Математика пәнін оқытуда бастауыш және негізгі орта білім деңгейлері арасындағы сабақтастық

Қарағанды облысы
Жезқазған қаласы
№10 жалпы білім беретін
орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Сейтенова Асель Есенгельдыевна
Тақырыбы: Математика пәнін оқытуда бастауыш және негізгі орта білім деңгейлері арасындағы сабақтастық
Мақсатым: Бастауыш және негізгі орта білім беру сатылары арасында оқытудағы сабақтастықты талдау және тәжірибе мен теория жүзінде сабақтастықтың тиімділігін қалыптастыру.
Міндеттерім:
- Бастауыш сынып пен орта буын арасындағы сабақтастықты қалыптастыру
- Екі буын арасындағы сабақтастықтың салдарынан туындаған қиыншылықтарды жою жолдарын іздестіру
- Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
- Оқушылардың білім сапасын көтеру
Болжамым: Егер екі буын арасындағы сабақтастық жұмыстары дұрыс жүргізілетін болса онда болашақта математиканы жетік меңгерген білімді ұрпақты тәрбиелеп шығарамыз.
Сабақтастық дегеніміз - біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат - міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден, білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімдігі.
Осы уақытқа дейін жалпы орта мектепте математиканы оқытудың мазмұнындағы сабақтастық, оқытудың әдістері мен тәсілдері арасындағы сабақтастық едәуір зерттелгенімен, бастауыш сынып пен негізгі мектепте математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері орын алып отырғандықтан, математика пәнін меңгеруде көптеген қиыншылықтарға кездеседі.
Мектепте математика пәнін оқыту, қандай да бір құрылыс ғимаратының іргетасын қалағанмен тең. Іргетас мықты болса оқушыға берілетін білім де сапалы болады. Бастауыш сынып оқушысының ортаңғы буынға өту кезеңі қиындық тудыруы мүмкін. Оқушыға ғана емес, олардың ата-анасы, бастауыш сынып мұғалімдерінің де көңілінде алаңдаушылық туғызады. Осындай алаңдаушылықтан арылу мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолдану қажет.
Бастауыш сыныптағы мұғалім мен ортаңғы буындағы математика пәнінің мұғалімі арасында пікірталас туындайды. Оған себеп сынып оқушысы есеп шығарғанда теорияны практика жүзінде қолдана алмауы; арифметикалық компоненттерді дұрыс қолдана алмағандықтан сөз есептерді шығара алмауы.
Ортаңғы буындағы математика пәні мұғалімі бастауыш сыныптағы оқу бағдарламасын, оқулығын меңгерту әдіс-тәсілін біле бермейді. Сондықтан оқушының жас ерекшелігін есепке алмай, қатаң талап қояды, бастауыш сыныптағыдай тәсілмен түсіндіре алмайды. Сол себепті, 5 сыныпқа келгеннен бастап оқушының математика пәніне деген қызығушылығы жоғалтады. Бұл мәселе - сабақтастықтың болмауы себебінен туындайды. Осындай келеңсіздікті болдырмау үшін бастауыш сынып пен ортаңғы буын мұғалімдерінің арасында өзара сабақтастық болуы керек.
Қазіргі заман - ғылым мен техниканың өркендеген, математика ғылымының өте жан - жақты тараған кезеңі. Қазіргі таңда Ұлттық Бірыңғай тестілеуде математиканың негізгі пән болуы да заман талабы. Сондықтан, математика пәні мұғалімдерінің әдістемелік дайындықтары жоғары деңгейде болуы қажет. Сыныптағы оқушылардың да ойлау қабілеті бірдей болмайды. Барлық бала бірдей математикалық қабілетке ие бола алмайды. Математика мұғалімі жұмысындағы қиындықтар, негізінен, пәнді оқуға қызығушылықтың болмауынан. Оқушының пәнге қызығушылығының жоғалу себебі-ол пәнді түсінбеуінен. Ал түсінбейтін себебі ол білім берудің әр сатысының арасында пәннің мазмұны, оқыту әдістері, оқыту құралдары арасындағы сабақтастықтың толық орындалмауынан. Білім берудің әр сатысында берілетін математикалық
білім бір-бірімен сабақтас болған жағдайда ғана түсінікті болмақ.
Ал, жақсы нәтиже көрсету үшін, оның сапасын бастауыш сыныптан қолға алуымыз қажет. Тест жазу барысында оларға калькулятор, ұялы телефон ұстамауларын талап етеміз. Осы талапты біздер, «бірінші сыныптан» бастап қолға алуымыз керек. «Білім негізі - бастауышта» қаланатынын әр уақытта жадымызда ұстап, негізгі бақылауды бастауыштан бастау керек. Математикалық білім берудің сапасын арттырудың бір жолы бастауыш пен орта буын арасындағы сабақтастықты нығайту. Сабақтастықты нығайтудың тиімді жолдарының бірі - теория мен тәжірибені ұштастыру; іс - тәжірибе алмасу. Бастауыш мектеп - баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу, оның тұлға ретінде өзін-өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жағдай жасайтын негізгі саты. Бастауыш сыныпты бітірген оқушылардың орта мектептегі оқу - тәрбие процесіне бейімделіп кетуін қамтамасыз ету сабақтастықты нығайтудың негізгі міндеті болып табылады. Білім негізі бастауышта дейміз. Бастауыш сынып мұғалімдері «үшінші, төртінші сынып» оқушыларына өз бетімен жұмыс жасауға, өздігінен шешім қабылдауға үйретуі тиіс. Өйткені, бастауыш сыныпта мұғалімнің айтуымен ғана тапсырмаларды орындап үйренген оқушыға «бесінші сыныпта» қиындау соғады. Қарапайым алгоритм бойынша есеп шығара білуі қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыруда ең алдымен математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Бастауыш сыныпта берілетін негізгі сабақтас оқылатын тақырыптың бірін айтып кетсем, ол- геометрия элементтерімен таныстыру. Бұл тақырып 1-ші сыныптан бастап- ақ кең көлемде қарастырыла басталған. 1-ші сыныпта ең алғаш «Қарапайым түсініктер» тақырыбымен танысу барысында: Сызықтар (түзу сызықтар, қисық сызықтар) . Нүкте. Сәуле. Бұрыштармен суретін көрсету арқылы таныстырылған. Бұрыш анықтамасы берілмейді. Онан соң, кесінді және оны сызу. Кесіндінің ұзындығын өлшеу. Сантиметр. «10» санымен танысқан кезде Дециметр ұғымдарымен таныстырылған. «3» санымен таныстырлған кезде Үшбұрыштың қабырғалары - кесінділер. Бұрыштың қабырғалары - сәулелер болатыны айтылып кеткен және олардың суреттері берілген. 2- сыныпта кесінділердің ұзындықтарын өлше. Осы екі кесіндінің ұзындықтарының қосындысын тап және оны дәптерге жаз деген тапсырмалар берілсе, 3- сыныпта кесінді бірнеше бөлікке бөлініп, бөліктерінің ұзындықтарын табуға тапсырмалар берілген. Енді біз 7- ші сыныптың геометрия оқулығын қарасақ, онда осы кесіндіні өлшеп салу қайталанып берілген. Сонымен қатар 7- сынып геометриясындағы «Бұрыш. Бұрышты өлшеп салу» тақырыбы да қайталанып берілген.
Туындайтын кедергілер (пробелмалар) :
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz