Зат есімнің көптелуі

Қысқа мерзімді жоспар
Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 7 «В»
Мерзімі: 28. 09. 2014 ж.
Пән мұғалімі: Заманбекова Салтанат

Сабақтың тақырыбы
Зат есімнің көптелуі
Сабақтың тақырыбы: Жалпы мақсаты
Зат есімнің көптелуі: Зат есімнің түрленуі туралы жалпы түсінік беру. Зат есімнің көптелуін, оның ерекшеліктерін меңгерту.
Сабақтың тақырыбы: Күтілетін нәтиже
Зат есімнің көптелуі: Зат есімнің түрленуі туралы жалпы түсінік алады. Зат есімнің көптелуін меңгереді.
Сабақтың тақырыбы: Модульдер
Зат есімнің көптелуі: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі.
Сабақтың тақырыбы: Әдіс-тәсілдер
Зат есімнің көптелуі: «Атомдар мен молекулалар», «Аквариумдағы балықтар», «Арнайы репортпаж», «Көрмеге саяхат», «Бағдаршам»
Сабақтың тақырыбы: Көрнекіліктер
Зат есімнің көптелуі: Кеспе қағаздар, маркер, стикер, бағалау парақтары, флипчарт
Сабақтың тақырыбы: Сабақтың барысы
Сабақтың тақырыбы: Кезеңдер
Зат есімнің көптелуі: Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сабақтың тақырыбы: І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
Зат есімнің көптелуі: Ынтымақтастық атмосферасын құрамын. «Атомдар мен молекулалар» әдісі арқылы топқа бөлемін. Атом дегенде оқушылар жеке өздері жүреду, молекула дегенде 3-тен немесе 4-тен топтанады
Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жақсы лебіздер айтады. «Атомдар мен молекулалар» әдісі арқылы топқа бөлінеді.
Сабақтың тақырыбы: ІІ. Өткен сабаққа шолу (5 мин)
Зат есімнің көптелуі: «Аквариумдағы балықтар» әдісі бойынша үй тапсырмасын айтқызамын. Жазып келген мәтіндерін оқытамын.
«Аквариумдағы алтын балық» әдісі бойынша шеңбер жасап отырады. Ортаға бір топтың оқушылары шығып, үй тапсырмасын айтады. Басқа топ оқушылары оларға сұрақтар береді. Жауап бере алмаса өздері айтады.
Сабақтың тақырыбы: ІІІ. Тірек білімдер
(7 мин)
Зат есімнің көптелуі: Зат есім жалғаулар арқылы түрленетінін түсіндіремін. АКТ слайд көрсетілімін көрсетемін. Қазақ тілінде төрт жалғау бар: көптік, септік, тәуелдік, жіктік. Зат есім көптеледі, септеледі, тәуелденеді, тек адамға байланысты зат есімдер ғана жіктеледі. Жалғаулар өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстейді және өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзбен байланыстырады. Көптік жалғауын түсіндіремін. Мысалдар келтіру үшін түбір сөз бен жалғаулар жазылған қағаздарды әр топқа беремін, оқушыларға сөз бен түбірді байланыструды тапсырамын.
Оқушылар тақырыпты тыңдайды. Зат есмінің қалай түрленетінін меңгереді. Көптік, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларын еске түсіреді. Партаның үстіне қойылған қарындаш, үй, ғалам, тары, ою, мұғалім, қала, мектеп, көзілдірік түбір сөздері мен -дар, -лер, -тер, -дер, -лар жалғауларын байланыстырып, сөз жасап, тақтаға іледі. Ол сөздерді дәптерге жазып алады.
Сабақтың тақырыбы:

ІV. Жаңа ұғымдар (8 мин)

Зат есімнің көптелуі: 23-жаттығуды орындауды тапсырамын. 24-жаттығудан көптік жалғаулы сөздерді тауып, теріп жазуды тапсырамын. Бұл жаттығуларды «Арнайы репортпаж» әдісі арқылы оқытамын.

Оқушылар 23-жаттығуда берілген сөздерге көптік жалғау жалғайды. Қай сөздерге көптік жалғауы жалғанбайды, себебін тауып, түсіндіреді.

24-жаттығудан көптік жалғаулы сөздерді тауып, теріп жазады. Оқушылар «Арнайы репортпаж» арқылы

Сабақтың тақырыбы: V. Шеберлік пен дағдыны қалыптастыру (15)
Зат есімнің көптелуі: Төрт топқа «Көптіктер», «Септіктер», «Тәуелдіктер», «Жіктіктер» деген сөздер жазылған қағаздардың теріс бетін қойып таңдатамын. Қай топ қай қағазды алса, сол бойынша постерлік жұмыс жасауды тапсырамын. Оны «Көрмеге саяхат» әдісі арқылы қорғатамын.
Оқушылар өздеріне түскен тақырып бойынша өз ойларын ортаға салып, тақырыпты талқылайды. Сосын флипчарт бетіне түсіреді. Ол жұмыстарын бір оқушы шығып, «Көрмеге саяхат» әдісі арқылы қорғайды.
Сабақтың тақырыбы: VІ. Қорытынды (3 мин. )
Зат есімнің көптелуі: «Бағдаршам» әдісі арқылы қорытындылаймын. Қажетті түрлі-түсті қағаздарды таратамын. Сұрақтарды қоямын.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру үшін бағдаршам түсіне қарай сұрақты білсе, жасыл, жартылай білсе сары, білмесе қызыл түсті көтереді.
Сабақтың тақырыбы: VІІ. Бағалау (2 мин)
Зат есімнің көптелуі: Өзін-өзі бағалау үшін әр оқушыға «сенімдімін», «сенімсізбін», «мүлде сенімсізбін» деген стикерлер таратып беремін. Осы стикерлердің біреуін таңдау арқылы әр оқушыға өзін-өзі бағалауды тапсырамын.
Оқушылар флипчарт бетіндегі өз атының тұсына бүгінгі сабақты меңгеруіне қарай «сенімдімін», «сенімсізбін», «мүлде сенімсізбін» деген стикерлердің біреуін жабыстырады.
Сабақтың тақырыбы: ҮІІІ (кері байланыс)
Зат есімнің көптелуі: «Даналық ағашы» арқылы кері байланыс жүргіземін
Оқушылар өздерінің түсінгендері бойынша стикерге жазып өткізеді.
Сабақтың тақырыбы: ІХ. Үйге тапсырма (1 мин)
Зат есімнің көптелуі: 25-жаттығуды орындауды түсіндіремін.
Тапсырманы күнделікке жазып алады.

Ұқсас жұмыстар
Зат есімнің түрленуі. Зат есімнің көптелуі
Қазақ тілі. Сан есімнің түрленуі
Тақырып - Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Зат есім жекеше көпше кім
Зат есімнен өткенді қайталау. 6-сынып
Заттың аты
Зат есімнің жіктелуі
Есімдіктің мағыналық түрлері
Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын жазыңдар
АКТ БІЛУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz