Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Зат есімнің түрленуі. Зат есімнің көптелуі

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, № 51 жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Анашбекова Айгүл Әбдіқадырқызы

Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7 <<А>>
Мерзімі: 25.09.2014 ж.
Пән мұғалімі: Анашбекова Айгүл

Сабақтың тақырыбы
Зат есімнің түрленуі. Зат есімнің көптелуі
Жалпы мақсаты
Зат есімнің түрленуі туралы жалпы түсінік беру. Зат есімнің көптелуін, оның ерекшеліктерін меңгерту.
Күтілетін нәтижелер
Зат есімнің түрленуі туралы жалпы түсінік алады. Зат есімнің көптелуі мен оның ерекшеліктерін меңгереді.
Кіріктірілген модульдер
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі.
Әдіс-тәсілдер
<<Атомдар мен молекулалар>>, <<Аквариумдағы алтын балық>> <<Арнайы репортпаж>>, <<Көрмеге саяхат>>, <<Бағдаршам>>
Көрнекіліктер, қажетті ресурстар
Кеспе қағаздар, маркер, стикер, бағалау парақтары, флипчарт
Сабақтың барысы
Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
Ынтымақтастық атмосферасын құрамын. <<Атомдар мен молекулалар>> әдісі арқылы топқа бөлемін.
Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жақсы тілектер айтып, бүгінгі күнге сәттілік тілейді. <<Атомдар мен молекулалар>> әдісі арқылы топқа бөлінеді.
ІІ. Өткен сабаққа шолу (5 мин)
<<Аквариумдағы алтын балық>> әдісі бойынша үй тапсырмасын айтқызамын. Жазып келген мәтіндерін оқытамын.
<<Аквариумдағы алтын балық>> әдісі бойынша шеңбержасап отырады. Ортаға бір оқушы шығып, үй тапсырмасын оқиды. Басқа оқушылар оған сұрақтар береді. Жауап бере алмаса өздері айтады.
ІІІ. Тірек білімдер
(7 мин)
Зат есім жалғаулар арқылы түрленетінін түсіндіремін. Қазақ тілінде төрт жалғау бар: көптік, септік, тәуелдік, жіктік. Зат есім көптеледі, септеледі, тәуелденеді, тек адамға байланысты зат есімдер ғана жіктеледі. Жалғаулар өзі жалғанған зат сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстейді және өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзбен байланыстырады. Көптік жалғауын түсіндіремін.Мысалдар келтіру үшін түбір сөз бен жалғаулар жазылған қағаздарды партаның үстіне қоямын да, оқушыларға сөз бен түбірді байланыструды тапсырамын.

Оқушылар тақырыпты тыңдайды. Зат есінің қалай түрленетінін меңгереді. Көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын еске түсіреді. Партаның үстіне қойылған қалам, үй, әлем, тары, өрнек, мұғалім, қала түбір сөздері мен -дар, -лер, -тер, -дер, -лар жалғауларын байланыстырып, сөз жасап, тақтаға іледі. Ол сөздерді дәптерге жазып алады.
ІV. Жаңа ұғымдар (8 мин)
23-жаттығуды орындауды тапсырамын. 24-жаттығудан көптік жалғаулы сөздерді тауып, теріп жазуды тапсырамын. Бұл жаттығуларды <<Арнайы репортпаж>> әдісі арқылы оқытамын.
Оқушылар 23-жаттығуда берілген сөздерге көптік жалғау жалғайды. Қай сөздерге көптік жалғауы жалғанбайды, себебін табады. 24-жаттығудан көптік жалғаулы сөздерді тауып, теріп жазады. Оқушылар <<Арнайы репортпаж>> арқылы
V. Шеберлік пен дағдыны қалыптастыру (15)
Төрт топқа <<Көптіктер>>, <<Септіктер>>, <<Тәуелдіктер>>, <<Жіктіктер>> деген сөздер жазылған қағаздардың теріс бетін қойып таңдатамын. Қай топ қай қағазды алса, сол бойынша постерлік жұмыс жасауды тапсырамын. Оны <<Көрмеге саяхат>> әдісі арқылы қорғатамын.
Оқушылар өздеріне түскен тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, тақырыпты талқылайды. Сосын флипчарт бетіне түсіреді. Ол жұмыстарын бір оқушы шығып, <<Көрмеге саяхат>> әдісі арқылы қорғайды.
VІ. Қорытынды (5 мин.)
<<Бағдаршам>> әдісіне қажетті түрлі-түсті қағаздарды таратамын. Бүгінгі тақырып бойынша дайындалған сұрақтарды қоямын.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру үшін бағдаршам түсіне қарай сұрақты білсе жасыл, жартылай білсе сары, білмесе қызыл түсті көтереді.
VІІ. Бағалау (2 мин)
Өзін-өзі бағалау үшін әр оқушыға <<сенімдімін>>, <<аздап сенімдімін>>, <<сенімсізбін>>, <<мүлде сенімсізбін>> деген стикерлер таратып беремін. Осы стикерлердің біреуін таңдау арқылы әр оқушыға өзін-өзі бағалауды тапсырамын.
Оқушылар флипчарт бетіндегі өз атының тұсына бүгінгі сабақты меңгеруіне қарай <<сенімдімін>>, <<аздап сенімдімін>>, <<сенімсізбін>>, <<мүлде сенімсізбін>> деген стикерлердің біреуін жабыстырады.
VІІІ. Үйге тапсырма (1 мин)
25-жаттығуды орындауды түсіндіремін.
Тапсырманы күнделікке жазып алады.

Ұқсас жұмыстар
Зат есімнің көптелуі
Сөйлемді сөйлем мүшесіне талда
Қазақ тілі. Сан есімнің түрленуі
Салыстырмалы шырай
Сұрау есімдігінің түрленуі
Сын есімнің түрленуі
Топтың ұраны
Зат есім. 6 сынып
7-сынып қазақ тілі 1 жылдық сабақ жоспар
Сан есімнің түрленуі
Пәндер