Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Ана - күннің шуағы

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
№4 орта мектеп
География пәні мұғалімі
Жұмабек Ұлболсын Жаумбайқызы
Ана - күннің шуағы
Мақсаты: Балаларға ана туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту. Балаларды ұятқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой - өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. 3. Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
М: Балалар,бүгін ерекше күн екен.Біздің сабағымызға көптеген қонақтаркеліп отыр.Олай болса,балалар,қонақтармен амандасып алайық.
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
Муғ: Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық.
Ән <<Анашым>>
Муғ- Әлемдегі ең асыл жан. Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе? Пах, шіркін, ананың айналып - толғанғаны кімнің есінен кетеді!Шырылдап жерге тускеннен - ақ сенің ең бір жақының ең бір ұстазың, ең досын бар. Ол - Ана! Қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап жұбанбай, жылап іздейтінің - ана. Сен жан болып дүниеге келдің,Сенің іздейтінің бір - ақ жан. Ол - ана! Ол саған бәріненде қымбат.Олай болса, бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз <<Ана - күннің шуағы>> деп аталады.
Балалар айтыңдаршы АНА кім?
Ана - нұр өмір сыйлаушы, дана, данышпан, кемеңгер, тәрбиеші, т.б
АНА - бұл біз үнемі, күн сайын айтатын үздік, ерекше есім.
Ана - бұл бізге жарық пен жылу беретін Күн.
Біз өз аналарымызды қалай айтамыз?
Иә. МАМА - бұл сөз әрбір халақтың тілінде бар. Барлық тілде де мейрімді жылы естіледі.
Аналарың қандай адам?
АНА ақылды, сұлу, нәзік, мейрімді, ардақты, анам менің жүрегім, анам менің гүлім, анам менің бақытым т.б
Балалар аналарымызға арналған өз сәби жүрегімізден шыққан ақ тілектерімізді мына тілек ағашына орналастырайқ. Кім қандай жүрегіне рахмет айтады?
<< Менің жүрегіме рахмет!>> (Жүрекшені алып << Тілек ағашына >> орналастырады.)
-Менің жүрегімнің қайырымдылығына рахмет!
-Менің жүрегімнің мейірімділігіне рахмет!
-Менің жүрегімнің жылылығына рахмет!
-Менің жүрегімнің адамдарды жақсы көретініне рахмет!
-Менің жүрегімнің жақсы көру сезіміне рахмет!
-Менің жүрегімнің жанашырлығына рахмет!
-Менің жүрегімнің кең пейілділігіне рахмет!
-Менің жүрегімнің адалдығына рахмет!
-Менің жүрегімнің сезімталдылығынак рахмет!
-Менің жүрегімнің қамқорлығына рахмет!
-Менің жүрегімнің кішіпейілділігіне рахмет!
-Менің жүрегімнің тазалығына рахмет!
-Менің жүрегімнің ізеттілігіне рахмет!
-Менің жүрегімнің мөлдірлігіне рахмет!
-Жүрегіміздің осындай жақсы қасиеттеріне ие болу кімнің арқасы?
-Ананың арқасы !
Дүниенің нұры,өмірдің гүлі,қызықтың қызығы-ананың қолында. Кез-келген адамның әдептігі мен жан дүниесінің сұлулығы ,ең алдымен балаға ақ сүтін беріп,әлпештеп өсірген Ана жүрегінің жылуынан басталады.Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.
Балалар айтыңдаршы ана туралы кім қандай тақпақ біледі?
Ана десем алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын
Анам менің панам ғой,
Содан қорған табам ғой
Асықпа, ана, ертең - ақ
Отың болып жанам ғой
Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақтанған.
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын ақ мамам
Ана - бақыт, ана күн,
Ана - өмір тірегі.
Ана - өмір себуші,
Ана - сарқылмайтын бұлақ
Бал бөбегін баптаған.
Мамам үшін мақтанам!
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын жақсы адам
Әлпештеген анамыз,
Біз бақытты баламыз
Оқып білім аламыз,
Жұлдыз болып жанамыз.
Өнерлі болып өсеміз
Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да анаңның саған жасаған жақсылығын ұмытпау сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый - құрметті жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі де ананың бір ауыз жылы сөзінде.
Балалар аналарымыз бізді қалай еркелетеді?
Балалар аналарымыз туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Ананың сүті бал
Баланың тілі бал
Баланың білегі ауырса
Ананың жүрегі ауырады
Ана сүті бой осіреді
Ата тілі ой өсіреді
Күннің шуағы жылы
Ананың құшағы жылы
Ана үйдің берекесі
Бала үйдің мерекесі
Ана жүзі - күлімдеген күн көзі.
Муғ-
Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Балапаның қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын тілейді.
Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. <<Ат биеден, алып анадан туады>> дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі - Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз. Аналары бақытты елдің ұрпағы да бақытты ғұмыр кешеді, анасы жыламаған елдің баласы да жыламасы анақ.
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Шын ниетімізбен алғыс айтамыз!!!
Балалар бүгінгі ашық тәрбие сағатына өте жақсы қатыстыңдар. Енді орнымыздан тұрып, қонақтарға рахметімізді айтып шығарып салайық.
Орнымыздан тұрайық,
Шеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау - саламат болайық

Ұқсас жұмыстар
Ана - өмір шуағы туралы ақпарат
Аналардың жүрегі
Ана махаббатымен әлем тербелген..
Ана туралы
Бейнебаян Бала тәрбиесі
Ана - өмір шуағы
Ендігі тамашалайтындарыңыз өнер сайысы
Аялайық аналарды әрдайым
Ана - өмір шуағы сценарий
Аяулы аналар
Пәндер