Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ізгілік іздеп келемін

Сабақтың тақырыбы: Ізгілік іздеп келемін
Сабақтың мақсаты:Барлық жерде жүзі жылы, сыйымды болу.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ізгілікке, әділдікке, адалдыққа, мейрімділікке, кішіпейілділікке, сыйластыққа тәрбиелеу Шамаң келсе, ізгілік істе, ізгілік пен әділдік өлмейді. Сайф Сараи
Адамқолымен жасалған игі істің бәрі-оның ақыл- ойымен жүрек жылуының көрнісі. Жанында жүрген жандардың қуанышын бөлісіп, қиындығына ортақтаса алатын адамның іс-әрекетінде ізгіліктің негізі жатады. Жақсылық жасай білген адамның ішкі жан дүниесі таза, сезімі сергек болады. Ондай адамдар әр істе көрегендік таныта біледі. Рақым, қанағат, әділдік және қайырымдылықпен жасаған жақсылығының жемісін, рақатын көреді. Тілегі мен жүрегі үндестікте болған адамның руханилық қуаты арта түседі. Туған- туыстар,достар, жора-жолдастар, көрші - таныстармен сыйластықта, татулықта, жақсы қарым-қатынаста болу да ізгілікті білдіреді.
Ізгілік Жасы кіші, жүзі нұрлы көрікті, Бір ізгілік бір өзіңнен өріпті! Жомарт, ойлы, білер істің шамасын, Әділ таза, сақтар жұрттың арасын. Қиянаттан сақтайды адам баласын, Шаң тигізбей ұстар намыс жағасын. Қайда барса-іс қиюын табады, Сөйлесе ақыл - тілінен бал тамады. Жүзі игі барлық жерге сыйымды, Табыстырар қиыспайтын қиырды. Көзі жіті қырдағыны шалады, Қандай істе еш таймайды табаны. Жас ақылы-шығар сөлі шырынның, Ақыл қайда болса, соған қарай жығылған. Кішісінде-махаббат, кәрісінде - мархабат, Бәрі жақсы, ізгілікпен өтсе жүгін арқалап!
Өмірдегі ақ пен қара түс сияқты, адамдардың да мінез-құлқы, ішкі әлемә әр түрлі болады. Біреу ақ жарқын, кең пейілді, өте мейірімді, ақ көңіл, жайдары, бауырмал, кішіпейіл болып келеді. Ал біреулер тек өз пайдасын ғана ойлайтын өзімшіл , өр көкірек болып өседі. Мансап пен байлыққа , атаққа қол жеткізу үшін адамдар әр түрлі қулық пен жаман әрекеттерге барады. Мұндай адамдардың сөзі мен ісі келіспейді. Жақсы немесе жаман болу әркімнің өзіне байланысты. Қандай іске болсын адамгершілікпен қарап, өзгелерге қайырымдылық көрсете білген адамның мәртебесі қашан да биік болады.
Адам ізгілік туралы сөздерді жалаң айтпай, оны іс жүзінде көрсете білуі тиіс. Жақсылық істеуден жалықпа, істеген жақсылығыңа өкінбе. Ізгі ниет, ақ көңілмен жасаған ізгіліктің ізі бар екенін еске сақта. Ізгілік пайда үшін емес, адамдардың қуанышы үшін жасалады.
Нұрланып ізгі жандар тілегімен, Күн күлер мейірімнің реңінен. Әлемдік сыйластықтың қызыл жібі Өтеді әр адамның жүрегінен Ғ. Жандыбаев
Адамдарға қалай болса да көмек келтіретін ой мен іс - ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе.
М. Жұмабаев
Қорытынды:
Адамға ең керегі
Адамға ең керегі- Адамшылықпен кең құшақ. Өмір сүргім келеді, Өзге емес, ер құсап. Адамға ең керегі- Тоқсан тоғыз өнер де. Өмір сүргім келеді, Тамыр жайып тереңге. Өмір сүргім келеді, Тілегімнің шегі жоқ, Өнер нұрын төгеді, Тұра білсек көгі боп. Өмір сүргім келеді, Бақытты боп, арлы боп. Адамзатқа керегі- Жүрмесе ешкім зарлы боп.

Сабақтың тақырыбы:Кешірімділік-көңіл кеңдігі
Сабақтың мақсаты:Барлық жерде жүзі жылы, кешірімді,адамгершілікті болу. Тәрбиелілігі:Оқушыларды рақымшылдыққа, ізгілікке, адамгершілікке, азаматтыққа, мейрімділікке, кішіпейілділікке, ақкөңілділікке тәрбиелеу Өкінбе, өкпелеме бүгініңе, Өмір, өмір, Болмайды түңілуге. Мәңгі сені жазбаған сүрінуге, Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге. М. Мақатаев Күнделікті өмірде көп нәрсені байқамайсың, қадірін біліп, бағаламай жатасың.Өмірде өз ойлағанымыздай болмай, қателесіп жатсақ, көбінесе кінәліні іздейміз. Өзгелерге кінә қойып, өкпе- реніш танытамыз. Қателеспейтін адам болмайды, сондықтан кешіре де білу керек. Ал кек сақтау адамдарға деген жек көрушілік, сенімсіздік туғызып, жағдайды ушықтырып жібереді. Өзгелерге деген өкпе, реніш ашу адам өмірін қызықсыз етіп, өзін бақытсыз сезінтіп , денсаулығын нашарлатады. Кешірімді болмай, өз жан дүниемізді қинап, өзімізге зиян келтіреміз. Жүрегімізге салмақ саламыз. Ал өзгелерді кешірген кезде, бойымыз жеңілдеп, ол адамға жақсылық жасағандай боламыз. Алайда біреуді кешіру-ең алдыменен өзімізге жасалған жақсылық екенін түсінгеніміз абзал. Өзгелерді ылғи ренжітетін адамдар жайлы неліктен осындай қадамға ,әрекетке баратыны жайлы ойланып көрейік. Кешіру деген ол адамды түсіну шығар.Егер адамға түсінушілікпен қарасаң, сол сәтте-ақ ол адамға ешқандайда өкпелемейсің. Өйткені осындай жағдайда өзім не істер едім деп сұрақ қоясың. Өзіңді олардың орнына қоыйп, мүмкін, ертең мен оның орнында болармын деп ойлайсың.Сол кезде кешіру оңайырақ болады. Ең бастысы айналаңа жақсы ниетпен қарап, жақсы көрсең, олардың қателігін кешіре де аларсың. Басқаларды жақсы көру үшін өзіңді өзің сыйлай біл. Ал өзін жақсы көретін, сыйлайтын адам,өз жан дүниесін жаман сезімдерімен ластап, ауырлатпайды. Біз барлығына кешірім мен ,сыйластықпен, түсністікпен, сергектікпен қарауға тиіспіз. Өйткені өмір сондай тамаша , біз алға қарай тек қана адал ниет, ізгі істермен жүрсек, игілікке жетеміз.Адам кешірімшіл болып, кешіре білуге үйренгенде өмір қуанышқа, жақсылыққа толы болады. Ондай адамдар өзімен-өзі, өзгелермен үйлесімділікте өмір сүреді.Кешірімді болу - айналаңа деген мейірімді болудың, ақылдың , өзара түсінісудің көрнісі. Адамдар өзгелерді кешіру арқылы мейірімді бола түседі.
Өмір маған айтты - сол ізгі, Қарап тұрсаң, өмір-ақыл теңізі. - Өмір айтты: бақытты деп өзгелер, Күйінбесең, саған рақат кез келер.Қанағат көр басыңдағы бағыңды, Аңсар көп жұрт сенің сол бір шағыңды. Өмір айтты: Тоқтата біл ашуды, Опа таппас бұл дүниеде ашынған. Сөйлеген жан бұғау салмай тіліне, Бұғаулатар екі аяғын түбінде. Ә.Рудаки
Қорытынды:
Оқушылар біздер қателік жасап , кінәлі болғандармен сөлескенде олардың жан айқайын, тілектерін тыңда, жәрдем беруге, өтініштерін тыңдауға әзір болайық. Олардың жақсы ниетке ауысуына жағдай туғызып, қайырымды, игі істер жасауына көмектесуіміз керек.

Ұқсас жұмыстар
Ардақтайық ананы
Ертегі - Жеті лақ пен қасқыр
Тәрбие сағатының өту барысы
Заманауи әдіс - тәсілдер арқылы көптілділікті жүзеге асыру жолдары
Қош бастауыш жайлы ақпарат
Орта мектептегі арнайы және көмекші (түзету-коррекциялық) сыныптарда оқушыларды жаңа ақпараттық технологиялар пайдалану
Мейрімді жүрек
8-наурыз мейрамы туралы
Бүгін бізде үлкен мереке
Адам - әлем бөлшегі
Пәндер