Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
Табиғатты қорғайық
Табиғатты қорғайық
Мақсаты: Оқушыларды табиғатты аялау әрбір адамның азаматтық парызы екенін Туған
жер, атамекен, табиғат деген ұғымдарды олардың бір - біріне мағыналас екенін
түсіндіріп, олардың білімін жетілдіру, ата - салтымызбен таныстырып, осы
бағытқа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Плакат, суреттер, шарлар, сурет көрмесі.
Барысы: Ұйымдастыру.
Мұғалім: Бізді қоршаған орта: жан - жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар - осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды білдіреді.
Халқымыз ең қасиетті, ең құдіретті ұғымдарға << Ана >> сөзін қосып айтады. << Жер - Ана >>, << Табиғат - Ана >>,<< Отан - Ана >>. Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат біз үшін өмірге қажетті барлық нәрсені береді. Өздерің ойлап қараңдаршы, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, жейтін тамағымыз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз осылардың бәрі - бәрі табиғаттан алынады. Жерді өз Анасындай, Анасын Күніндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. << Жер шоқтығы - Көкшетау >> << жер жанаты - жетісу >>, << Киелі мекен - Маңғыстау >> деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген.
Сондай - ақ біздің оқушыларымыз да өздерінің табиғатқа деген сүйіспеншілігін білдіреді.
Шешілмейтін жұмбағы, сұрағы көп
Бұл өмірге келген соң бір - ақ рет,
Қалу керек өмірдің бұлағы боп
Қалу керек өмірдің шуағы боп.
Табиғатта сезім де, құлақта бар,
Ренжітсең күрсініп жылап та алар.
Аяласаң жаныңа шуақ тамар,
Қажығанда бойыңа қуат болар.
Қанша жақын тартсаң да белгілі ғой
Одан жақын ешкімді таба алмасың.
Сезінген соң қараңғы, жарық барын
Оң, солыңды келсе егер анықтағың.
Ол ауырса сенің де ауырғаның
Ол сауықса сенің де сауыққаның.
Табиғаттың қабағы қашанда ашық,
Сезбесе егер адамнан қауіп барын.
Мұғалім: Табиғат - бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп өнер мекені.
Адамдар, жер - сенің аяулы бесігің
Осы жер үстінде аштың сен тіршіліктің есігін
Онымен кіндіктес жаның да, қаның да.
Жер - жаханды аялап тұр алақанын да
Жұлдыздар аспаннан құласа жамырап
Күн де ұлы сәулесін төгеді жадырап
Бар тірлік тұрады бұл жерден жолын ап
Дүниеге жер - қара шаңырақ
Ән: Қошақаным
Мұғалім: Табиғат - адамға қажет, баға жетпес байлық.
Ол - ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымз табиғат адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі деп дәріптеген.
<< Қазына қара жерде >> дейді - халық
Күн көрген оы жерден ырыздық алып
Жер - Анадан үзіліп кете алмаған
Кемеңгер не бір дана, не бір алып.
Жаратылыс жан - ана
Қарық қып суға, ауаға
Топырағың мен асырап
Сәулесін құйған санама
Кең дала көресің ғой ана жатқан
Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан
Асқар тау, балдай тәтті сулары бар
Әне, сол анам еді мені тапқан
Ән: Бала тілегі.
Мұғалім: Біз жас ұрпақ - табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығымыздай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек.
Келесі кезекте оқушылар табиғат туралы өз ойларын жеткізеді.
1. Туған жердің тағдыры толғантпаған, жаны тебіреніп, ол туралы ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз. Туған жердің қара тасын мақтан ете алмаған азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жаратпас.
2. Ендеше, елім, жерім деген ел азаматы өз туған жерінің тағдырына нем құрайлы қарамай қоршаған ортаның тазалығына ат салысуы тиіс.
3. Табиғаттың адам үшін маңызы зор. Қазіргі таңда табиғатты қорғаудың түрлі жолдары қарастырылған. Табиғатты тиімді және ұқыпты пайдалану.
4. Адам табиғатқа мейрімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат - кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады.
5. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат - анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау - ана сүтін ақтамағанмен пара - пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болу мен бірге, ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан шығармауымыз керек.
Ән: Аспанды дала
Ендігі кезекті мақал - мәтелдерге берейік.
1. Жер - ана, ел - бала.
2. Жер - қазына, су алтын, мол байлық.
3. Жер тағдыры - ел тағдыры.
4. Аялы ағаш саялы.
5. Бабалары еккен шынарды,
Балалары саялайды.
6. Халқыңа орман салғаның,
Өзіңе қорған салғаның.
7. Бағбан болсаң бақ өсір,
Балама деп тағы өсір.
8. Жер - ырыстың кіндігі,
Еңбек - ырыстың қазығы.
9. Ағаш ексең аялап
Басыңа болар саябақ.
10. Әй, табиғат ! шеберсің - ау, шеберсің,
Көрмегенді көрсетесің, бересің.
Ашкөзденген адамдарға не дарсің !
Айың мынау, күнің мынау, жер міне !
Ау, адамдар !
Жетпей жатыр енді не ?
Табиғатқа таласпаңдар, ағайын,
Асырайды ол сені, мені, елді де.
Енді оқушылардың шығармашылығына назар аударайық.
1. Шығармалары
2. Өлеңдері
3. Көрме
Хор: Отаным Қазақстан.
Қорытынды:
Ал табиғатпен адам қатар ұғым, табиғатсыз адам, адамсыз табиғат өмір сүру мүмкін емес. Адам табиғаттың бір бөлшегі болып табылады. Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің жастар.
1. Таза болса табиғат - аман болар адамзат.
2. Табиғат, сен - тіршілік, тұнып тұрған.
3. Сен - күнсің, көтеріліп күліп қырдан.
4. Сен - көлсің.
5. Сен - ормансың.
6. Сен - бұлбұлсың.
7. Сенсің адамға сұлулықты шын ұқтырған.
Аябаева С.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz