Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Туған тілім - айбыным

Ақмола облысы
Аршалы ауданы
Волгодон орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Кенжеғұлова Қ.Е.

Тақырыбы: <<Туған тілім - айбыным!>>
Мақсаты:оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сыныпты тақырыпқа лайық безендіру, нақыл сөздер.
Мұғалім: Қайырлы күн қымбатты қонақтар. Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!(ән ұран ойналып, балалар бірге қосылып айтады.)
Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
22-қыркүйек - Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі.
Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы - туған тілі болып саналады.
Ендеше құрметті қонақтар, оқушылар <<Тіл мерекесіне арналған>> <<Туған тілім - айбыным>> атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
Қазақстанда тұратын барлық ұлттар ашық аспаны мен көк туының астында бейбіт өмір кешіп жатыр. <<Ынтымақ елдікке жеткізеді, Береке бірлікке жеткізеді>>.

Әнуар: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.

Әлібек:
Басымды иіп,
Тіземді бүгіп тұрып,
Ажарымда айдындай шуақ тұнып.
Отанымды сүйемін күліп тұрып,
Отанымды сүйемін жылап тұрып.

Динара
Ана тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Тілім өссе, мен де бірге өсемін,
Тілім өшсе, мен де бірге өшемін.
Ерасыл С:
Ана тілін білмеген - ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген - халқын сүйіп жарытпас.
Айдын:
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім,
Туған тілім - анам тілі - өз тілім,
Туған тілім - далам тілі - өз тілім,
Туған тілім - адам тілі - өз тілім.

Ерасыл М
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып - ақ алыңдар!

Мұғалім: Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй.

<<Ана тілім>> әні. Орындайтын хор.
Асылбек:
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге.
Мұғалім:
- Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.
Аружан: Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі - оның бақыты, оның қуанышы.
Санжар: Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру - әрбір қазақ отбасының жүрегі.
Сақтаған: Халықтың қуаты - тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.
- Балалар, тіл туралы қандай мақалдар білеміз?
1. Өнер алды қызыл тіл.
2. Тіл тас жарады,
Тас жармаса, бас жарады.
3. Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ..
4. Тіл қылыштан өткір.
5. Басқа бәле тілден.
Ойын <<Ұйқасын тап>> Мақал-мәтелдер
1. Бас кеспек болса да, ..... (тіл кеспек жоқ)
2. Ана сүті бой өсіреді, (ана тілі ой өсіреді).
3. Тілмен байланған ...( тіспен шешілмес).
4. Тіл тас жарады,... ( тас жармаса бас жарады)
5. Жақсы сөз... (жарым ырыс)
6.Тіл - адам ойының ... (айнасы)
7. Тіл қылыштан... (өткір)
8.Ойнап сөйлесең де... (ойлап сөйле)
10. Тисе терекке, тимесе ... (бұтаққа)
11. Айтылған сөз, ... оқпен тең (атылған)
12. Бал тамған тілден ... тамар (у)
13. Көп сөз - ... (бос сөз)
14. Көп сөз - күміс, аз сөз - ... (алтын)
15. Жеті жұрттың тілін біл,...(жеті түрлі ілім біл)
16.Таза сөйлеу - биік ... (мәдениеттілік)
17. Жақсы байқап сөйлер...(жаман шайқап сөйлер)
18.Көре-көре көсем боларсың...(сөйлей-сөйлей шешен боларсың)
Ерасыл Б
Ана тілім - елдігім
Ана тілім - ерлігім.
Тілді биік құрметтеп
Тойлап жатыр ел бүгін
Марғұлан
Ана тілім - тірегім
Ана тілім - жүрегім.
Қасиетті елімнің
Тек өзің деп білемін.
Аршат
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың.
Азат
Ана тілім, дана тілі, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім

Мұғалім: Қалың елім қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,
Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,
Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!

Осымен біздің тіл мерекесіне арналған сабағымыз аяқталды.

Ұқсас жұмыстар
Бабам тілі
«астанам-айбыным»
Туған тілдің тұғыры
Менің тұңғыш президентім
Ұлт - тілі асыл қазына
Р. Ғамзатов. Ана тілі өлеңі. Менің Дағыстаным
Болашақ бірлікте
Ана тілің - арың бұл
Кәсіп түбі - нәсіп
Тіл және жазу мәдениеті. 1- сынып
Пәндер