Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мейіріммен жылынған жүрек

Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Алакөл негізгі орта мектебінің I cанатты психологы
Султанкубиева Асемгул Муратовна

Тақырыбы: Мейіріммен жылынған жүрек
Мақсаты: Оқушыларға адам бойында қалыптасқан, халқымыздың асыл, абройлы қасиеттерін көрсететін әдептілік, мейірімділік, қайырымдылық іспеттес құндылықтарды меңгерту
Түрі: тренинг
Құрметті Ұстаздар, оқушылар Мейіріммен жылынған жүрек
атты тренинг кешіне қош келдіңіздер!
Жоспар
1.Психогеометриялық фигуралар тренинг
2. <<Мен және менің есімім>> жаттығу
3. <<Сен маған ұнайсың>> жаттығу
4. <<Бой жазу>> жаттығу
5. <<Құнды қасиетті бағалу>>
6. <<Сіз білесізбе?>> жаттығу
7. <<Қара күйе көбелегін аулау>> жаттығу

Адам бойында қалыптасқан, халқымыздың асыл, абройлы қасиеттерін көрсететін әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық іспеттес құндылықтары бар. Осындай асыл құндылықтар әр адамның бойында болу керек. Бала дүние есігін ашқаннан бастап, өмірге деген қызығушылығы артып, көп нәрсені тани бастайды. Адам бойындағы жарқын ізгіліктің нұры бастау алатын адами құндылықтарының ең көркемі-мейірімділік. Бұл қасиет адам баласын тек жақсы қырынан көрсетіп, адамгершілікке жат қылықтардан аулақтатады.
Кешіміздің 1-ші бөлімі <<Психогеометриялық фигуралар>> тренинг
Мына пішіндерге қараңыз да сізге жақын , <<Бұл мен>> деп айта алатын біреуін таңдаңыз. Таңдаған фигураңыз арқылы мінезіңіз, қабілетіңіз анықталады.
Зигзак таңдағандар Өзгерістерге құштар, білімді. Арманшыл болашаққа ұмтылады. Көңіл-күйі тұрақсыз, өзі жеке жұмыс істеуге ынталы, ұқыпты.
Үшбұрыш таңдағандар Көшбасшы, басшылыққа ұмтылушылық, жеңіске бағдарлану. Өз-өзіне сенімді, сезімі күшті, батыл, таусылмас күші бар екендігі байқалады. Ұшқыр ойлы, қарым-қатынас ортасы үлкен.
Төртбұрыш таңдағандар Ұйымдасқан уақытпен жүретін ережелерді нұсқауларды нақты орындайтын фактілерге бағдарланатын жігерлі, шыдамды еңбекқор.
Тіктөртбұрыш Өзгермелі өзін-өзі бағалауы төмен, өзіне-өзі сенбейтін көңіл-күйі тез өзгергіш.
Дөңгелек таңдағандар қарым-қарым қатынаста үлкен қажеттілікті сезінеді, жылы жүзді өзгеге қамқор, кішіпейіл сенгіш.
2-ші бөлім <<Мен және менің есімім>> жаттығу
Барлығымыз бір-біріміздің есімдерімізді білеміз . Бірақ сол есімдердің мән-мағынасына терең үңіліп көрдік пе? Әрине жоқ Алдарыңыздағы параққа есімдеріңізді бейнелейтін сурет салып , қандай мағына беретіні туралы айтасыздар.
3-ші бөлім <<Сен маған ұнайсың>> жаттығу
Қағазға есіміңізді жазып қоясыз келесі оқушы не үшін ұнайтыны туралы жазады
4-ші бөлім <<Бой жазу>> жаттығу
<<Джунглидегі жаңбыр>>жаттығу
Мақсаты: Иық, мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жиырылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.
Уақыт: 10 минут
Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз.Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдыңызда тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі.(арқаға батырыңқырайтын қимылдар жасалады) Құйын басталды (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңыз) Содан кейін жәй жаңбыр сіркірейді (көршіңіздің арқасын саусақтарыңызбен түртіңіз) Нөсер жауын басталды (жоғары төмен алақан, саусақтарымен сипайсыз). Бұршақ аралас жауын жауа бастады (барлық саусақтарыңызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады. Енді 180 градусқа бұрылып, жаттығуды қайталаймыз.
oo Жаттығу сіздерге ұнады ма?
oo Қандай сезімде болдыныздар?
5-ші бөлім <<Құнды қасиетті бағалу>>
Алдымызда тұрған қоянға Қоян, қоян мен қандаймын? Деп сұрақ қоясың
келесі оқушы сіздің қандай екеніңізді айтады.
6-шы бөлім <<Сіз білесізбе?>> жаттығу
Жүрекшенің ішіндегі құнды қасиеттерді қарап қай ұстазыңыздың бойынан көресіз сол туралы айтасыз.
7-ші бөлім <<Қара күйе көбелегін аулау>> жаттығу
Қазір сіздермен адамгершілікке жат қасиеттерді жоямыз. Әрқайсыларыңыз осы жаман қасиеттерді жоюларымыз керек. Ол қасиеттер қара күйе көбелегіндей ұшып жүр. Оны бойымыздан шығарамыз.
Өтірік айту ауады.
Мақтаншақтық - көршіңіздің иығында.
Қатыгездік - бауырларыңызда
Ашу-ыза - ауыздарыңыза
Жалқаулық - желкелеріңізде
Дау- жанжал бастарыңызда
Өсек - құлақтарыңызда
Қиянаттылық - алақанымызда
Еріншектік - тізелеріңізде
Қандай сезімде болдыңыздар?

Қымбатты оқушылар! Сыйласымды қарым-қатынасымыз бұзылмасын, жолдастарыңызға деген мейірімдеріңіз күннің шуағындай болсын деп тренингімізді аяқтаймыз

Ұқсас жұмыстар
Мектеп кітап ханасы
Жүрекке жол тапқан – мейірімді сара алпысқызы!
Менің мамандығымдағы алғашқы қадамдар
Ата - аналарға кеңес
Көктем (Қасым Аманжолов) жайлы ақпарат
Ана - өмірдің шырағы
Жаным толған жақсылық
Ана. Баубек Бұлқышев
Шуағын төккен 4 жыл (бастауышпен қоштасу ертеңгілігі)
Талаптыға нұр жауар
Пәндер