Жер - Ана жыламасын

Сабақтың тақырыбы:
«Жер - Ана жыламасын».
Сабақтың білімділік мақсаты: Жер, табиғат туралы тың мәліметтер беріп,
«Семей - Невада» қоғамдық қозғалысының
адамзатқа тигізген пайдасы туралы мәліметтерді
толықтыру. Дүние танымы мен ой өрісін кеңейту.
Оқушыларды мәтінмен өз бетінше жұмыс жасауға,
сұрақ қойып, монолог түрінде әңгімелеуге жаттықтыру.
тәрбиелік: Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, өмірге деген сүйіспеншілік, құштарлық сезімдерін оятып, табиғатты қорғап, сақтауға тәрбиелеу. Елінің тағдырына жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
дамытушылық: Кластер схемасымен жұмыс жасату, сұрақтар және тапсырмалар
беру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлем талдауға
дағдыландыру, ауызекі сөйлеулерін дамыту.
Көрнекі құралдар: Слайдтар, портрет, кітаптар, схемалар, карточкалар.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Әдістері: Сұрақ- жауап, диалог, топ жұмысы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі:
Барлық адам жер бетінде өмір сүру үшін түрлі қолайлы жағдай жасап, техникалық озықтыққа жетіп, тұрған жеріне, табиғатқа көп зиян келтіруде. Әрине, даму және озықтыққа жету адамзатқа қажет, бірақ болашақты ойлау, әр істеген ісіңе жауапкершілікпен қарау - бұл парыз.
Сондықтан мен мынадай сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймын.
Адамға дем алу үшін не керек?
Таза ауа керек.
Жылыну үшін не керек?
Күн, от керек.
Шөлді қандыру үшін не керек?
Су керек.
Өмір сүру үшін не керек?
Жер керек.
Адамның табиғатсыз күні бар ма? Дұрыс, адамның табиғатсыз күні жоқ. Адам табиғаттың бір бөлшегі, табиғат пен адамның бөлінбейтін біртұтас дүние екендігін ұмытпауымыз дұрыс.
Қоршаған ортаға, табиғатқа зиян келтіретін не? Қалай ойлайсыңдар?
Дұрыс. Завод, фабрика, машиналардың түтіні, кәсіп орындар, түрлі өндіріс орындары, шылым шегу.
Экологияға зиян келтіретін өндіріс, кәсіпорындар біздің елімізде бар ма? Иә, бар.
Қарашығанақ, Капустин Яр, Арал теңізінің жағдайы, Семей полигоны т. б.
II. Ендеше, балалар, осы тақырып аясында әңгімемізді жалғастыра отырып «Жер - Ана жыламасын» деген қайталау сабағымыздың тақырыбын жазып алайық.
Грамматикалық тақырып: Сөйлем мүшелерін қайталау.
Жеріміз, табиғатымыз, өзіміздің тіршілігіміз туралы айтуымыз міндет, себебі бүгінгі күнді ойламасақ, болашақ ұрпаққа не қалдырамыз деген сұрақ туады.
Бүгінде жерімізге төніп тұрған үлкен қауіптің бірі - ядролық жарылыстар.
Ядролық жарылыстар табиғатқа, адамның денсаулығына көп зиян келтіреді.
Біздің Қазақстанда ядролық полигондардың ең үлкені - Семей сынақ полигоны. Бұл полигонда 456 жарылыс өткізілді. Ең бірінші бомба 1949 жылы тамыз айының 29-ы күні жарылған. Жер бетінде тағы қандай қалаларда ядролық бомба жарылды?
Дұрыс, Хиросима, Нагасаки.
Бұл қалалар жермен тегістеліп қалды.
Осы жарылыстардан зардап шеккендер 60-тан астам жыл өтсе де, қорлық көруде. Зияны ұрпақтарына тиіп, түрлі ауруға шалдығып, зардап шегуде.
Табиғатқа келтірген зиян - өзімізге жасаған қастандығымыз.
Біздің Батыс Қазақстан облысында радиация жоғары. Қалай ойлайсыңдар, неліктен? Капустин Яр полигоны зардабынан.
Дұрыс, Капустин Яр полигонына 60 жыл бойы біздің облысымыздың жерлері жалға беріліп, полигонда сынақтар өткізілуде.
Капустин Яр полигоны- оқушының үй тапсырмасы:
Қазақстан жерінде радиация өте жоғары. 1950 жылдардан бастап Капустин Яр және Азгир полигондарында 11 жер үсті, 17 жер асты ядролық жарылыс өткізілді. Бұл жарылыстардың күшін қосып есептегенде, Хиросимаға 65 атом бомбасын тастағанмен бірдей болады.
Сонымен қатар 24 мың ракета, 177 әскери техника сынақтан өткізіліп, РСД-10 ракеталары жойылды. Ауаға мыңдаған тонна зиянды улы заттар көтерілді.
Жанақала, Бөкейорда аудандарының 1, 5 мың гектар жері Капустин Яр полигонында жалда. Бүгінгі күнге дейін сынақтар өткізілуде. Көптеген адамдар түрлі ауруға шалдығып, зардабын шегуде.
Сонымен, балалар, барлық елдер, халықтар осы ядролық жарылыстардан зардап шекті. Сондықтан олар қаруға қарсы шерулер ұйымдастыруда.
III. Қалай ойлайсыздар, қазір біздің Тәуелсіз Қазақстан қандай мемлекет? Ядролық қарусыз мемлекет.
Ядролық жарылыстарға қарсы қоғамдық қозғалыстар басқарып, күрескен адамдарды білесіңдер ме?
Мұхтар Шаханов, Олжас Сүлейменов.
Олжас Сүлейменов қандай қоғамдық қозғалысты басқарды?
«Семей - Невада» қоғамдық қозғалысын басқарды.
Олжас Сүлейменов туралы мәлімет, оқушының үй тапсырмасы.
Олжас Омарұлы Сүлейменов- 1936 жылы дүниеге
келген.
Сүлейменов - ақын, қоғам қайраткері. 1959 жылы Қазақ мем
лекеттік университетін бітіреді. 1955 жылдан бастап әдебиетпен
айналысады. 1961 жылы Мәскеуде М. Горький атындағы Әдеби
институтын бітіреді. 1960 жылдары көптеген өлеңдері жарық
көреді. «Арғымақ», «Парижанка түні», «Күн шығысы» өлеңдері
бар. Көптеген жылдары «Слово о полку Игореве» шығармасын
зерттеп, 1975 жылы «АЗиЯ» кітабы басылып шығады. Олжас
Сулейменов 1981жылы қазақ кинематографиясының төрағасы, 1983 жылы жазушылар Одағының бірінші хатшысы, «Семей - Невада » қоғамдық қозғалысының көшбасшысы болып жұмыс атқарады. Олжас Сулейменов - халық тағдыры үшін күресіп жүрген адам.
Өткен сабақта біз сіздермен «Жер - Ана жыламасын» мәтінін талдадық, мәтінді бүгін мазмұндап беруіңіз керек. Осы мәтін бойынша Семей полигоны туралы не айта аламыз? «Жер - Ана жыламасын» әңгімелеу.
Жарайсыңдар, балалар. Халық басынан өткерген қасіретін ешуақытта ұмытпайды.
Осы Семей полигонынан зардап шегіп,
құрбан болған адамдарға ескерткіш қойылған.
V. Енді, балалар, б арлық алған мәліметтерді бекітіп, сөйлем талдау жұмысын жүргізейік, сонымен бірге сабағымыздың эпиграфы, нақыл сөзі « «Адамның табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтар тілі жоқ» дегенді жазып алайық.
Айтыңызшы,
Сөйлем мүшелері нешеу?
Неше түрге бөлінеді?
Пысықтауыш деген не?
Анықтауыш деген не?
Толықтауыш деген не?
Топтық жұмыс.
1 тапсырма:Асты сызылған сөйлемдерді талдау
І - топ: Қазіргі уақытта тәуелсіз Қазақстан - ядролық қарусыз мемлекет .
Кеңес үкіметі кезінде үш сынақ полигоны болған.
Соның ең үлкені - Семей сынақ полигоны.
Бұл полигонда бірінші бомба 1949 жылы тамыз айының 29 -ы күні жарылған.
1989 жылы ақпанда ядролық қаруға қарсы “Семей - Невада” қоғамдық қозғалысы басталды.
Семей - Невада қоғамдық қозғалысын ақын, қоғам қайраткері Олжас Сулейменов басқарды.
ІІ - топ: Ядролық жарылыстар 1989 жылы тоқтатылды. 1991 жылы Семей полигоны жабылды.
Табиғатты, жерімізді сақтау - біздің міндетіміз.
- Тапсырма: Сөйлемдердегі баяндауыштың орнын толықтыру.
- Адам баласы табиғатты ∆
- Біз бұлақтардың көзін ∆
- Су мол болса, астық та ∆
- Көк шөпті таптауға ∆
- Су бар жерде - ∆
- Күн жер бетін ∆
Қажет сөздер: мол болады, қорғауы тиіс, тіршілік бар,
болмайды, аштық, қыздырады.
3 тапсырма:Өтілген сабақ бойынша топтар бір - біріне сұрақтар қояды .
VI. Сөйлем талдадық, ережені қайталадық, енді ереже бойынша білімдерімізді тексерейік.
- тапсырма: Тест сұрақтарына жауап (5 сұрақтан)
І топ:
1. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табыңыз.
А) есім сөздер В) бастауыш, баяндауыш С) толықтауыш, пысықтауыш Д) одағай
2. Дара анықтауышты табыңыз.
А) Қалың қардың үстінде іздер жатыр.
В) Дала жып - жылы болып тұр.
С) Ол тонынан мылтықты суырып алды.
Д) Сыныбымыз кең.
3. Қашан? Қайда? - қай сөйлем мүшесінің сұрағы.
А) пысықтауыш В) толықтауыш С) анықтауыш Д) баяндауыш
4. Зат есімнен жасалған баяндауышты табыңыз.
А) Шәкірттер өсіп қанат қақты.
В) Ауыл кешке өзгеше жанғандай.
С) Ер жолдасы - тәуекел.
Д) Ол оқуға құмар.
5. Күрделі бастауышты табыңыз.
А) Ерінбеген етікші болады.
В) Мейрам шахтаға кетті.
С) Күле беру ыңғайсыз.
ІІ - топ:
1. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін табыңыз.
А) көмекші сөздер В) бастауыш С) толықтауыш, пысықтауыш Д) одағай
2. Анықтауышты табыңыз.
Бүгін аспанда алақандай бұлт жоқ.
А) бүгін В) аспанда С) алақандай Д) бұлт
3. Кім? Не? - қай сөйлем мүшесінің сұрағы.
А) пысықтауыш В) толықтауыш С) бастауышД) баяндауыш
4. Сан есімді тіркестен жасалған баяндауышты табыңыз.
А) Екіншісі - тау жолы.
В) Екі ауылдың арасы - он шақырым.
С) Екі түрлі жағдай керек: біреуі - су.
Д) Үшеуміз етекті белге қыстырып алып жүріп кеттік.
5. Күрделі баяндауышты табыңыз.
А) Аспанды бұлт торлады.
В) Оқу инемен құдық қазғандай.
С) Жел кешке қарай саябырсыды.
Д) Сенің айтқаның болсын.
VII. Сабақты қорыту.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz