Сынып сағаты: Ас атасы - нанның қадірі және еңбекке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу

"Опонный орта мектеб" мемлекеттік мекемесі

Сынып жетекшісі: Б. Юханова

Күні: 15. 10

Тақырыбы: Ас атасы - нан

Мақсаты: Ардақты, асыл дәм - нанды қадiрлей бiлу, ұқыптылықпен қарау; еңбектi бағалап, сүйе бiлуге үйрету, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекiлiгi: мақал-мәтелдер, суреттер, нақылсөздер.

І. Барысы

Мұғалiм: Бiздiң республикамыз - қазақ халқының қасиетi дарыған алтын дәндаласы. Дәндегенiмiз - нан. Нан - бақытты өмiрдiң бастауы, өзегi. Нан - қасиет, нан - береке, нан - мереке, нан сән-салтанаттың алтын дiңгегi. Атамыз ерте де ардақтысын нан мен қарсы алып, алыс сапарға бiр уыс топырағы мен бидай күлшесiн берiп аттандырған. Нан тiршiлiк ұраны. Ақ дастарқан үстiнде бiр үзiм нан жатса жарасып тұрады. Түсiне бiлген адамға бiр үзiм нан - қанша тiршiлiктiң тынысы, бiр түйiрдән - қанша адамның маңдай терiнiң жемiсi.

ІІ. Негізгі бөлім

Нан болмаса бағаңның кетерi бар

Нан мен ғана өмiрдiң өтерi бар

Жол да жатса егер дебiр үзiм нан

Арланбай-ақ, сен оны көтерiп ал!

Шындығында да, балалар, нанға үлкен жүрекпен қараңдар!

Нанның ақ дастарқанға келуi оңай емес. Оған қаншама еңбек сiңiру қажет.

Жеп үйренген жаным сүйiп жасымнан

Бiр күлшеңдi мың есе артық дер едiм,

Бар дүниенiң iнжу, гауһар тасынан.

Дастарқан басынан

Үзiлмес асыл дәм

Ақтоқаш, аққалаш

Адамның асы - нан!

Бар қасиетнанда бар.

Оқушылардың өздерi дайындаған қалаш, тоқаш, самса, шелпект. б. ұннан жасаған тағамдарын ортаға қойып, қонақтарға ауыз тигiзу. Асқа байланысты айтылған тиым, нақыл сөздердi еске түсiру.

Диқаның еңбегiн,

Тер төккен ақтаңдар!

Әр дәндi жоғалтпай

Өмiрдей сақтаңдар!

Ұқ мұны, сен бөбек,

Нан деген дәм бөлек

Жерг еоның түйiрiн,

Түсiрмей жеу керек.

ІІІ. Қорытындылау:

Нан қоқымын шашпаңдар!

Жердежатса баспаңдар!

Терiп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар! - деген өлең жолдарымент сынып сағатымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!


Ұқсас жұмыстар
Ас атасы - нан: дәннен дастарханға дейінгі өндірістік процесс және еңбекке тәрбиелеу
Тәрбие сағаты: Табиғатты сүю және қорғауға тәрбиелеу
Тәрбие сағаты: Табиғатқа табын, адам - экологиялық тәрбие мен табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Адам мен табиғат: оқушыларды табиғатты тануға және қорғауға тәрбиелеу
Табиғат - бесігіміз: оқушыларға табиғатты тану мен қорғауға тәрбиелеу
Көркем әдебиет сабағы: жыл мезгілдерін салыстыру және табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Тіл дамыту сабағы: Қайдан келдің бауырсақ? - нанның шығу тегі және еңбекке тәрбиелеу
Табиғат - тал бесігім: балаларды табиғатты қадірлеуге және қорғауға тәрбиелеу
Жер Ана - тіршіліктің тірегі: туған жерді сүюге және табиғатты қорғауға тәрбиелеу
3-сыныпқа арналған тәрбие сағаты: Ас адамның арқауы - нанды қадірлеуге тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz