанры, сурет жанры, әдеби жанры, би жанры т.б. болады.
Театр жанры; трагедия, драма, комедия болып үшке бөлінеді.
-Біздің қуыршақ театры, осы жанрлар түрлерінің қайсысымен тығыз байланысқан?/Оқушылардың жаубы/
Балалар қуыршақ театрында біз ақтерлік шеберлігімізді шындаймыз біз қойылымды көрерменге түсінікті ғып жеткізу үшін біз не істеу керекпіз? Мәнерлеп сойлеу, оқу білу керекпіз, ол үшін сөйлеу мәнеріміз, дикциямыз әдемі түсінікті болу керек. Балалар театр жанры тығыз, әдеби жанры мен байланыскан. Қойылымға біз ертегілер оқимыз.
Ертегі деген не?
Ертегілер халық ауыз әдебиетінің ең көне мұрасы. Ертегіде ғасырлар ізі жатыр. Ертегіде халықтың тыныс - тіршілігі, тарихы, салт - санасы, әдет ғұрпы, мұң - шері, арман - мұраты жатыр.
-Сонымен қуыршақ театры әдебиет жанры мен пен тығыз байланысқан біз әр уақытта мәнерлеп сөйлеуді үйренеміз. Бүгінгі сабаққа біз оқушылар өз сөйлеу мәнерін көрсіту үшін монолог дайындап келді соны тындап өтейік.
<<Әке>> туралы монолог
- Ал енді театр жанрлары туралы айтып өтейін.
Драма - сахнаға қоюға лайықталып жазылатын жанрдың бір түрі. Драмаларда
әлеумет өмірінде кездесетін үлкен, ауыр халдермен
қатар салт-тұрмыста күнбе-күн кездесетін күлдіргі жайттар да ұштастырыла, араластырыла көрсетіледі. Егер трагедияда күлкінің кездесуі шарт емес болса, комедия түгел дерлік күлдіргі оқиғаға құрылады, өлім мүлде болмайды. Драмада бұл екі элементтің екеуі бірдей кездесе береді. Сондықтан бұл трагедия да, комедия да емес, өзінше бір түр болып есептеледі. Тарихи жағынан алғанда, драма трагедия мен комедиядан кейін туған.
Драмадағы образ тек сахнада жасалады. Қимыл, әрекет жоқ жерде драматургиялық шығарма да жоқ.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз.
"Драма сахнада ғана тіршілік етеді, -- дейді Гоголь, -- сахнасыз драма -- денесіз дем".
-Ал енді біздін оқушылар сахналық шеберліктерін көрсетеді.
<<Дүниеде жоқ бір күн>> сахналық этюд.
Жазушы, өз ұғымынша, керексіз деп тапқан бір өмір құбылысын не мінез,
іс-әрекеттерді күлкі ету мақсатымен сахнаға лайықтап жазған драмалық жанрдың бір түрін комедия дейді.
Комедияның оқиғасы көбіне жеңіл қайшылықтарға құрылады. Оқиғаның байланысы да, дамуы да, шиеленісуі де жай шатасу, жаңылысуға негізделінеді. Бірақ шешу жақсылықпен бітеді. Қатысушылардың қимылы, іс-әрекеттері, сөздері - бәрі де күлдіргі болып келеді және олар көпшілікті күлдіру үшін автордың әдейі ойлап тапқан нәрсесі емес, табиғи өмірдің өзінде солай болуы мүмкін деген сенім туғызады.
Комедияның юморлық және сатиралық түрі бар.
Ал енді балалар актерлік шеберліктерін көрсету үшін <<Пантомимо>> дайындап келді.
Пантомимо деген не?
Пантомима (гр. pantomіmos - еліктеу арқылы немесе дене қимылдарымен ғана өнер көрсететін актер) - сахналық өнердің көркем образ мәнері дене қозғалысы, қимыл мен ым арқылы жасалатын түрі.
Патомима <<Саябақ>>
IV.Сабақты қорытындылау:
Балалар бүгінгі сабақта біз қандай жаңа сөздермен таныстық?
Жанр деген не?
Жанрдың кандай түрімен таныстық?
Драма деген не?
Комедия деген не?
V. Үйге тапсырма беру:
Ертегіні қайталау.

Ұқсас жұмыстар
Топ басшыларының бағасы
Ділдә қай шығарманың кейіпкері
Сырдария өлеңі
Менің атым қожа. 2 сынып
Драма турасында
Оқушының аты - жөні
Ежелгі грекия өнері
Оқулықта берілген сұрақтар мен тапсырмаларға дайындалу
Ежелгі грек театры
Қазақ музыка өнерінің– гималайы ахмет жұбанов
Пәндер