8А сынып қазақ тілі сабағының жоспары: Компьютер және сөйлем түрлері (хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті)

8а класында өткізілген қазақ тілі сабағының

Ж О С П А Р Ы

17 наурыз, 2010 жыл

Сабақтың тақырыбы: Компьютер. Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Сөйлем түрлерін ажырата білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюды, тақырыпқа байланысты дұрыс сөйлем құрастыра білуге, сауатты жаза білуге үйрету.

2. Дамытушылық: Сөйлемдерді дамытып жазу арқылы, оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін дамыту, компьютер туралы қосымша мәліметтер бере отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту.

3. Тәрбиелік: Сауаттылыққа, жаңалыққа жақын, жан-жақты болуға үйрету, қазіргі ғылым мен техника жетістіктерінің пайдасын білуге талпынысын дамыту.

Пәнаралық байланыс: Информатика, тарих.

Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, суреттер, қима қағаздар

Сабақтың барысы:

I . Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту

I V. Грамматикалық тақырып. Сөйлем түрлері: Хабарлы, сұраулы, лепті бұйрықты сөйлемдер. Тақтада сызба көрсетіледі. Осы сызба арқылы грамматикалық тақырып түсіндіріледі.

Сөйлем тиянақты ойды білдіреді

Хабарлы Сұраулы Бұйрықты Лепті

Хабарлайды Сұрау мақсатында Бұйрық Көңіл-күйді

Баяндайды қолданылады Өтініш білдіреді.

Суреттейді тілекті білдіреді

Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай: хабарлы, сұраулы,, лепті, бұйрықты болып бөлінеді.

Хабарлы сөйлем -- Мен мектепке жақын тұрамын.

Сұраулы сөйлем -- Мектебің қайда орналасқан ?

Лепті сөйлем -- Туған жер қандай байтақ!

Бұйрықты сөйлем -- Сен мектепке бар.

1946ж

1981ж 1948ж

Компьютер ЭЕМ

70- жылдар 70- жылдар Өткен ғасырдың басында соңында 40- жылдарында

V. Сөздік жұмысы .

1. Сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіру, сөздік дәптерге жазу.

2. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырады.

3. мұқтаж болу - нуждаться

Қарапайым құралдар- простые средства

Қажеттілік -необходимость

Адам күші -человеческая сила

Электрондық шамдар - электронные лампы

Жабдықтар - оборудование

V I. Лексикалық тақырыпты түсіндіру

Мәтін «Компьютер» - (ИТА -арқылы суреттер көрсету )

Кіріспе сөз - Кәзіргі замандағы компьютердің орны)

а ) Мәтінмен жұмыс 1. Әңгімелеу

2) Мәтінді мәнерлеп оқу

3) Мәтін бойынша жоспар құру ( жоспар бойынша мәтіннің мазмұны)

Ә) Тапсырмалар

VII. Бекіту

2 -топқа бөлініп деңгейлік тапсырмалар орындау

1-ші топ III-деңгей

2-ші топ II - деңгей

Мемлекеттік білім стандартына сай тапсырмалар ( 3 топқа бөліну )

Хабарлы сөйлем тақырыбы бойынша (1, 2 тапсырма )

Сұраулы сөйлем тақырыбы бойынша ( 5-тапсырма )

Лепті сөйлем тақырыбы бойынша (4- тапсырма )

Б) Лексикалық тірек сызбамен жұмыс ( II - деңгей бойынша)

VIII. Сабақты қорытындылау, бағалау.

1. Нені білдік ?

2. Нені үйрендік ?

3. Нені білуіміз керек ?

IX. Үйге тапсырма беру .

Мәтін мазмұнын айту. Сөйлем түрлеріне мысалдар жазу.

V I. Лексикалық тақырыпты түсіндіру

Мәтін « Компьютер» - ( интерактивтік тақтадан суреттер көрсету)

Кіріспе сөз- ( кәзіргі замандағы компьютердің орны)


Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі: Сөйлем және оның түрлері (хабарлы, сұраулы, лепті) - сабақ жоспары
Сөйлем және айтылу мақсатына қарай түрлері: хабарлы, сұраулы, лепті - сабақ жоспары
Түймекент орта мектебі. Керимқулова Улбике Молдашқызының 8-сыныпқа арналған 2014-2015 оқу жылы қысқа мерзімді жоспары: Сөйлем және сөйлем түрлері (хабарлы, сұраулы, бұйрықты)
2-сынып қазақ тілі сабағының жоспары: Сұраулы сөйлем
Қысқа мерзімді сабақ жоспары: хабарлы, сұраулы және лепті сөйлемдер - Отан мен отбасы
2-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Сұраулы сөйлем
2-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Хабарлы сөйлем
Қазақ тілі, 2 сынып: Сұраулы сөйлем туралы сабақ жоспары
Сөйлем түрлері: бұйрықты сөйлемді меңгертуге арналған шығармашылық-ізденіс сабағы
2-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Лепті сөйлем
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz