Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазақтың ұлттық ойындарынан сайыс
Тақырыбы: <<Қазақтың ұлттық ойындарынан сайыс >>
Мақсаты: а) Оқушыларға ұлттық ойындар арқылы оқушының өз ұлтының әдет - ғұрпына ,салт - дәстүріне деген қызығушылығын оятып,төл ойындар арқылы білім деңгейін көтеру,тәрбиелік мақсатты орындауды көздеу
Көрнекі құрал-жабдықтар: белгілер, белбеу, ысқырық, қаптар,орамал, арқан.
Сайыс бағдарламасы
1. Сынып командаларының сапқа тұруы.
2. Өтетін ұлттық ойын түрлерімен таныстыру.
3. Әділқазылар алқасын сайлау.
4. Жеребе тастау
Ұлттық ойын түрлері
1. <<Белбеу тастау>> ойыны.
2. <<Орамал тастау>> ойыны.
3<<Қап киіп жарысу>> ойыны.
4. <<Кім жылдам?>> ойыны
5. << Қырықаяқ>> ойыны
6. << Арқанмен тартысу >>
II. Ой қозғау:
Мұғалім:
- Қазақтың ұлттық ойындары туралы не білеміз?
Оқушылар:
- Қазақ халқының ұлттық ойындары:
<<Асық ойнау>>, <<Тоғызқұмалақ>> , <<Арқан тартысу>>, <<Қол күрес>>, <<Көрші>> <<Бес тас>>, <<Желке тартыс>> т.б.
III. Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.Жастайынан баланың жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатына жете бермейді. Бұл ойындардың еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған.
Оқушыларды команда бойынша сапқа тұрғызу ойын шарттарын түсіндіру
<<Белбеу тастау>> ойын ережесі ойынына жиналғандар дөңгелене шеңбер бойына отырады. Жүргізуші шеңбер сыртында белбеуді қолына ұстап жүгіре басып айналып жүреді де, өзінің көңіліне жаққан ойыншысының артына білдірмей тастауға тырысады (егер ол біліп қойса тастамау керек). Жүргізуші білдірмей тастап кетсе, шеңберді айналып қайтып келіп, белбеуді алады да, артында белбеу жатқан ойыншыны <<Орныңды тап>> деп белбеумен ұрады. Сөйтіп, шеңберді айналдыра қуалап, қайтып орнына келгенше соғады. Ал ойнаушы белбеуді артына тастап кеткенін біліп қойса, белбеуді ала салып, ойын жүргізушінің өзі босатқан орынға жеткенше қуалайды. Ойын осылай жалғаса береді.
<<Орамал тастау>>ойын ережесі Ол жазда, алаңда, көгалды шөптесін жерде ойналады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын
соншалықты қызық болады. Ойнаушыар тең екі топқа бөлінеді де, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарласа тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да: <<қа>> деп дауыстайды. Ол қағып <<ғаз>>, дейді, болмаса <<ла>> дейді. Сонда <<қағаз>>, <<қала>>, т. б. сөздер шығады. Айтатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы <<са>> деп дауыстаса, <<са-дақ>>, <<са-қа>>, <<са-бын>>-, <<са-қал>>, <<са-рын>> т. б. сияқты сөздер айтылуы керек. Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай етіп айтуы керек. Егер ол екі буынға арналған сөздің алғашқы буынын тез, дұрыс тауып айта алмаса, онда ортаға шығып, өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі лақтырады. Лақтырған кезде жаңағыдай сөздердің бірінші буынын айтуы керек. Жазаны жауап бере алмаған ойыншы да тартып, ортаға шығып өнер көрсетеді. Осылайша екі топтың ойыншылары орамалды бір-біріне лақтыра отырып ойынды жалғастыра береді. Бұл ойын жастардың ойын дамытып, ана тілін жетік білуге, тапқырлық қасиеттерге үйретеді
<<Қап киіп жарысу>>ойын ережесі ойын көгалды жазық далада, дене шынықтыру залдарында өткізіледі. Ойын ашық алаңда өткізілгенде оған қатынасушылар 50 метрдей жерден сөре жасайды. Ойын залдарда өтетін болса, сөре оның мүмкіншілігіне қарай жасалады. Жарысатын жердің ені бір жарым метрдей болады және 4 -- 5 қатар жолақ жол созылып қойылады. Жолдың қақ ортасына жарысатын адамдардың санына сәйкес етіп кенеп қаптың аузын ашып қою керек.Ойын басқарушының командасы бойынша сызықтың бірінші басында қатарласып тұрған ойнаушылар жарысып жүгіре бастайды. Жолында жатқан қапқа жетісімен, екі аяғын оның ішіне тығып, тез киіп, екі қолымен жоғары көтеріп, ілгері секіріп жарыса береді. Мұндағы мақсат -- сызықтың екінші басына алдымен жету.Осы тәртіппен ойын қайталана береді. Oлар барлық талапкерлер кезектесіп қатынасады. Бұл ойын әр түрлі тәртіппен өткізілуі де мүмкін.
Көкпар ойын ережесі Ойын аулада, спорт залында, класс комнаталарында ойнала береді. Ойыншылар ойынға екі-екіден қатынасады. Ортаға шыққан екі оқушы бір-біріне арқасын беріп, екі жаққа қарап тұрады. Аяқтарының арасын иықтарының деңгейімен бірдей етіп ұстайды. Сонан соң ойын жүргізуші екеуінің аяғының арасына ұзыннан-ұзақ белбеу тастайды да <<бір, екі, үш>> деп санайды. <<Үш дегенде кім еңкейіп белбеуді бұрын алса, соның жеңгені. Бұл адамның өз денесін еркін меңгеріп, тез қимылдауының нәтижесінде жүзеге асады. Ойынға басқа ойыншылар шығады. Ойын жалғаса береді. Екінші кезекте әр жұптың жеңімпаздарымен арадағы жарыс болады. Ең соңында жеңген екі ойыншы қалады. Сол екеуінің қайсысы жеңіп шықса, сол жеңімпаз атанады
Қырықаяқ ойын ережесі бұл ойын тегіс алаңды жерде, мектеп ауласында, дене шынықтыру, спорт залдарында ойналады. Ойнаушылар орталарынан басқарушы тағайындап алады. Басқарушының талап етуіне орай ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтағы ойнаушылар да бірінің белінен бірі құшақтап қатар тұрысады. Олар тұрған жерден 25 -- 30 метр қашықтықта көмбе белгіленеді. Басқарушының командасы бойынша екі топ та сол қалыптарымен аяқтарын тепе-тең алып жүгіре жөнеледі. Қай тап көмбеге бұрын жетсе, сол жеңіске ие болады. Басқарушы ойын тәртібінің бұзылмауын қадағалап тұрады. Ойын қайталанып отырады. Ойынды әбден игергеннен кейін басқарушыны жаңадан сайлап алады Ұзындығы 8-10 метр жуан кендір арқан керек .Арқанның тең ортасына қызыл шүберек байланады .ойнаушылар екі топқа бөлінеді.Екі қатарға тізіліп тұрады.Белгі бойынша арқанның екі жағына орналасады. Келесі белгі бойынша арқан тарту басталады.
<<Арқан тарту>> ойын ережесі Бұл ойынды ойнау үшін, алдымен бес-алты ойыншы тартқанда үзілмейтін арқан қажет. Ойыншылар екі топқа бөлініп, арқан бойына қарама-қарсы орналасады. Арқан бойына үш жерден белгі тағылады. Ортаңғы белгі орта сызықпен бір межеде болуы керек.Бастаушының белгісімен екі топ әрқайсысы өз жағына қарай арқанды тарта бастайды. Қай топ қарсыласты орта сызықтан тартып әкете алса, сол топ жеңіске жетеді.
Сайысты қорытындылап , сайыс жеңімпаздарын марапаттау
Бағалау парағы
Қатысқаны 24 бала
Әділқазылар алқасы: 1.____________________________________________________________
2.____________________________________________________________
Үй тапсырмасын беру: Қазақ халқының ұлттық ойындары туралы білімдерін толықтыру. Қорыта келе, біз ұлттық ойындар арқылы салауатты өмір сүруге тәрбиелеудің бірқатар мүмкіндіктерін аштық: 1. Ұлттық ойын бала денесінің дұрыс қалыптасуына мүмкіндік туғызады 2. Ұлттық ойын баланы тек денесін ширатып, денсаулықтарын жақсартып қоймайды, сонымен қатар пәндерден алған білімдерін толықтырады. 3. Ойын арқылы баланың ойлау қабілеті дамиды. 4. Ойын шыдамдылыққа, төзімділікке үйретеді, т.б Бала ойыны қоғамдық құрылыстың өзгеруіне, адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың жаңаруына, мазмұны мен сипаты жағынан тиісті өзгерістерге түсіп отырады

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz