Өзін-өзі тану пәні: Өзімшілдік пен көпшілдікке тәрбиелеу

Сабақтың тақырыбы: Өзімшілдік пен көпшілдік

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың «бірлік» құндылығы және

«көпшілдік» адами қасиет туралы түсініктерін кеңейту.

2. Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту

3. Көпшіл болуға тәрбиелеу

Көрнекі құралдар: дәйек сөздер, слайд, тапсырмалар

C:\Documents and Settings\Администратор\Мои документы\Мои рисунки\Изображение\Изображение.jpg

  • Күн, кімнің досысың?
  • Бәріңе ортақпын!
  • Сен кімнің жолысың?
  • Бәріңе ортақпын!

Кәдімгі көліңдей түсетін,

Кәдімгі суыңдай ішетін,

Ауадай бәріміз жұтатын,

Барлығы әулие тұтатын,

Бәріңе ортақпын!

C:\Documents and Settings\Администратор\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Изображение.jpg Мәтінмен жұмыс

Қызғаныштың кесірі

C:\Documents and Settings\Администратор\Мои документы\Мои рисунки\Изображение\Изображение 002.jpg

Мәтінді оқып әңгімелеу.

Балалардың пікірлері сұрақтарға жауаптар арқылы тыңдалады.

  1. Маржан достарымен неліктен дұрыс ойнай алмады?
  2. Өздеріңде осындай жағдайлар кездескен кезі болды ма?
  3. Қандай шешім қабылдадыңдар?

C:\Documents and Settings\Администратор\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Изображение.jpg

Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл

Абай

Өзімшіл адам түбінде жалғыз қалады, ал ойнау қызық болмайтыны сияқты, жалғыз жүру де адамды жалықтырады, жалғыз еңбектенудің де жемісті нәтижесі болмайды. Көппен бірге жұмыс істеп, барын көппен бөлісе алатын, жеке басының ғана емес, көптің қамын ойлайтын адамды көпшіл дейді. Ол адам көптің көмегімен үлкен жетістіктерге жетеді. Ұлы Абайдың « Болмағын кекшіл, болсайшы көпшіл» дегенінің мәнісі осы.

C:\Documents and Settings\Администратор\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Изображение.jpg

Өзімшіл адам басқалардың мүддесімен санаспайды, тек өз мүддесін ойлайды. Ондай адам туыстары, достары, сыныптастары арасында тек өзінің ғана қамын көздейді. Бұл жақсы қасиет емес. Ал көпшіл адам көп көңілінен шығып, айналасындағылармен тіл табысады. Кеңпейіл, көпшіл болу, сыйласа білу жақсы қасиет.

C:\Documents and Settings\Администратор\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Изображение.jpg

C:\Documents and Settings\Администратор\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Изображение 003.jpg C:\Documents and Settings\Администратор\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Изображение 004.jpg

C:\Documents and Settings\Администратор\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Изображение 005.jpg C:\Documents and Settings\Администратор\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Изображение 006.jpg

C:\Documents and Settings\Администратор\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Изображение.jpg

Дәптермен жұмыс

Өзімшіл және көпшіл адамға тән қасиеттерді ажыратып жазыңдар.

Өз басының пайдасын ойлау, бауырмалдық, ақкөңілділік, басқалармен санаспау, өз қамын ойлау, белсенді, жомарттық, өркөкіректік, менмендік, тәкәппарлық, қауымшыл.

Қорытындылау

Көпшіл адамды бәрі жақсы көреді, өзімшілді ұнатпайды. Көпшілдің көпке көмегі тиеді және оған көпшілік көмектеседі, өзімшілдің өзіне ғана көмегі тиеді. Көпшілдің достары, жолдастары көп, өзімшіл жалғыз. Сондықтан да көпшіл болуға ұмтылып, өзімшілдіктен қашық болайық.

C:\Documents and Settings\Администратор\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Изображение 001.jpg

Бір-біріне тілек айту, Ө. Тұрманжановтың «Сіз, біз» деген жылы сөз өлеңін оқу.

“Сіз”, “біз” деген жылы сөз Баршаға керек жақсылық

Жылытады жүректі Жақсылық сүйер жанымыз,

Жақсылық билеп жаныңды тез Баршаға жетер жақсылық,

Оятады игі тілекті Қызғанбай бөліп алыңыз!

Біреуге біреу жақсылық “Сіз”, “біз” деген жылы сөз -

Тілесе әркез жаны ашып Жақсылықтың мейірі

Осы бір шырын - тәттілік Бір-біріне болып көз

Тұрмай ма жанға жарасып!? Кең болсын адам пейілі.

C:\Documents and Settings\Администратор\Мои документы\Мои рисунки\Изображение\Изображение 007.jpg

Манашы орта мектебі ММ

Өзін-өзі тану пәнінен мектепшілік семинар сабақ

Тақырыбы: Өзімшілдік пен көпшілдік

4 «А» сыныбы

Пән мұғалімі: Есенова Т

24. 01. 2012 жыл


Ұқсас жұмыстар
2-сынып Өзін-өзі тану сабағы: Жүрек жылуы - қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеу
Сыйластық пен бірлікке тәрбиелеу: 3-сынып Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Іздеген жетер мұратқа: өзін-өзі тану, талпыныс пен табандылыққа тәрбиелеу
Өзін-өзі тану пәні: Адамның дүниетанымы - дұрыс әрекет пен жалпыадамзаттық құндылықтар
6-сынып Өзін-өзі тану пәні: Әдептен озбайық - әдептілікке тәрбиелеу сабақ жоспары
9-сыныпқа арналған өзін-өзі тану сабағы: Жақсылық пен жан тыныштығын тәрбиелеу
Өзін-өзі тану сабағының жоспары: Ата-ана құндылығы - сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу
4-сынып тәрбие сағаты: Өзін-өзі тану арқылы адамгершілік пен адалдықты тәрбиелеу
Ана қасиеті: махаббат пен мейірімділікті тәрбиелеу - Сара Назарбаева мен Өзін-өзі тану бағдарламасы
4-сынып Өзін-өзі тану: Тілім - менің тірегім (ана тіліне сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz