Ашық сабақ: бір орыннан ұзындыққа секірудің әдістемесі (6-сынып)

Ашық сабақ

  1. Сабақ тақырыбы: Бір орыннан ұзындыққа секіру.

2. Сабақ мақсаты:

а) білімділік: бір орыннан ұзындыққа секірудің әдіс тәсілдерін үйрету;

ә) дамытушылығы: шапшаңдықты, қарқынмен ұшуды және жерге түсуді

үйретіп дамыту;

б) тәрбиелігі: оқушыларды ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа, батылдыққа,

жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу, дене шынықтыру пәніне

қызығушылығын арттыру.

3. Сабақтың типі: жаңа сабақ

4. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

5. Сабақтың әдісі: жекелей, топтық, түсіндіру, көрсету.

6. Құрал жабдықтар: ысқырық, секундомер, ұзындықты өлшейтін құрал, жалауша,

Өткізілетін орын: спорт алаңы Өткізілетін уақыт : 45 минут Сынып : 6 сынып

Сабақ мазмұны
Мөлшері
Әдістемелік нұсқау
№: І
Сабақ мазмұны:

Кіріспе бөлімі: 15 минут

1. Сыныпты сапқа тұрғызу

2. Сәлемдесу

3. Сыныпты түгендеу

4. Жаңа сабақ барысымен таныстыру

Мөлшері: 2 мин
Әдістемелік нұсқау:

Оқушыларды бой-бойымен сапқа тұрғызу.

Бұйрықтар беру.

Жаңа сабақ жоспарымен таныстыру.

№:
Сабақ мазмұны:

5. Саптағы жаттығулар:

Орында бұрылу жаттығулары:

оңға, солға, кері.

Мөлшері: 2 мин
Әдістемелік нұсқау: Бұйрықтар беру, Нақты дұрыс бұрылуына назар аудару.
№:
Сабақ мазмұны:

6. Жүгіру

тізені көтере жүгір өкшені артқа көтере жүгіру. сол жақ иықтан секіре жүгіру. оң жақ иықтан секіре жүгіру. қол белде тік аяқты алға сермеп жүгіру қол желкеде тік аяқты артқа сермеп жүгіру.

Мөлшері: 11 мин
Әдістемелік нұсқау: Жүгіріп орындалатын жаттығулардың орындалуын көрсету, оқушылардың әрекетін қадағалау.
№:
Сабақ мазмұны:

7. Жүру:

Аяқтын ұшымен қол жоғарыда. Қол желкеде, өкшемен жүру. қол белде табанның сыртымен жүру. қол белде табанның ішімен жүру. қол белде аяқты қайыншылап жүру

8. Ж. Д. Ж. жүруде Б. қ. оң қол жоғарыда, әр адым сайын қолды ауыстырып отырамыз. Б. қ. қол кеуде алдында, қолды шынтақтан артқа тарту және жаза тарту. Б. қ. қол иықта, қолды иықтан алдыға артқа айналдыру. Б. қ. қол белде, 1- алға еңкею сол аяқты өкшеден қою. 2 - қол белде артқа шалқаю. 3-4 д. с. оң жаққа. 9. Ж. Д. Ж. орнында. Б. қ. қол белде басты 4 рет сол жаққа айналдыру, 4 рет оң жаққа айналдыру. 1. Б. қ. сол қол белде, оң қол жоғарыда, аяқ иық көлемінде. 1-2 сол жаққа еңкею, 3-4 оң жаққа д. с. 2. Б. қ. аяқ иық көлемінен алшақ қол белде. 1- сол аяққа еңкейеміз, 2- ортаға еңкею, 3- оң аяққа еңкею, 4- бастапқы қалып. 3. Б. қ. қол белде аяқ иық көлемінде. 1- қол жоғарыда, 2- алға еңкею, 3- қол алдыда отыру, 4-б. қ. 4. Сол аяқ алдыда оң аяқ артта қол тізеде. 1-2-3 -сол аяққа қарай отыру, 4-секіріп аяқты ауыстыру 8. Тынықтыру жаттығулары

Мөлшері:
Әдістемелік нұсқау:

Жалпы дамыту жаттығуларын орындалуын көрсету.

түсіндіру, дұрыс жүзеге асуын қадағалау

Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.

№: ІІ
Сабақ мазмұны:

Негізгі бөлім: 25 минут

Жаңа сабақ тақырыбы :

Бір орыннан ұзындыққа секіру.

  1. Ұзындыққа секірудің ең қарапайым түрі-«аяқты бүгіп секіру әдісі».
  2. Тізені бүгіп секіру екпіндей жүгіру, жерден серпілу, қалықтаудан және жерге секіруден тұрады.
  3. Ұзындыққа секірудің 3 кезеңін түсіндіру:

Серпілу (жерден көтерілу)

Серпілуді мүмкіндігінше тез жасау керек. Серпілетін аяқтың барлық буындары бүгіліп салмақтың екпін күшімен секіруші тік қалыпқа келуі керек.

Самғау (ұшу немес қалықтау)

Көтерілу кезінде сілтенетін аяқ жоғары көтерілген жамбаспен бірге алға қарай сілтеніп, серпілетін аяқ артта қалады.

Жерге түсу

Секіртпемен секіру

Екі-екіден секіртпемен секіре жарысу

Кім жылдам? ойыны

Мөлшері:

5 мин

20 мин

Әдістемелік нұсқау:

Оқушыларға жерден көтерілу кезінде қалай көтерілу керектігін түсіндіру және өз орындауында көрсету. Оқушыларға қайталату.

Оқушыларға самғау кезіндегі әрекеттерді түсіндіру және өз орындауында көрсету. Оқушыларға қайталату.

Оқушыларға жерге түсу кезіндегі әрекеттерді түсіндіру және өз орындауында көрсету. Оқушыларға қайталату.

№: ІІІ.
Сабақ мазмұны:

Қорытынды бөлім: 5 минут

  1. Сыныпты сапқа тұрғызу;
  2. Жаңа сабақты пысықтау;
  3. Бағалау;
Мөлшері: 5 мин
Әдістемелік нұсқау: Оқушылар жетістігі мен кемшіліктерін түсіндіру.

Ұқсас жұмыстар
Купиева Айсұлудың №3 орта мектебіндегі дене тәрбиесі пәнінің қысқа мерзімді сабақ жоспары: Екі аяқпен орыннан ұзындыққа секіру
6-сынып математикасы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер - ашық сабақ жоспары
6-сынып: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерге есептер шығару - ашық сабақ жоспары
6-сынып қазақ әдебиеті: Мұхтар Мағауиннің Бір атаның балалары повесіндегі Ахмет қамқорлығы - сабақ жоспар-әдістемесі
Төменгі стартты меңгеру және ұзындыққа секіруді қайталау: сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған ашық сабақ: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу
Орнынан ұзындыққа секіру техникасын оқытуға арналған сабақ жоспары
Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру: 5-сыныпқа арналған дене шынықтыру сабағының жоспары
6-сынып математика: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер сабақ жоспары
6-сынып математикасының сабақ жоспары: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz