Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Шылау. Адамның дене мүшелері

Шылау. Адамның дене мүшелері

Елезавета Канаева
БҚО, Бөрлі ауданы, Қанай
ауылындағы Қанай мектеп - балабақша
кешенінің қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі

Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға шылау сөз табы туралы түсінік беру. Табиғат перзенті - адам, оның дене мүшелері, атқаратын қызметтері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Жаңа сөздер арқылы сөздік қорын байыту, сөйлеу дағдыларын, танымдық қасиеттерін дамыту. Сөйлеу тілдері мен ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, адамгершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу. Сауатты оқып - жазуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс,
Көрнекілігі: топшама, <<Цветик-семицветик>> гүлі, суреттер, тірек-схемалар
Барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
а)Оқушылармен амандасу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Кезекшімен сұхбат
в) Сынып гигиенасы
Сабақтың ұраны: Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте (Қ.Мырзалиев)

ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылардың дәптерлерін ауыстыру. Үй тапсырмасын тест жұмысы арқылы бекіту.

ІІІ Жаңа білімді меңгерту
-Балалар, қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)
Қане,бәріміз бірге атайық
Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау, одағай, еліктеу
-Біз осының ішінде қандай сөз таптарымен таныстық?
Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу.
Бүгін біз келесі сөз табы шылаумен танысамыз

Шылау дегеніміз- толық мағынасы жоқ, сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып тұратын көмекші сөздер

Толық мағынасы жоқ сөйлем мүшесі бола алмайды

Көмекші сөздер
ШЫЛАУ сұраулық шылау -ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе

демеулік, септеулік, болымсыздық
жалғаулық шылау емес

Мысалы: Сен бүгін мектепке келесің бе?
Бұл менің кітабым емес
Қазір қазақ тілі сабағы ма?
-Ал енді балалар осы топтастыруға қарап, өздеріміз мысал құрастырайық
Жарайсыңдар, балалар, тақырыпты меңгергендей болдық, енді біздің лексикалық тақырыбымызға көшейік.
(тақтада ілулі тұрған адамның суретін көрсету, дене мүшелерінің қызметіне тоқталу)

Бас арқылы- ойлайды
Қол арқылы- ұстайды
Аяқ арқылы- жүреді
Көз арқылы - көреді
Құлақ арқылы- естиді
Ауыз арқылы- сөйлейді
Мұрын арқылы - дем алады.

Сөздік жұмысы
Жаңа сөздермен таныстыру. Бірнеше рет оқу, қайталату
Қасиет- качество жан -душа
Мойын-шея тамақтанады- едят
Жүреді-ходят ұстайды- держат
Иық-плечо дене құрылысы- строение тела
Дене мүшелері- части тела

Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма.Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіру
1. Адам - ардақты ат
2. Адам бір-біріне қонақ
(Адам - табиғат перзенті.дүние адам арқылы өмір сүруде. Әлемнің барлық саласы, дамуы адаммен байланысты. Адам бұл ұлы, ардақты есім болып табылады. Адамның мінезінде, табиғатында қонақжайлылық қасиеті басым болуы керек. Кез келген ұлт өкілдері бір - біріне қонақ болып келеді. Соның ішінде қазақ халқында қонақжайлылық қасиеті жақсы дамыған)
oo Енді балалар, осы екі мақалды бірнеше рет оқып, кейін кітапты жауып, жатқа жазыңдар. Сендердің есте сақтау қабілеттеріңді тексеремін.
oo Жарайсыңдар, есте сақтау қабілеттерің жақсы екен.
3-тапсырма. <<Емес>> шылауын пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңдер.
Сенің шашың ұзын ба? Менің шашым ұзын емес
Көзің қара ма? Менің көзім қара емес
Досынның тісі әдемі ме? Досымның тісі әдемі емес

Грамматикалық тапсырма. (Ойын)
Қазір сендермен орыс ертегісінің мазмұны бойынша <<Цветик-семицветик>> ойынын ойнаймыз. Біз Женяға үйіне аман есен жетуіне көмектесуіміз керек. Ол үшін тақтады ілулі тұрған жеті күлтешесі бар гүлдің тапсырмаларын дұрыс орындауымыз қажет. Бір - бір күлтешені алып,артындағы тапсырмаларды орындайық.

1-тапсырма.Сұраулық шылауды табыңыз
Қуанбасқа бола ма,
Жырламасқа бола ма,
Осы отырған тойымды?
2-топшама. Көп нүкенің орнына қажетті әріптерді қойыңыз
Са....ат, уа...ыт, ға....ыр, жетп...с, та...та, к...тап, д...птер, тер...зе.
3-топшама. Жаңылтпашты оқып сұраулық шылауды табыңыз
Қара майлы қарағайды,
Кесейін бе, кеспейін бе?
Қазықтағы қара тайды,
Шешейін бе? Шешпейін бе?
4-топшама.Сөйлемнен сан есімді тауып, құрамын анықтаңыз.
Ауылда менің атам мен әжемнің екі сиыры, он бес қойы бар.
Мен жиырма бесінші тамызда дүниеге келдім.
5-топшама.Сан есімді тауып, құрамына қарай талдаңыз
Тоқсанға келген жасым бар
Көпті көрген басым бар
6-топшама. Көп нүктенің орнына қажетті әріптерді қойыңыз.
Ал...а, қа...лам, г....л, ж....мбақ, с...нып, әл...ппе, қа...тар.
7-топшама. Жұмбақты шешіп, жауабына фонетикалық талдау жасаңыз
Сулы жерді мекендеп,
Құрлықта да секеңдеп,
Шыбын-шіркей аңдиды,
Жемге қашан жетем деп. (Бақа)

oo Жарайсыңдар балалар, сіздер барлық тапсырмаларды орындап, Женяның үйіне аман-есен жетуіне көмектестіңіздер.

Шығармашылық жұмыс <<Жұмбақтар әлемінде>>
oo Балалар мен сендерге адамның дене мүшелеріне байланысты жұмбақтар жасырамын.
1.Қимылдаса қос шебер
Қыруар-қыруар іс өнер (қол)
2.Отыз екі орағым бар ғажайып
Әттең кейін кетеді ғой азайып (тіс)
3. Бірі үлкен, бірі кіші
Туысқан бірге бес кісі (бес саусақ)
4.Көреді бәрін өзгенің
Көре алмайды өздерін (көз)

Қорытынды
1. Қандай сөз табымен таныстық?
2. Шылаудың қандай түрлері бар?
3. Бүгін шылаудың қай түрімен таныстық?

Үйге тапсырма

Ереже, сөздікті жаттау, 4-тапсырма, Мәтінді оқып, сөйлемдерден сұраулы сөйлемдер жасаңдар.

Бағалау
Оқушыларды сабаққа қатысқан, жауап берген деңгейлеріне қарап бағалау

Ұқсас жұмыстар
Септеулік шылау
Адамның дене мүшелерін жаттау
Адамның дене мүшелері
Дене мүшесін тап
Адамның дене мүшелері. Дене мүшелері туралы
Дене мүшелері Дене мүшелерін дұрыс көрсету деңгейіне жетулері керек
Сөйлемдерді талдау
Синтаксис тарауынан өткенді қайталау
Сөйлем мүшелеріне сұрақ қой
Дүниетану пәніне-омж, 3 сынып, 1 модуль
Пәндер