Сабақ жоспары :: Сценарилер
Файл қосу
"көгілдір от" жаңа жылдық кеш
«Көгілдір от»
9-11сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық кеші.
Мақсаты: Оқушыларды әдемілікке, ұжымдыққа, әртістік қабілеттерін
дамытуға,танымдық көзқарасын,ой-өрісін кеңейту. Берілген тапсырмаларға
жауапкершілікпен қарауға үйрету
Жарық сөндіріліп, май шам жағылады.
1жүргізуші: Көгілдір оттың күшімен
Ұлы Алланың ісімен
Жаңа жылды қарсы алайық
Отырған үлкен-кішімен.
2 жүргізуші: Біздерде ойын-сауық басталады
Тамаша күй тартылып, ән салады.
Қошеметтеп, қол соғып отырайық
Ұмытарсыз жыл бойғы шаршағанды.
1жүргізуші: Хош келдіңіздер! Құрметті Ұстаздар және оқушылар!
Бүгінгі жаңа жыл мерекесі құтты болсын, жаңа жыл жаңа бақыт,
жанұяларыңызға бақ, береке әкелсін!
2 жүргізуші: Бүгінгі сіздерге арналған «Көгілдір от» атты ойын-сауық
кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Ән шашуды қабыл алыңыздар .
1жүргізуші: Ал құрметті қонақтар , әр столдан өздеріңіз сайлаған
жауапты адам ортаға шығып, мына менің қолымдағы конвертті таңдап
алсын.(әр столдан келіп конверт таңдайды) . Бұл өздеріңіздің
стөлдеріңіздің атауы, алдағы уақытта осы сөздерді қолданатын боламыз.
2 жүргізуші: Бұрыннан болған екен Аяз ата
Тосады екен балалар қысқы уақытта
Ақша қарды қасына ертіп алып
Жер бетін шарлайды екен дамыл таппай.
1жүргізуші: Әп-әдемі, ажарлы, Ақшақар қыз,
Жыр етіп, жырға қосып шақырамыз
Осы екеуі қалай пайда болды екен деп
Көрейікші сахнада жыр-аңызды. Қазір «Аяз
ата мен Ақшақардың пайда болуы» туралы кішкене көрінісін тамашалайық.
2жүргізуші: Міне, Аяз ата мен Ақшақардың қалай пайда болғанын көрінісін
тамашаладық, енді біз Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.
1жүргізуші: Бәріміз қосылып барлық ниетімізбен, дауысымызбен Аяз ата мен
Ақшақарды ортаға шақыралық. ( 2рет айқайлап Аяз ата мен ақшақарды ортаға
шақырамыз. Бірақ олар әлі келмейді.) Олар сонау алыстан жеткенше де осы
болар. Өйткені олар алыстан келіп бүкіл ел ішін аралағанша да әжептәуір
уақыт өтеді емес пе?! Көптен тосқан Аяз атаны мен ақшақарды біз ерекше
қарсы алайық (шырша жағылады)
(Аяз ата мен Ақшақар кіреді). Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырады.
2жүргізуші: Хош келдіңіз Аяз ата, хош келдіңіз Ақша қар!
Аяз ата: Балаларым, балғыным
Өмір гүлім, шалғыным
Тілегім жыл бойғы
Сендердің денсаулығың.
Амансыңдар ма балаларым? Орман тоғайдан, үскіріп аяздан сендерге зорға
жеттім. Өздеріңді көргенше асықтым. Осы қаланы аралап қызымыз екеуіміз
сендерге жеткенше уақыт осы болды. Әкелген базарлығым бар, сендердің
өнерлеріңді тамашалап, бір демалайын.
1жүргізуші:Иә, иә, демалыңыз, ортаға отырып, балаларыңыздың өнерін көріп,
базарлығыңызды дайындаңыз.
2жүргізуші: Ақниетпен нәр алған
Сенсіз менің өлеңім
Әнге бөлеп әлемді - дей отырып кезекті әнге
берелік
Аяз ата: Өнерлерің баршылық, қандай тамаша, қызым сыйлықтың бірін алып
берші.
Ақшақар: Ән салып,би билеген балаларға біздің сыйлығымыз әрдайым болады.
Мінеки, сыйлығыңыз.
1жүргізуші: Жаңа жыл келіпті ортамызға
Мол дастархан сыйласын баршамызға.
Таусылмасын бақытпен құт-береке
Жақсы тілек тілейік ұл-қызымызға.
2жүргізуші: Қазір алдарыңыздағы жазулы турған дастарханның атауымен 4
шұмақ өлең құрастырыңыздар. (Қосымша сөздер беріледі: Аяз-ұлу, Тышқан-
мұз, Барыс-боран, Қоян-қыс, Қырау-жылқы, Аққала-доңыз, Қар-жылан,
Үскірлік-сиыр) Бұл «Тақпақ құрастыру» сайысы болады. Сіздің еншілеріңізде
5-минут уақыт бар.Ал, кәне бастайық!
( осы уақытта сахнада жай музыка ойнап тұрады)
1жүргізуші: Жаңа жылды тойлайды екен адамдар,
Жаңа жылда айтылады тілек пенен баталар.
Жануарлар да қалыспайды жаңа жылды
тойлаудан,
Көрейікші қалай ғана қарсы алады екен
аңдар?!
Ендігі кезекте «Жаңа жылды аңдардың қарсы алуынан» көрініс.
Аяз ата: Жарайсыңдар, балалар.Өнерлерің өрге жүзсін. Қанаттарың талмай,
әрі қарай самғасын. Кәне, ақшақар, сыйлықтарыңнан үлестіріп жібер
балаларға.
Ақша қар: Иә, балалар, Аяз атаның көңілінен шығып жатырсыңдар, мінеки
сыйлықтарың, қабыл алыңдар.
1жүргізуші: Әрқашанда ойыннан жалықпаймыз,
Әрі қарай самғаймыз, қалықтаймыз.
Ойын ойнап көңілді көтерейік,
Шырқап көңіл, ары-бері шалықтаймыз
2 жүргізуші: Қазір сіздермен әртүрлі ойын ойнаймыз.
1) Шырша ойыны. Біз әр стөлдің қасына жеке барып, қандай сұрақ қойсақ та,
сіздер шырша деп жауап бересіздер. Жауаптан жаңылыспау керек. Және
сөзімізге күлмей, әдеппен жауап береміз. Ойын шартын бұзған оқушылар
болса, ойын тәртібін бұзды деген сөз. Сонымен сұоаққа көшеміз.
1. Атың кім?
2. Шешедесің?
3. Сынып жетекшің бар ма?
4. Қасыңдағы мұғалімің кім?
5. Қай мектепте оқисың?
6. Жаңа жыл мерекесі ұнай ма?
7. Досың кім?
8. Жалғыздықтан қорқасың ба?
9. Сабақта үлгерімің қандай?
10. Көзіңнің түсі қандай?
11. Тұратын қалаңның аты қандай?
12. Киіміңнің түсі қандай?
13. Аяғыңа не киесің?
14. Қыста тонасың ба?
15. Бас не үшін қажет?
2) «Боксерлер» қолғабы .
Ұлдар үрленген шарды алып, боксер қолғабымен ұрып жару керек.
3) 1 минут ішінде ұлдарға қыздар көйлек кигізіп, қолғаппен түймесін
түймелеу керек.
1жүргізуші: Келесі кезекте ән
Аяз ата: Ал, енді балалар, өнерлерің тамаша екен, Бәрің бір-бір талант
иесі екенсіңдер.
Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, сендер
сияқты әр жерде балалар тосып отыр. Ақшақар екеуміз екеуіміз қайтайық.
Қош болыңдар, балалар. Келесі жылға дейін сабақты жақсы оқыңдар. Келесі
жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар.
Ақша қар: Сау болыңдар, балалар,
Аман – есен болыңдар.
Әр таңды қуанышпен
Қарсы алып тұрыңдар!
2 жүргізуші: Кәне балалар Аяз атаны бәріміз хормен шығыарып салайық!
Балалар: Сау болыңыз Аяз ата, Сау болыңыз Ақшақар.
1 жүргізуші: Әр халық жаңа жылды әр қилы қарсы алады. Бір халықтарда жаңа
жылда адамдар бір – біріне су шашады, көшеге шығып от жағады, ән айтып,
би билейді. Ал, қай елдің көрінісінен үзінді көрсетер екен?
2 жүргізуші: Олай болса«Бір елдің жаңа жылды қарсы алуы» көрінісін
тамашалайық.
1 жүргізуші: Бәркелді, орындарыңызға жайғасыңыздар.
2 жүргізуші: Көрдіңдер ме әр сыныптың өнерін,
Өнерсіз деп айта алар оны кім?
Кәне, тағы сынайықшы соңғы рет
Пародияға салып айтсын әр әншінің өлеңін.
(Әр сыныптан өнерлі оқушылар ортаға шығады да әншілердің аты жазылған
конвертті таңдап алады. Қай сыныпқа қай әнші келеді, сол әншіні
пародияға салып айтады.)
1 жүргізуші: О, неткен тамаша, неткен өнер, сіздер білмеген, біз білмеген
өнерлі оқушыларымыз бар екен. Енді қазір қолдарыңыздағы билетпен «лотерея
ойынын ойнаймыз.» Ол үшін біз ортаға қонақ болып келген «Періштені»
ортаға шақырайық.
( Билеттің шетіндегі саны бойынша ойын ойнатылады)
2 жүргізуші: Жеңімпаздарға арналған би шашуын қарсы алыңыздар.
1 жүргізуші: Ескі жылға құрметпен
Алғысымыз мың алғыс.
Жаңа жылды қарсы алайық,
Бір-бірімізге тілеп мол табыс.
2 жүргізуші: Әр жаңа жыл бір белес
Асулардан аман өт.
Келер жылың бір елес,
Келешектен үміт күт.
1 жүргізуші: Қазір сіздердің алдарыңызда «Ескі жылды шығарып салып,
жаңа жылды қарсы алу» көрінісі.
2 жүргізуші: Осымен , жаңа жылды қарсы алдық. Енді біз бір – бірімізге
тілек айтпаймыз ба? Олай болса, әр сынып оқушыларынан бір баладан
шығарып, тілектерін естісек. ( Әр сыныптан бір бала шығып өз тілектерін
айтады)
1 жүргізуші: Ендігі кезекте біздің ұстаздарымызға берсек.(Ұстаздар сөз
сөйлейді)
1жүргізуші: Осымен сіздерге арналған «Көгілдір от » атты ойын – сауық
кешіміз аяқталды . Қазір назарларыңызға Ән шашу.
2 жүргізуші Келесі кездескенше қош сау болыңыздар. Амандықта жүздесейік.
Әрбір жанұяға береке – бірлік, шаттық – қуаныш, бақыт тілейміз.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz